Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы



бет41/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49

Экранға мәтін шығару функциясы


outtext (“Мәтін”);

қостырнақшаға алынған мәтінді курсор тұрған орыннан бастап экранға шығарады. Мәтін ішінде басқару символдары болмауы тиіс, мысалы, \n.


Шығарылатын символдар түсі setcolor, шрифт типі — settextstyle функцияларымен беріледі. Мысалы:
setcolor(4); moveto(250,10);
outtext(“Омаров Марат”);

Экрандағы көрсетілген орынға мәтін шығару функциясы


outtextxy(x,y,“мәтін”);

Курсорды алдымен х, у нүктесіне орналастырып алып барып, мәтінді экранға шығарады. Мәтін шығарылған соң, курсор бұрынғы орнында (х,у)қалады.


Шығарылатын символдар түсін – setcolor(), қаріп типін — settextstyle() функциясы­мен беруге болады. Мысалы:


setcolor(4);
outtextxy(250,2,"Омарова Айман");
Компьютер бейнежадына пиксел жазу функциясы
putpixel(x,y,Түсі);

координатасы (х, у)пиксел-нүктеніТүсі санынабайланысты бояп шығады.Түсіағыл­шынша сөзбеннемесекодпен беріледі. Бұл функ­цияны цикл ішіне орнатып, сызықтар сызуға болады.


Түрлі сызықтар салу үш функция арқылы орындалады
1) line (x1,y1,x2,y2);


x1,y1 нүктесінен x2,y2 нүктесіне дейін сызық сызады, бірақ мұнда курсор орны өзгермейді.
2) lineto (x,y);

Курсор тұрған нүктеден х,у нүктесіне дейін сызық салады, мұнда курсор бұрынғы орнынан жаңа орынға ауысады.


3)
linerel (dx,dy);

Курсор тұрған х,у нүктесінен х+dx,у+dy нүктесіне дейін сызық салады, яғни сызық координаталары салыстырмалы түрде беріледі. Мұнда да курсор бұрынғы орнынан жаңа орынға ауысады.


Сызықтар осыған дейінгі setcolor() функциясы тағайындаған түс­пен және setlinestyle() функциясы арқылы орнатылған стильмен сызылады.
Геомет­риялық фигуралар сызықтарының қалыңдығы мен түр сипатын беру функциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет