Шеңбер сызу функциясы
circle(x,y,r);
радиусы r (бүтін сан), центрінің координаталары (х, у)болатын шеңбер сызады.
Сызық түсі setcolor () функциясымен беріледі. Мысалы, қызыл түсті 5 шеңбер сызайық:
...
setcolor(RED);
for (r=5;r<=25; r+=5)
circle(320,240,r); ...
Доға сызу функциясы
arc(x,у,БұрышБасы,БұрышСоңы,Радиус);
центрінің координатасы (х, у), радиусы берілген доға сызады. БұрышБасы,БұрышСоңы параметрлері бұрышты градуспен горизонталь х өсінен бастап, сағат тіліне қарсы бағытта береді. Радиуспараметрідоға радиусын бүтін санмен береді. Бұрыштар мәні периодына сәйкес эквивалентті түрде [0..360] интервалындағы мәндерге келтіріледі. Мысалы, arc(х,у,-45,45,r) және arc(х,у,675, -315,r) шеңбердің бір ширегіне сәйкес бір доғаның екі түрде берілуін көрсетеді.
Эллипс доғасын сызу функциясы
ellipse(x,y, БұрышБасы,БұрышСоңы,rх,rу
);
центрінің координаталары (х, у) эллипс немесе эллипс доғасын (17.4 сурет) сызады.БұрышБасы,БұрышСоңыпараметрлері доғаның басы мен соңын градуспен сағат тіліне қарсы береді.rx,ryпараметрлері эллипстің көлденең және тік радиустарын береді. Эллипсөстері
координаталар өстеріне параллель болады.
fillellipse (х,у, rх,rу);
мұндағы х, у – центр координаталары;
rх, rу – пикселмен берілген эллипс жарты өстері радиустары.
Эллипс өстері координат өстеріне параллель болады. Эллипс ағымдағы түспен боялып шығады.
14.4 сурет. Эллипсдоғасын салу
Іші боялған дөңгелек сектор сызу функциясы
Достарыңызбен бөлісу: |