Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті



бет50/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72
4. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті. Педагогикада қарым - қатынас адамдар арасында байланыс түзетін және мәміле орнататын, өзара мәлімет алмасуына, өзара ықпалдастығына, субъектілердің бірін-бірі қабылдауын жүзеге асыратын іс-әрекет түрі (Пед сөздік. 90б).
Психологияда қарым – қатынас психикалық түйісу ретінде адамдар арасындағы мағлұмат алмасу, өзара ықпал ету, түсінісу мен ортақ сезімді бастан кешуін туындататын байланыс.
Педагогикалық қарым – қатынастың ақпараттандыру моделі көбінесе ақпарат беру және алу үшін қолданылады. Демек оқу үрдісіндегі оқушы мен оқытушының қарым - қатынасы осы модельге негізделеді. Бұнда жаңа мәлімет беру, ахуалды түсіндіру, оның жаңа тұстарын түсіндіру іске асырылып, дәлелдер, айғақтар, статистикалық мағлұматтар келтіріліп жаңа білім қалыптастыру не болмаса кездейсоқ жағдайдың ұтымды шешімін табуға шарт түзеді. Адамдар тобына немесе ұжымға мағлұматтар беруде (дәріс, семинар, сыныптағы сабақ) жалпы ұстанатын ережесі бар.
Сондықтан мәлімет беруден бұрын оны жақсылап біліп алу, жеткізу тәсілдерін, тыңдаушыларды қызықтыратын тұстарына назар аудару қажет. Педагогикалық қарым - қатынастың ақпараттандыру моделіне баяндама, мәлімет беру, айтып беру, әңгімелеу, дәріс, сабақ, семитнар, консультация, реферат, оқу, теле- радио, компьютер, интернет, белсенді тақта пайдалану жатқызылады.
Педагогикалық қарым - қатынастың нандыру моделі педагог оқушы санасындағы жаңсақ пікірді жойып, оның орынына жаңа, дұрысын сіңіруді көздейді. Нандыру - тұлғаның санасын қалыптастыру тәсілі, ол белгілі бір пікірді орнықтыру мақсатында, білім негіздерін меңгертуде қолданылады. Нандыру оқу үрдісінде ғылыми негізделген теориялар, ереже, қағида, ұстаным, ұғымдар, түсініктер, айғақтар, дәлелдер т.б. негізді және тексерілгендігіне оқушылардың сенімін нығайтады. Нандырудың бірқатар ұстанымдары бар: жағымды, жылы шырай таныту нандыруда маңызды; сөз түрінде нандыру ұтымды алайда, баспа сөз және жазу түріндегі мәліметтерді сөзбен астарластыру оның нанымдылығын күшейтеді; талқылап отырған мәлімет көпке тиесілі болғанда ғана эмоционалды жеткізу қызықтырады; мағлұматтарды сандар, сызбалар, кестелер, үлгілермен жабдықтау қабылдау ұтымдылығын арттырады; ақпаратты басқаларға жеткізу шеберлігі де маңызды, коммуникативті техника ұғымы проблеманы қоя білу және оны шешу жолдарын іздестіруде оның нұсқалары, амалдарын, маңызды тұстарын жақсы және нашар жақтарын көрсету маңызды; ұсыныстың ұтымды тұстарын көрсету - әріптесіне пікір білдіру, ойлануға мүмкіндік беру; ұсыныстың маңыздылығына иландыру, т.б.
Педагогикалық қарым – қатынастың шұғыл моделі педагогикалық үрдісте туындап тұратын түрлі қарама-қайшылықтар, қақтығыстар, талас - тартысты ахуалдар секілді табан астында және әріптестердің әрқайсысына тиімді әрі шұғыл шешуді ұйымдастыру. Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілік педагогикалық қызметте кездесіп тұрады. Сондықтан педагог ғалымдар оны шешудің жолдарын анықтап көрсетеді: алдымен қақтығыс ахуалын меңгеру керек. Ол үшін екі жақтың да қызуқандылығын тоқтатуы, педагог өзін жөнге салшуы тиіс, мысалы дене шымырқануын басуы, дөрекі және мақсатсыз қимылдарын тоқтатуы. Сырт көзге тоқтау, салмақты көрінуі, ұстамдылық танытуы керек; өз мінез-құлқымен әріптесіне ықпал етуі, өзін тоқтатып, әріптесінің бетіне тура қарап оның көңіл күйін пайымдау; әріптесінің бұндай мінез көрсетуінің мотивін анықтауға ұмтылу, ойша талдау. Оқу үрдісінде пайда болатын пікірталас, пікірсайыстар, сөз қақғыстыру, ұрыс-керіске айналып кетпеуін педагог білгірлікпен бақылап отыруы тиіс.
