Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы


лекция. Графикалық режимде жұмыс істеу



бет38/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Байланысты:
Программирование лек 2

13 лекция. Графикалық режимде жұмыс істеу
С тілінде растрлық графика жұмыс істейді, оның тақырыптық файлы graph.h. График нүктелерден – пиксельдерден тұрады. Пиксель – экранның адрестелетін ең кіші элементі. Алдымен графика шығара алатын бейнережимді іске қосу керек. Мұнда экранның пик­сель­­мен берілген мөлшері және түстер саны беріледі.

Графикада үш координаталық жүйе: абсолюттік, салыс­тырмалы және масштабталған жүйе қолданылады. Тіке және көлденең өстер бойынша пиксельдер саны экран типіне байланысты болады.


Абсолюттік координатада координаталар басы – (0;0) нүктесі сол жақ жоғарғы бұрышта болып саналады, х координатасы солдан оңға қарай, у координатасы жоғарыдан төмен қарай өседі.


Салыстырмалы режимде координаталар басы экранның кез кел­ген нүктесіне ауыстырыла алады.


Масштабталатын режимде экран бетінде масштабталған коор­ди­на­талар беруге болады, онда х пен у өстері бойынша минимум және максимум мәндер енгізіп, жұмыс істеуге мүмкіндік бар.
Жалпы абсолюттік графикалық режимде (13.1 сурет)

  • әрбір

  • пиксель берілген 16 түстің біріне боялады;

  • (0,0) – экранның сол жақ жоғарғы бұрышы координатасы;

  • (639,479) – оң жақ төменгі бұрышы координатасы болады;




  • әр түрлі фигураларды экранға шығару үшін алдын ала графикалық режимді іске қосып алу керек.



Жалпы дисплей адаптерлері


графикалық режимде 200, 350,
600 нүктелерден тұратын
экран жолдарының әрқайсысында 640, 720, 800 нүктелер тізбегін бейнеле алады. Мұнда­ғы нүкте деп отырғанымыз –
көлемі 0,8х1 мм2 шамасында болып келген (CGA) кішкен­тай тіктөрт­бұрыш, яғни пиксель.

Әрбір нүктенің координаталары екі бүтін санмен (Х, У) анық­та­лады. Дисплей экранына график салу үшін оның нүктелерінің коор­динаталарын көрсету қажет. Координаталар басы (0,0) болып экран­ның сол жақ жоғарғы бұрышы есептеледі. Х координаталары (баға­налар немесе позициялар нөм­ір­лері) солдан оңға қарай, ал У мәндері (жолдар немесе қатарлар) жоға­ры­дан төмен қарай өсіп отырады. Мысалы, VGA адапте-рінің экран бұрыш­тарының коор­динаталарын Х=0..799, Y=0..599 аралығында көрсету қажет. Экранда Х өсі солдан оңға қарай, Y өсі жоғарыдан төмен қарай бағыт­талған, ал оның шеткі нүктелерінің координаталары суретте көрсетілген.


График тұрғызу үшін оны шығару немесе бастау нүктесін көрсету қажет. Мәтіндік режимде ол курсор позициясы болып саналады, ал графикалық режимде көрініп тұратын курсор жоқ, бірақ экранда көрінбейтін курсор тәрізді сілтеме белгі CP (current poіnter) бар. Негі­зінде оны да курсор деп қабылдауға болады.


Графикалық режимдегі жұмыстарды атқаратын Турбо Си нұсқа­сында бірсыпыра графикалық функциялар бар, енді біз солардың негіз­гілеріне тоқталып өтеміз.
Графикалық режимде жұмыс істеу былай басталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет