9-бап. Сәйкестік сертификаты. Өнімдер, үрдістер, жұмыстар, қызмет көрсетулер техникалық регламенттерге, стандарттарға немесе өзге де нормативтік құжаттарға метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгіленген үлгідегі сертификатын береді. Сәйкестік сертификаты стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган, белгіленген тәртіп бойынша сертификаттаудың мемлекеттік жүйесі тізіміне тіркелуі тиіс.
Сәйкестік белгісі сертификатталған өнімді таңбалауға арналады. Сәйкестік белгілерін қолдану тәртібін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
10-бап. Өнімді, үрдістерді жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттаудың түрлері. Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді. Міндетті сертификаттау дегеніміз – адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестік тұрғысында, міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ерікті сертификаттау өтініш берушіні дайындаушылардың сатушылардың, атқарушылардың бастамашылығы бойынша өнімнің, үрдістердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
11-бап. Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар 1.Міндетті сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды,
қызмет көрсетулерді сәйкестік сертификаты жоқ болса өткізуге
тиым салынады.
Міндетті сертификаттауға жататын Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген, өнімдерді, жұмыстарды қызмет көрсетулерді жарнамалауға тыйым салынады.
2. Міндетті сертификаттауға жататын импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарды мемлекеттік сертификаттау
жүйесінде танылатын сертификаттың және сәйкестік белгісінің
болуы көзделуге тиіс.
Міндетті сертификаттауға жататын және бөлшек саудаға арналған импортталатын өнімді беруге жасалатын келісім-шарттарда өнімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты қоса беру көзделеді, ақпараттар өнімнің елдің және дайындаушы кәсіпорынның атауы дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, қолдану әдісі /егер аталған ақпараттың болуы/ өнімнің осы түріне арналған нормативтік құжаттармен шектелсе ғана қамтылуға тиіс.