Педагогикалық қарым - қатынастың иландыру моделі жай ғана сөйлеу емес, сөз арқылы иландыру, педагогикалық практикада кең таралған. Бұл ретте И.Е.Шварц осы тәсілді оқу үрдісінде және тәрбиелелуде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырған. Иландыру тәсілі педагогикалық кеңесте, жекелеген тұлғалардың мотивтеріне ықпал етуде маңызды. Оқу үрдісінде көрсете отырып, түсіндіру (иллюстративті түсіндірушілік), алған білімінің практикалық мүмкіндігіне, өмірлік мәнділігіне иландыруда білімнің маңызыдылығын оқушының санасында тұрақтандыруда ықпалы зор. Иландыру (суггестия) бір адамның не адамдар тобының басқаларының сеніміне, нанымына, шешімдеріне әсер ету арқылы өзгертуді көздейтін психологиялық тәсіл. Мұнда ықпалға түскен адам өзінің өз мотивацияларынан айрылып, не оны өзгертіп өзін бақылай алмай қалады. Психологтар адам қатты ашуланған не болмаса күйзелген жағдайда иландыру арқылы ықпал ету ұтымды деп көрсетеді. Иландыру тәсіліне жылдам берілетін ахуалдар: өзіне сенімі жоқтығы; абыржу, мазасыздану; жасқаншақ, тартыншақ, өзін төмен бағалаған жағдай; өзін әлсіз сезінген жағдай; жоғары эмоционалды, әсерленгіштік ахуалы; логикалы талдауының нашарлығы; беделділерге қатты сенген жағдай. Иландырудың тетігі алдымен сезімге сол арқылы санаға ықпал ету болып табылады. Ол сөз түрінде, қимыл - әрекет түрінде, дауыс немесе дыбыстар, заттардың қозғалысы түрінде болады. Ашық және құпия түрде ісуке асырылуы да мүмкін. Сөзге иландыру үшін дәлелдерді пайдалану да тиімді.
Педагогикалық қарым – қатынастың жоралғылық моделі педагогикалық ахуалда өзара бір шешіміге келу, тоқтамға келу, келісімге келу, ірі, шағын топтардағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды реттеу, ұйымдар, корпорацияларда дәстүрді сақтау, салт дәстүрлерді ұйымдастыруда қолданылады. Оқу орындарында ерекшеліктеріне байланысты өзінің дәстүрі болады. Соларды жүзеге асыруда, ұйымдастыруда салтқа байланысты белгілі бір нормаларға сай қарым-қатынас орнайды.
Педагогикалық қарым – қатынас (стилі) педагогтың басты міндеті соларға өз білгенін жеткізу, көз көрнеу үлгі болу, басты құралы сөз. Ұстаз сөзі шәкіртіне білім беру, не болмаса тәрбиелелу әйтеуір бір «жақсыны» жеткізу, сол арқылы ықпал ету. Мектепте мұғалімнің, жоғары оқу орындарында ұстаздың іс-әрекеті, жүріс - тұрысы ғана емес, сөйлеген сөзі де әрқашан тәрбиелік мағынаға ие. Оқу іс-әрекеті кезінде білім беру мен қатар ұстаздар қарым - қатынас үлгісін көрсетеді және соған үйретеді.
Қарым - қатынастың ең тиімділігі ізгі ниетте екені белгілі. Кейінгі кезде оқыту мен тәрбиені ізгілендіру мәселесі жиі көтерілуде, мысалы «қызметтестік педагогикасы» осыған негізделеді. Бұның басты ерекшелігі оқушы мен оқытушы арасында тең құқылы, субъект - субъект сипатындағы қарым - қатынастың орнауы. Бұл тұлғааралық немесе диалог түрінде жүзеге асады. Ол үшін оқытушы мен оқушыда ізіглікті мәндегі коммуникативтілік қалыптасуы тиіс: психологиялық, тәжірибелік, қарым-қатынас мәдениеті, адамның құнды тұстарын ажырата білуі қажет.
Оқушыларда, тыңдау және сөйлеу, сұрақ қою және жауап беру, өз пікірін дәлелдеу және оны қорғау, басқалармен араласу т.б. қалдыптастыру үшін, педагог өзі коммуникативтік білім, білік, дағдылар мен сөйлеу мәдениетінің озық үлгілерін көрсетуі тиіс. Педагогтың мұндай қасиеттері жұмыс барысында, өмірлік тәжірибесі арқылы қалыптасады. Бұл ретте педагогикалық қарым - қатынастың мынадай екі түрін атап көрсетуге болады: жалпы қарым-қатынас ұстанымдарының болуы, мысалы, моделі-үлгісі, түрлері, формалары, технологиясы мен техникасы; қарым-қатынастың жеке тұлғаға ғана қатысты ұстанымдары - немесе оның өзінің ғана нұғы, мысалы, нақты мәміле тәсілдері мен құралдары, білімі мен тәжірибесі болып ол қарым қатынас ахуалына, әріптестердің ерекшеліктеріне т.б. байланысты;
Педагогтың қарым – қатынас мәдениеті тек оның өзі үшін ғана емес, оны қоршаған әлеуметтік орта үшін де маңызды. Сөз түрінде мәміле орнатуда адамдар арасындағы жас ерекшеліктері, өмір тәждірибесінің әр түрлі болуы, оны күрделендіреді. Педагог маманның ерекшелігі осы айырмашылықтардан туындайтын кедергілерді жеңе білуі. Әріптестердің білімі, тәрбиесімен бірге зерделік дейгейі, эмоционалды ерекшеліктері, әлеуметтік даму дәрежесі де өзара мәміле орнатуға ықпал етеді.
Педагогикалық жұмыста тек жағымды жағдайлар емес, керісінше теріс мінезді оқушылар, сөз тыңдай алмайтындар, көңіл күйі құбылмалы не болмаса тұйық мінезді, әртүрлі оқушылармен сөйлесуге, мәмілелесуге тура келеді. Педагогтың міндеті оларға тәрбиелік ықпал етіп, өзгеруіне жол ашатын әсер қалдыру, білдіру, үйрету, дағдыландыру, дамыту, қайта тәрбиелелу болғандықтан, өз қарым - қатынасы арқылы белгілі бір оң нәтиже алуға ұмтылу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет