15. 1-сурет. ТурбоС біріктірілген ортасы Терезені үлкейту үшін Alt+Enter пернелерін басу керек, редактор терезесін экранды толық алатындай етіп үлкейту үшін, оның оң жақ жоғарғы бұрышындағы тілсызық [] батырманы шерту керек. Ал терезені жабу үшін – сол жақ жоғарғы шеттегі төртбұрышты батырманы [] шертеміз. ТурбоС-ден шығу үшін Alt және X (латын) пернелерін қатар басу керек.
Терезе нөмірі оның оң жақ жоғары жағында орналасады. Керекті терезеге (1 – 9 ) көшу үшін:
- Alt+0 пернелерін басқанда шығатын терезелер тізімінен керектісін таңдау арқылы;
- Alt+5 деп терезе нөмірін 5-ті енгізіп көшу;
- F6 пернесі арқылы терезелердің бірінен біріне көшуге болады.
F5 пернесі арқылы терезені үлкейтуге немесе аздап кішірейтуге болады. Меню жолында 11 команда бар, олар әр түрлі қызметтер атқарады, әр менюді таңдағанда, оның ішкі командалары ашылады. Солардың кез келгенін таңдап орындай аламыз.
18.2. Меню командалары
Программа іске қосылып, терезе ашылғаннан кейін, курсор жұмыс алабында тұрады.Меню қатарына F10 пернесі арқылы шығып, ESC арқылы жұмыс алабына ораламыз. Меню командаларын және төменгі сатылы командаларының қажеттісін ← ↑ → ↓ бағыттауыштар арқылы таңдай аламыз. Команданы орындау үшін Enter пернесін басамыз.
Осы әрекеттерді тышқан қолтетігімен де қалыптағыдай етіп орындауға болады.
Командалар тізімі •Ё– қосымша әрекеттер орындау.
•File (файл) – файлдармен жұмыс істеу.
•Edit (түзету) – ашық терезедегі мәтінді түзету режимдерін орындау.
•Search (іздеу) – іздеп табу әрекеттерін орындау.
•Run (атқару) – программаны орындау.
•Compile (компиляция) – программаны компиляциядан өткізу.
•Debug ( отладка) – программаны жөндеу.
•Options (варианттар) – орта параметрлерін тағайындау.
•Windows (терезе) – тереземен жұмыс істеу.
• Help (көмек) – анықтамалық жүйеден көмек алу.