c ==&c[0]; *c ==’0’; *(c+1) == c[1] == ‘n’; Сөз тіркестерін анықтау үшін нұсқауыштарды мынадай түрде сипаттауға болады:
char *c1 = “\n студенттер саны”; осы сипаттауға эквивалентті болып келесі сипаттау есептеледі:
static char c1[]=”\n студенттер саны”; Осы қарастырылған екі сипаттау да с1 тіркесінің нұсқауыш екенін білдіреді. Компьютер жадының қажетті көлемін айқын көрсетуге де болады. Мысалы, сыртқы сипаттауда келесі жолдың мынадай түрде жазылғаны көрсетілген.
char c[25]=”Білім - өмір шырағы”; Элементтердің саны жолдың ұзындығынан бір символ артық болуы керек, яғни оның ең соңында ‘\0’ символы болуы тиіс.
Статикалық немесе сыртқы жиымдағы бұрынғы қарастырылған әдеттегі жиымдар оларды қолдану кезінде автоматты түрде 0-мен инициалданған болатын. Ал сөз тіркестерін пайдалану кезінде де статикалық немесе сыртқы жиымдар солар тәрізді 0 символымен инициалданады.
Сөз тіркестерін енгізу функцияларыscanf(), gets(str). Scanf() функциясы тіркестік айнымалылар мәнін %s форматымен енгізеді, бірақ ол тіркесті тек бірінші босорын таңбасына дейін ғана енгізе алады.
Ал gets(str) функциясы арасында босорыны бар тіркестерді енгізеді, енгізу ENTER пернесімен аяқталады.
Екі функция да тіркес соңына нөлдік байт қосып жазады. Оның үстіне тіркес – символдық жиым болып, ал жиым аты – оның компьютер жадындағы алғашқы адресіне сілтеме болғандықтан, тіркестік айнымалы атының алдына «&» символы жазылмайды.
Сөз тіркестерін шығару функциялары сprintf(),puts(),cputs() printf() – экранға формат арқылы сөз тіркесін шығарады;
сprintf() – экранға printf() сияқты формат арқылы сөз тіркесін шығарады, тек олардың түстерін textcolor() және textbackground() функциялары арқылы өзгертуге мүмкіндік береді;
puts(str) – экранға сөз тіркесін шығарып, курсорды бірден келесі жолдың басына алып барады, мұндағы str – тіркестік константа немесе тіркестік айнымалы. Бұлар stdio.h тақырып файлы бойынша жұмыс істейді.
Екі функция да символдық жиымды нөлдік байтқа дейін шығарады. printf() функциясы символ тіркесі шығарылған соң, курсорды келесі жолға көшірмейді, ол үшін арнайы формат (\n) жазылуы тиіс. Ал puts() функциясы символдар шығарылған соң, автоматты түрде курсорды келесі жол басына көшіреді.