Дәріс№1№2 Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы


Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің одағы Әмір Темірдің мемлекетінің экспансисына қарсы күресі



бет21/83
Дата05.12.2023
өлшемі338,05 Kb.
#134397
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83
Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің одағы Әмір Темірдің мемлекетінің экспансисына қарсы күресі
Әмір Темір (Ақсақ Темір)
-1336-1405 жылдары өмір сүрді.
- 1370-1405 жылдары билік құрды.
- Мәуренахр бегі Тарағатай бектің баласы.
- Түркәленген барлас тайпасынан шыққан.
- «Әділдік пен күш» деп ұран тастаған тастаған әмірші
- Алғашқыда хан тағына Шыңғыс хан балаларын отырғызып, «өзін тақ иесінің өкілімін» деп атады.
- XIV ғасырда Ертістен Делиге дейінгі, Рязань жерлерінен Жерорта теңізіне дейінгі жерлерді қамтыған мемлекет құрды.
Моғолстанға жорықтары
- 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырды
- 1372-1390 жылдары Моғолстанға он шақты жорықтар жасаған
- 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жорықтар жасады
- 1376 жылы көктемде Моғолстан қолбасшысы Қамар ад-Динді талғандау үшін қыпшақ әмірі Сасық-Бға басқарған 30 мың әскерді аттандырды.
- 1377 жылы Қамар Ад-Дин Қаратау етегіндегі Бұғым шатқалында жеңіледі
- 1380 жылы Ақ Орда мен Моғолстан әміршілері Әмір Темірге қарсы одақтасты
- 1390 жылы Моғолстан Әмірге тәуелді болды
Ақ Ордаға жорықтары
- Ақ Орданың Әмір Темірден жеңілу себебі: 1376 жылы Ұрыс хан мен оның ұлы Тоқтақияның қаза болуы
- Ақ Орда ханы Темір Мәлік пен Тоқтамыстың арасында 1377 жылы шайқас өткен жер: Сауран
- 1379 жылы Тоқтамыс Темір-Мәлікті жеңіп, Сығанақты басып алды
- Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс өзін Ақ Орданың ханы деп жариялады.
- 1390 жылдары Әмір Темір мен Тоқтамыс арасында Алтын Орда жерінде талас тартыстар орын алды
- 1391 жылы Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жерде шайқас болып, Тоқтамыс жеңіледі.
16. XV-XVI ғғ.Қазақ хандығының құрылуы, оның барысы және негізгі оқиғалары.
Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.
Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет