Байланысты: Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1
5. Алдын-ала қақтығыс жағдайларын болжау және рұқсат беру. Конфликтологияның басты міндеті – тек танымдық теориялық деңгейде ғана емес, тәжірибеде адамдарға конфликтілі жағдайлармен не істеу керектігін түсіндіріп беру. Әр адам өзінің өмірлік жинаған машығына байланысты, өз пайымдауына байланысты кездесіп жатқан конфликтіні өз көзқарасы тұрғысынан шешеді. Адам қақтығыстық жағдаятқа түскенде белгілі бір стратегияны және мінез-құлық стилін таңдауы қажет. Бұл жағдаяттарды екі тұрғыдан алып қарастыруға болады. Біріншіден, оның пайда болып, өрши түсу заңдылықтарын біліп жүрген адам қақтығыс басталмай тұрып алдын алады. Екіншіден, ол қақтығыстың неден пайда болғанын анықтайтын жағдаятты талдау техникасын меңгеруі тиіс. Қақтығыстық жағдаятта адамдар саналы түрде белгілі бір стилді таңдайды. Нақты жағдайда мінез-құлық стилі өзіндік қызығушылықты қанағаттандырумен, пассивті және активті әрекетпен, басқа жақтың қызығушылығымен, бірлесе отырып не жеке әрекет етумен анықталады. Психологтар мінез-құлық стилінің бес типін ұсынады: бәсекелестік; ауытқу, жалтару, қашып кету; бейімделу; ынтымақтастық; келісім, ымыраға келу.
Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы туындайтын қақтығыстарды түгелдей болдырмау мүмкін емес. Мектепте баланың жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар арасындағы кикілжіңдердің интенсивтілігін өзгертуге болады.
Д.Шапиро мектептік делдалдылықтың келесі позитивті функцияларын көрсетеді: кикілжіңдерді шешудің альтернативті жолдары туындайды. Оқушылар арасындағы кикілжіңді болдырмау үшін, оларға өздерімен жасты оқушылар көмектеседі, мұнда олар әдеттегідей үш мүмкіндіктерді қолданады. Мектептің әкімшілігінен көмек сұрау, төбелесу немесе даулы ситуациядан аяқ тарту; кикілжің оң процеске айналады. Делдалдылыққа бірлесіп әрекеттесуі, «жеңу-ұтылу» принципі бойынша емес, кикілжіңнің бір-бірінің қызығушылықтарына сай шешілу мүмкіндіктерін ашады. Бір-бірімен қарым-қатынасқа түсушілігі жақсарады. Кикілжіңге сай кернеу мен ызалану сезімдері басылады, мектептегі ортақ атмосфера және оқушылар арасындағы қарым-қатынастар жақсарады; мектеп өміріне делдалдылықты енгізу тәртіпті жақсартады, оқушылардың сабақтан шеттетілуі азаяды. Оқушылар кикілжіңді тек шешу жолдарын ғана үйренбейді. Делдалдылыққа иелену процесінде оқушылар белсенді тыңдау дағдыларын, лидерлік және басқада пайдалы коммуникативті әрекеттерді үйренеді. (Шапиро, 1997)
Джонсон Дардтың пікірінше делдалдылыққа үйрету үшін үш жағдай қажет: кооперативті оқыту, медиация және оқу дискуссиялары.
Кооперативті оқыту қақтығысты конструктивті түрде шешіле алатындай контекст тудырады. Егер мектеп біреудің арқасында өзінің ұтуы үшін қарсыластық ориентациясын қойса, онда оқушыларға кикілжіңдерді конструктивті шешуге үйрету немесе оқытудың маңызы аз. Кооперативті оқыту өзіне көздеген мақсатына жетуіне бағытталған күштерді (нәтижелілігі, оқу материалының тұрақтылығы, ішкі мотивацияны, мақсатқа жету мотивациясын қосқанда), ең жақсы психологиялық қасиеттерді (психологиялық денсаулығын, өзін-өзі бағалауын және әлеуметтік алатын орнын қосқанда) құрайды. Кооперативті оқытудың осы эффектілерінің барлығы бір-біріне әсер етеді. Кооперативті контексттің құрылуы кикілжіңдерді конструктивті басқаруына арналған оқыту процедураларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқу дискуссияларының жағымды жақтарын: кооперативтілік пен кикілжіңді де қамтиды. Авторлар оқу дискуссияларының әртүрлілігін (полемика) және қарапайым индивидуалды оқытудың, дебаттардың әртүрлілігін бөліп көрсетеді және келісім жолдарын іздейді. Оқу дискуссияларын ұйымдастыру үшін оқушыларға тақырып ұсынылады, екі-екеуден бөлініп, қарама-қарсы позицияларын қорғауға дайындалады. Джонсон Дард полемика процесін бес негізгі сатыдан тұрады деп қарастырады: ақпарат ұйымдастыру және оны жеткізуге дайындық; өзінің позициясын көрсете де қорғай алу; қарама-қарсылық, қорғаныс және аргументтік позициялардың қақтығысынан концептуалды кикілжіңнің туындауы; екі жақты позициялардың бір уақытта сұрақтарын қарастыру және қосымша ақпарат іздестіру; екі перспективаның да позицияларын синтездеу: Оқушылардың қақтығысты интеллектуалды - конструктивті шешу тәжірибесінің арқасында оқушылар позитивті тәжірибе жинайды, ал ол тәжірибе өз алдына өздерінің қатарластарының қызығушылық кикілжіңдерін эффектілі шешуіне көмек береді.
