1) strlen(str)функциясы str сөз тіркесіндегі символдар санын (соңғы нөлді есепке алмайды), яғни жолдың ұзындығын анықтайды, оның типі int, тақырыптық файлы <string.h>.
2) strcat(stroka1,stroka2) функциясы қатарларды біріктіру үшін қолданылады. Ол stroka1 және stroka2 тіркестерін біріктіріп, нәтижені stroka1 айнымалысына меншіктейді, stroka2 тіркесінің мәні өзгермейді
3) strcmp(stroka1,stroka2) функциясы екі сөз тіркесін салыстыру үшін қолданылады. Егер олар бірдей болса, функцияның мәні 0-ге тең болады, әйтпесе ол екі тіркестің айырмасын береді. Егер stroka1 болса, нәтиже 0-ден кіші, ал stroka1 > stroka2 болса, нәтиже 0-ден артық болады. Көбінесе бұл тәсіл екі тіркестің бірдей еместігін анықтау үшін ғана қолданылады.
4)strcpy(str1,str2) функциясы сөз тіркесінің көшірмесін алу үшін қолданылады, мұнда str2 айнымалысындағы сөз тіркесі str1 айнымалысына көшіріледі. Мысалы:
// strcpy(str1, str2) функциясын пайдалану #include #include #include main () {char str1[21]; strcpy(str1,"Хал қалай, Азат?"); puts(str1); strcpy(str1,"Тамаша!"); puts(str1); getch(); } 5) strstr(str1,str2) функциясы 2-ші көрсетілген жолды 1-ші жолдың ішінен іздейді.
6) strset(str,ch) функциясы берілген қатардағы барлық символдарды көрсетілген символға (char ch) ауыстырады.
7) strtod(str1,str2)функциясы берілген қатарды double типті санға ауыстырады.
8) strchr(str,c) функциясы берілген қатардағы коды көрсетілген символдың позициясын анықтайды.
9) strrev(str) функциясы берілген қатардың барлық символдарын керісінше бейнелейді.
10) strpbrk(str1,str2) функциясы 2-ші қатардың кез келген символын 1-ші қатардан іздейді.
Бақылау сұрақтары
Тіркестік айнымалылардың сипатталу тәсілдері қандай?
Тіркестік айнымалы қандай идентификатормен және қалай анықталады?
Бір тіркестік айнымалыға немесе тұрақтыға қанша символ жазуға болады?
Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?
Тіркестік өрнектер дегеніміз не?
Тіркестік айнымалылар мен тұрақтыларға қандай амалдар қолданылады?
Тіркестің ішкі символдарын қалай бөліп алуға болады?
Си тілінде сөз тіркестерін өңдейтін қандай функциялар бар? Оларды қалай пайдаланады және олар қалай жазылады?
11 лекция. С тілінде құрылымдарды пайдалану
С тіліндегі құрылымдар өзара логикалық байланысқан әртүрлі типті мәліметтерді байланыстырады. Мәліметтердің құрылымдық типтері келесі сипаттаумен анықталады: