scanf("%d%d%d",&a,&b,&c);
p=(a+b+c)/2.0;
s=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c));
printf("s=%f",s);
}
Программадатүсініктемелерберуүшін/* және */ таңбаларықолданылады, олардыңішінеқазақша, орысша, ағылшыншасөзтіркестерінжазуғаболады.
Препроцессордирективалары#include сөзіненкейінжазылады, stdio.hтіркесіенгізу/шығаруоперацияларыорындалатынынбілдіреді. Алmath.hсөзтіркесіпрограммадаматематикалықфункцияларпайдаланылатынынкөрсетеді (3.2-сурет).
Басты функция main() аргументсіз жазылған, сол себепті жақша ішінде ешнәрсе көрсетілмеген. Ал функция тұлғасы операторлардан (немесе басқа функциялардан) тұруы тиіс. Int түйінді сөзі a,b,c айнымалыларының бүтін мән қабылдайтынын, float түйінді сөзі p,s айнымалыларының нақты мән қабылдайтынын сипаттап тұр.
Келесі жол үшбұрыш қабырғаларын енгізуді талап ететін сөз тіркестерін экранға шығарады, мұндағы \n таңбалары сөз тіркесі алдында және одан кейін курсор бір жол төмен түсетінін көрсетеді. Scanf сөзінен басталатын жол a,b,c мәндерін пернелерден қабылдайды, сонан кейін жарты периметр есептеліп, аудан мәні анықталады да, соңғы нәтиже экранға шығарылады.
1.1 Тілдің құрамы
Кез келген табиғи тілдің мәтініндегі төрт негізгі элементті көрсетуге болады: символдар, сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер. Осындай элементтер алгоритмдік тілдерде де болады, мұнда бірақ сөздер – лексемдер (қарапайым конструкциялар) деп, сөз тіркестері – өрнектер деп, ал сөйлемдер – операторлар деп аталады. Лексемдер симолдардан тұрады, өрнектер – лексемдер мен символдардан, ал операторлар – символдардан, өрнектерден және лексемдерден тұрады (3.3 сурет):
Т ілдің алфавиті немесе оның символдары – бұл бөлінбейтін негізгі белгілер, солардан тілдің барлық мәтіндері құрастырылады.
Лексем – қарапайым конструкция, ол өзіндік мағынасы бар тілдің ең кіші бірлігі.
Өрнектер белгілі бір мәнді есептеу ережесін береді.
Оператор белгілі бір әрекеттің аяқталған сипаттамасынан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |