Сараптау актісі жасау және тегінің сертификатын негіздеу. Сараптау актісін қолдан жазуға болады. Сараптау актісі /міндетті түрде бірінші данасы/ қолға беріледі.
Жіберуші __________________
/атауы, мекен-жайы, елі/
Алушы __________________
/атауы, мекен-жайы, елі/
Көлік түрі және бағдары
Тегінің елі
Түп нұсқа және
Тегінің сертификаты
Қазақстан Республикасы берген
12. Шеттен декларациясы. Төмендегі қол қоюшылар көрсеткен мәліметтер шындыққа сай келеді, сертификатталған тауар 5-те көрсетілгендей елде шыққан, тауар экспорттық шеттен жіберуші шығады.
Шеттен келтіру ұйымының өкілетті адамы.
Орны, уақыты, мөрі, қолы
Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау. Сапа жүйесін және өндірісті /ҚР БҚ 50,3.4.-94/ сертификаттау экономикалық және басқа жағдайларға байланысты туып отыр. Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау нәтижесі мынандай жағдайда қолданылуы мүмкін:
өнімді сертификаттауда;
жеткізілетін өнімге келісім шарт жасағанда;
мемлекеттік органдардың мемлекет тапсырыстарын орналастыратын кәсіпорындарды таңдап алуда;
банк ұйымдарының кәсіпорынды сақтандырудың қажеттілігін анықтағанда;
басқа жағдайларында, кәсіпорынның тұрақты қажетті деңгейдегі өнімді шығара алатындығын дәлелдегенде.
Сапа жүйесін және өнеркәсіпті сертификаттау жұмысы. Қазақстан Республикасы мемлдекеттік сертификаттау жүйесінің әрі қарай /ҚРМСЖ/ сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау органы /әрі қарай сертификаттау органы/, ол болмаған жағдайда ҚР мемстандарт комитетінің өкілетті органы жүргізеді.
Өндірісті сертификаттау жұмысы, өнімге таралатын нормалық құжаттардың талабы бойынша, сертификаттаған дайындаушы кәсіпорынның тұрақты өнім шығаруды қамтамасыз етуіне, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізеді және бағалайды.
Сапа жүйесін сертификаттау дайындаушы кәсіпорынның МЕМСТ 40.9001-40.9003 /ИСО 9001-ИСО 9003/ талаптарына сай, сапа жүйесін анықтау және бағалау.
Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі принциптері: өз еріктілігі және құпиялылығы, міндеттілігі, бағалаудың объективтілігі, бағалау нәтижесін жаңғырта алу. Өз еріктілігі- дайындаушы – кәсіпорынның ынтасымен келісімді түрде өнімді міндетті сертификаттаудың 5,6 құрылымы бойынша /ҚР СТ 3,4-94 В қосымшасы/ жүргізіледі.
Бағалау объективтілігі –сертификаттауды жүргізетін органның және эксперт-аудиторлардың осы кәсіпорынды сертификаттауда өтініш берушіден де, басқа жақтан да тәуелсіздігін қамтамасыз етуінен және сертификаттайтын эксепрт-аудиторлардың жеткіліктілігінен болады.
Бағалау нәтижесін жаңғырта алушылығы – тексеру тәсілі және өндірістің сапа жүйесін бағалау, бірдей тәсілімен жүргізуімен және толық бірлестірген талаптармен бағалауды, шынайы мәліметтерді есептеуді ұйымдастырып, құжаттарды дұрыс сақтауды қамтамасыз етуден.
Сертификаттау кезінде алынған коммерциялық құпиясы бар кәсіпорын туралы мәлімет, сертификаттау органының құжаттар, эксперт-аудиторлардың жұмыс құралдары, құпиялық талаптарына кіреді.
Сапа жүйесін сертификаттағанда және инспекциялық бағалауда, бағалау объектісі - кәсіпорынның таңдап алған үлгісі бойынша МЕМСТ 40.9001 - МЕМСТ 40.9003 /ЙСО 9001 - ИСО 9003/ талаптарына сәйкес сапаны қамтамасыз ететін және басқа жұмыстарға, белгіленген талаптар бойынша, сертификатталған өнімнің сапасын тұрақты ұстап тұратындай кәсіпорынның жағдайы мен өнімінің сапасы.
Өндірісті сертификаттағанда бағалау объектісі болып, өнімді сертификаттағанда бакылайтын өндіріс элементтерінің сипаттамасы және өнім сапасы /әрбір деректерден/.