Экранға мәтін шығару функциясы
outtext (“Мәтін”);
қостырнақшаға алынған мәтінді курсор тұрған орыннан бастап экранға шығарады. Мәтін ішінде басқару символдары болмауы тиіс, мысалы, \n.
Шығарылатын символдар түсі setcolor, шрифт типі — settextstyle функцияларымен беріледі. Мысалы:
setcolor(4); moveto(250,10);
outtext(“Омаров Марат”);
outtextxy(x,y,“мәтін”);
Курсорды алдымен х, у нүктесіне орналастырып алып барып, мәтінді экранға шығарады. Мәтін шығарылған соң, курсор бұрынғы орнында (х,у)қалады.
Шығарылатын символдар түсін – setcolor(), қаріп типін — settextstyle() функциясымен беруге болады. Мысалы:
setcolor(4);
outtextxy(250,2,"Омарова Айман");
Компьютер бейнежадына пиксел жазу функциясы
putpixel(x,y,Түсі);
координатасы (х, у)пиксел-нүктеніТүсі санынабайланысты бояп шығады.Түсіағылшынша сөзбеннемесекодпен беріледі. Бұл функцияны цикл ішіне орнатып, сызықтар сызуға болады.
Түрлі сызықтар салу үш функция арқылы орындалады
1) line (x1,y1,x2,y2);
x1,y1 нүктесінен x2,y2 нүктесіне дейін сызық сызады, бірақ мұнда курсор орны өзгермейді.
2) lineto (x,y);
Курсор тұрған нүктеден х,у нүктесіне дейін сызық салады, мұнда курсор бұрынғы орнынан жаңа орынға ауысады.
3)
linerel (dx,dy);
Курсор тұрған х,у нүктесінен х+dx,у+dy нүктесіне дейін сызық салады, яғни сызық координаталары салыстырмалы түрде беріледі. Мұнда да курсор бұрынғы орнынан жаңа орынға ауысады.
Сызықтар осыған дейінгі setcolor() функциясы тағайындаған түспен және setlinestyle() функциясы арқылы орнатылған стильмен сызылады.
Геометриялық фигуралар сызықтарының қалыңдығы мен түр сипатын беру функциясы
Достарыңызбен бөлісу: |