Дәріс№1 Тақрыбы: Кіріспе.Қазақстан Республикасында стандарттаудың негізгі бағыты мен тенденциясы. Құзыреттіліктер



бет51/64
Дата05.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#54991
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Байланысты:
лекция

11/ сынақ зертханасы /орталығы/ - өнімнің құжат талаптарына сәйкестенуін жүргізетін орталық;
12/ сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, белгілейтін стандарттау туралы құжат;
13/ үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі орган - мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге көрсетілген заңды тұлға;
14/ мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімі – сәйкестік сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын /орталықтарын/, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттарды тіркеу есебінің құжаты;
15/ сертификаттау – дайындаушы /сатушы, атқарушымен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз мекеменің, өніміне, жұмысына қызмет көрсетуіне нормативтік кұжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы;
16/ сәйкестік сертификаты - мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша берілген, өнімнің, жұмыстың, техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсететін құжат;
17/ тауардың шығу тегінің сертификаты - өнімнің шығарылған және куәләндырылған құжаты;
18/ сертификаттау жөніндегі сарашпы-аудитор – белгілі бір қызмет саласында сертификаттау немесе тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аттестатталған маман
2-бап. Сертификаттау туралы зандар
1. Сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда осы Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.
3- бап. Сертификаттаудың мақсаттары
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады, адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
Саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірынғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажеттік жағдайлар жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет