4-бап. Сертификаттаужөніндегі жұмыстарды басқару 1.Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология
және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқылық, актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.
5-бап. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру.
1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды; стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган. Өнімді үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерде сертификаттау жөніндегі өркендеген органдар. Тіркелген сынақ зертханалары /орталықтары/.
2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірінғай саясатты жургізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға сынақ зертхана орталықтарына қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерінің мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін аудит пен инспекциялық бакылау жүргізудің тәртібін сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.
6-бап. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның сертификаттау саласындағы құқықтары мен міндеттері Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері:
мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;
сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты калыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу
міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің /жұмыстардың тауарлар мен қызмет көрсетушілердің/ тізбесін дайындау;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінде ұйымдарды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына және сертификаттау сынақтарына белгіленген жүйемен мемлекеттік сертификаттау тәртібі бойынша тіркеу;
сарапшы-аудиторларды аттестаттау;
сынақ зертхана орталықтарымен өнімді, процесстерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімін жүрізу.
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің сәйкестік сертификаттарымен белгілерінің нысандарын, оларды беру және колданудың тәртібін белгілеу;
сынақ зертхана орталықтары мен өнімді, процесстерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдардың тіркеу аттестатының күшін тоқтата тұру туралы қабылдау;
құзыретті ұйымдарға сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізіп бірақ рет рұқсат беру;
егер басқа ұйымдар шығарған сертификаттау жөніндегі құжаттар мемлекеттік сертификаттау жүйесінің талаптарына кайшы келсе олардың күшін жою туралы нұсқаулар беру;
сертификаттау ережелері мен рәсімдерінің бұзылуына кінәлі
адамдарға заңдарда белгіленген құқықтық ықпал ету шараларын
қолдану.