Медиациялар бағдарламасы авторлардың пікірінше, келісімге келуді оқушыларға үйретудің және кикілжің арасында делдал болуына үйрететін ең жақсы тәсіл болып саналады. Әрбір әңгімелесу процедурасы- кикілжіңді анықтаумен, ұсыныстарымен позиция ауысуымен, екі жақты пікірлерді қарастырумен, дұрыс шешімге келумен айқындалады.
Джонсон Дард алгоритмді бөліп көрсетеді:
Өзіңіздің тілектеріңізді айтыңыз («Мен осы кітапты қазір алуым керек»)
Өзіңіздің сезімдеріңіз туралы атыңыз («Мен қобалжып тұрмын»)
Өзіңіздің тілектеріңізбен қайғыларыңыздың себебін түсіндіріңіз («Сен бұл кітапты екі сағат бойы қолдандың. Маған осы кітапты қазір бермесең, мен баяндамамды дайындап үлгермеймін. Көп күткеніме қам жеймін»)
Медиаторлық әрекетті оқып білу үшін келесі қадамдарды қолдану қажет.
Қастасудың тоқтатылуы: қастасулық қақтығыстардың тоқтатып, қарсыластарды суытыңыз;
Медиаторлық процеске қарсыластарды енгізу: қарсыластарды медиация процесіне енгізіп және олармен ерікті әңгіме құру үшін, медиатор медиация процесін түсіндіріп, негізгі ережелерді енгізеді. Ең алдымен медиатор өзін таныстырады. Содан соң медиатор қарсыластардан проблеманы шешуге өздерінен еркілерін сұрайды. Олар келіссе медиатор ары қарай түсіндіреді;
а) «Медиаторлық процесс – бұл ерікті процесс: менің міндетім сіздердің кикілжіңіңіздің шешімін табу»;
б) «Мен бейтараппын. Мен ешкімге жақтас емеспін, сіздердің қайсыңыз дұрыс немесе дұрыс еместігіңізді шешпеймін»;
в) «Әр қайсыңыз кикілжің туралы өзіңіздің пікіріңізді айтуға құқыңыз бар және сіздің сөзіңізді ешкім бөлмейді»;
г) Сіздер қабылдайтын ережелері мынадай:
Проблеманы шешуге келісу;
Есімдерді атамау;
Сөзін бөлмеу;
Шындықты айту;
Егер сіз шешіммен келіссеңіз сіз оны ұстануыңыз қажет;
Медиатор медиаторлық процесте айтылғандардың барлығы конфиденциалды болып саналады (сізде, медиаторда не туралы әңгімелескендеріңізді ешкімге айтпау);
3. Кикілжіңге қатысушыларға бір-бірімен табысты әңгімелесуін қамтамасыз етіңіз. Бұл әңгімелесу келесі қадамдардан өтуді талап етеді:
а) сезімдерін және қажеттіліктерін түсіндіре отырып, екі жақта бірігіп кикілжіңді анықтау;
б) аргументтермен алмасу;
в) әр қарсылас бір-бірінің позицияларын түсіну үшін, көзқарас қалыптастыру;
г) екі жаққа да тиімді болатын үш алтернативалар табу;
д) келісімге жету және қол алысу.
4. Келісімді формальді түрде сақтау: келісім контрактпен нақтылануы қажет. Дауласушылар қабылдаған келісімді орындауға келісуі қажет және медиатор «Контракт сақтаушы» болады.
Медиаторлық дағдыға үйрету бағдарламасы мектептің күнделікті өміріне енгізілуде. Күнде екі оқушы сыныпты арнайы түрде мұғалім-медиаторлар болып бекітіледі. Егер де оқушылар өз бетінше кикілжіңді шеше алмаса, онда олар асханамен ойын алаңын айналып жүрген, кез-келген кикілжіңді шешуге көмек беретін, арнайы бөлек келген оқушы медаторларға барады. Сыныптың оқушыларының барлығы кезекпен осы қызметті атқарады. Аптасына екі рет медиаторлық дағдыларын толықтыру мақсатында сабақтар жүргізіледі (Johnson D and R., 1994, p.126-127).
Мектеп оқушылары арасындағы туындайтын қақтығыстың түрлерін, туындау себептерін, алдын алу мәселелерін көрсете келе, мектеп оқушыларының қақтығыс жағдайында, оны шешу барысында делдалдық әрекеттесуді қолданудың маңыздылығы анықталды. Оқушылардың бұл иеленген делдалдық құнды дағдылары алдағы өмірлік қарым-қатынасында нәтижелі жетістіктерге жетуге көмектеседі.
Қақтығыстар өзіндік ерекшеліктеріне қарай сатылардан өтеді: 1- сатысы, қарама - қайшылық қалыптарының қалыптасуы; 2 - сатысы, потенциалды қақтығыстардың шынайылылыққа өтуі, немесе конфликтіге қатысушылардың өздерінің дұрыс не бұрыс қызығушылық түсініктері; 3 -сатысы, қақтығыстық жағдаяттағы әрекеттер; 4 - сатысы, қақтығысты шешу. Әр конфликт құрылымы нақты көрінеді. Сондықтан алдымен қақтығыстың шығу себептерін айқындау қажет. Барлық конфликтілер келесідей бағыттардың бірігуінен пайда болады: еңбек процесінің шақыруымен; өзара қарым-қатынас кезінде адамардың псхологиялық ерекшеліктерінің шақыруымен; топ мүшесі ретінде тұлғалардың шақырылуымен. Ғылымда қақтығысты жеңудің жеті қадамы анықталған: 1-қадам: себебін табу; 2-қадам: эмоцияны қадағалау; 3-қадам: негізгі ережелер бойынша келісімге келу; 4-қадам: ұстанымдарды анықтау; 5-қадам: жасырын қажеттілік пен қызығушылықты анықтау; 6-қадам: баламалы варианттар ұсыну; 7-қадам: өзара тиімді нұсқаларға келісу.
Оқушылардың қақтығыстық іс-қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.
Біріншіден, мұғалімнің басқа оқушыларымен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша оқушының алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасымен қарым - қатынасқа түсу стилі, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді екен (О.Осадько). Мұғалімдердің жеке тұлғалық қарым-қатынасқа түсу стилі және педагогикалық іскерлестік тактикасының әсері балалардың бір-бірімен кикілжіңді қарым-қатынасқа түспеуінің алғышарты. Бірақ мұндай стильмен тек төменгі сынып мұғалімдерінің санаулылары ғана қолданады (15%). Бастауыш сынып оқушыларының мұғалімдерінің қарым-қатынасқа түсуінің айқын функционалды стилі (85%) бойынша, олар бір тактиканы қолданады (диктат). Бұл әрекет сыныптағы жеке тұлғалық қарым-қатынастардың арасындағы кернеуді күшейтеді. Кикілжіңдердің көбісі «авторитарлы» мұғалімдердің қол астында және жоғары сынып оқушыларының арасында байқалады.
Екіншіден, мұғалім оқушылар арасындағы болып жатқан кикілжіңдерге араласуға міндетті. Бұл, әрине, кикілжіңдерді басып тастау емес. Ситуацияға байланысты әкімшіліктік араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін. Қақтығысты түсіну дағдысының дамуымен қатар, оны шешу мүмкіндіктері мен басқаруы да маңызды болып саналады. Дж. Леви оқу бағдарламаларында қақтығысты шешуге байланысты сұрақтар қарастырылуы қажет деп есептейді. Сұрақтар, бір шетінен, кикілжіңді пайда болуымен, ал екінші жағынан кикілжіңдерді алдын-алумен, шешумен және оны басқарумен байланысты болу қажет.
Дж. Леви мысал ретінде орта білім алушыларға (12-ден 18-ге дейінгі жас аралығы) төмендегідей оқыту бағдарламасының жаттығуларының бірнеше нұсқаларын көрсеткен:
Кикілжіңдер күнделігі. Мұғалімдер де, оқушылар да бір апта бойы кикілжіңдер күнделігін толтырады. Олар кикілжіңге түскен сайын, күнделікке жазып отырады және олар мынадай сұрақтарға жауап береді: кім кикілжіңге түсті? Кикілжің не үшін болды? Ол қалай аяқталды? Ең соңғы кеште келесі сұрақтарға: кикілжіңнің қанша пайызында сіз өзіңіздің келіспеушілігіңіз туралы айттыңыз? Қанша кикілжіңдерде сіз ашуландыңыз? Сіз әдетте кикілжіңдермен қалай күресесіз? Басқа адамдардың арасында болып жатқан кикілжіңге қарап сіз оны шешетін жолдарын көресіз бе, олар қандай? Оларды сіз неге қолдаңғыңыз келеді?
Кикілжің шешу жолдары. Оқушылар қысқа ситуациялық жағдайларды оқиды және өздерінің реакцияларын жазып отырады немесе айтады. Мұнда олардың қылықтарының стратегиялары (проблеманы шешуі, конфронтация, медиация) және олардың қолданылатын рөлдері қарастырылады.
Коммуникация дағдылары. Тыңдауда, вербальды емес қылықта, хабарлауда, эмоцияларын жеткізуде жаттығулар қолданады. Келтірілген жаттығуларды мектеп жасында оқытатын бағдарламаларда кеңінен қолдануға болады.