Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы


fopen ("файл адресі/аты","қатынасу типі")



бет35/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Байланысты:
Программирование лек 2

fopen ("файл адресі/аты","қатынасу типі");
ол файлға нұсқауыш мәнін қайтарады немесе қате болса, NULL мәнін береді.
Мысалы, мынадай оператор орындалуы нәтижесінде
fp = fopen ("ex1.txt", "w");
жұмыс бумасындағы ex1.txt файлы оған мәлімет жазу (write) үшін ашылады, ал прог­раммада бұл файлды fp нұсқауышы арқылы пайда­ланамыз (яғни fopen() функциясы файлдың сыртқы атын оның прог­раммада қолданы­латын ішкі логикалық атымен байланыстырады).
Сонымен, файлды ашатын fopen() функцияcының жалпы жазы­луы:
fp = fopen(name,mode)
мұнда fp – файлға сілтейтін нұсқауыш; name – файлдың адресін де көрсетуге болатын аты, көбінесе символдық тіркес арқылы жазылады; mode – файл қандай режимде қолданылатынын көрсе­те­тін параметр, бұл да символдар тіркесімен төмен­дегідей түрде жазылады:
"r" – файлды оқу үшін ашу (файл бұрын ашылған болуы тиіс);
"w" – бос файлды информация жазу үшін ашу;
"a" – файл соңына мәлімет қосып жазу үшін оны ашу;
"r+"– файлдан информация оқу және оған информация жазу үшін ашу);
"w+"– бос файлдан информация оқу және оған мәлімет жазу үшін файл ашу (бұрын файл болса, ол өшіріледі);
"a+"– файлдан мәлімет оқу және оның соңына мәлімет қосып жазу үшін ашу).
"t" – файл мәтіндік режимде ашылады, ол rt, wt, at, т.с.с. болып көрсетіле береді.
"b" – файл екілік режимде ашылады, rb, wb, ab, т.с.с. болып көрсетіле береді.
Келісім бойынша файл көбінесе мәтіндік режимде ашылады.
Файлмен жұмыс істеп болған соң, оны жабу үшін келесі функция қолданылады:
fclose(файл_нұсқауышы).
Файлға мәлімет жазу/оқу үшін жалпы енгізу/шығару функция­лары тәріздес бірсыпыра функциялар пайдаланылады:
fprintf(), fscanf(), fputs(), fgets(), getc(), putc(), fgetc(),fputc().
Бұлардың ішіндегі getc()/fgetc(),putc()/fputc()функ­циялары әрекеттері ұқсас, айырмашылықтары тек getc() пен putc() макроанықтаулар да, aл fgetc() және fputc() – нағыз функциялар болып табылады.
Барлық файлдық функциялар прототиптері файлында орналасқан.
Файлдардан мәлімет жазу/оқу әрекеттерін үш топқа бөлуге болады:
- символдарды енгізу/шығару операциялары;
- сөз тіркестері жолдарын енгізу/шығару операциялары;
- блок бойынша енгізу/шығару операциялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет