Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық-Әдіснамалық негіздері


Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері: ресми және бейресми қарым-қатынас түрлері



бет51/72
Дата02.06.2023
өлшемі1 Mb.
#98272
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1 Б лім білім берудегі менеджментті теориялы 1

5. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері: ресми және бейресми қарым-қатынас түрлері. Педагогикалық қарым – қатынас нәтижелі болуы үшін, оған арнайы оқып үйренуі, жаттығуымен қоса, болашақ ұстаздар өзін -өзі тәрбиелеуі, күнделікті әлеуметтік олртадағы қарым – қатынасы арқылы тәжірибе жинақтауы тиіс.
Педагогикалық қарым – қатынас осы үрдісті бастаушы және оны қостаушы, оған енуші басқалардың арасындағы мәміленің тиімділігін қамтамасыз ететін тоғысу түрі. Ол ресми - іскерлік, ғылыми, көпшілік, жекелеген әріптестер арасындағы сөйлесу арылы мәмілеге келу, мәліметтілік болып бөлінеді.
Ресми - іскерлік қарым – қатынас практикалық талаптарға және кәсіптік іс-әрекетке байланысты туындайды. Мұнда өзара пайданы көздеген келісім, мәмілегерлік маңызды. Бұл қарым-қатынас сөздің нақтылығы, мағынасының түсініктілігі, тілдің қарапайымдығы, кәсіби сөздер мен терминдер, сол салада көп қолданатын сөздерді пайдалануды талап етеді. Қазіргі кезде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты да «іскерлік қарым-қатынасқа» жатқызуға болады. Өйткені, тараптар өзара педагогикалық қарым-қатынастың нәтижелі болуына мүдделі: ұстаз өзі жеткізіп отырған білім, білікті оқушының толық ұғынуына, оған қажетті білімді толық беруіне мүдделі. Сондықтан олардың арасындағы байланысты белгілі бір іскерлік сипатқа ие денуге болады.
Іскерлік қарым – қатынас басқару, құқықтық, әлеуметтік мәміле орнатуға қызмет етеді және ауызша, баяндама, есеп беру, сөз сөйлеу, қызмет барысындағы сөз, әңгімелесу, келіссөздер, жазу түрінде болуы мүмкін, мысалы, хат алмасу, нормалар жиынтығы, іс қағаздары.
Ресми іскерлік қарым - қатынас бөлінеді: әкімшілік - іскерлік - мектеп және басқа да оқу орнында бұл білім беруді басқару, тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, осыған орай жиналыстар мен мониторинг жұмыстарында, білім мекемелерімен қарым-қатынаста қолданылады; заңнамалық - оқу - тәрбие мекемелеріне қатысты оқушылар мен мұғалімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын орындауға қатысты үгіт, насихатқа байланысты; дипломатиялық немесе елшілік - адамдар арасындағы мәмілені реттеу, келісімге келтіру, талаптарды жүзеге асыруға байланысты практикада қолданылады.
Жазу түріндегі қарым - қатынастар анықтама, қолхат, өтініш, арыз, хаттама, мінездеме, баяндама, бұйрық, қаулы, қарар, шешім түрлерде болуы мүмкін. Іскерлік қарым-қатынас нақты, қысқаша, түсінікті, терминдерді дұрыс қолдану талабына жауап беруі тиіс. Мұндай жағдайда терминдер - құжаттың аталуын білдіреді, мысалы, хат, қаулы-қарар, білдіру, сұраныс, келісім, хаттама, тізім т.б.; адамның мамандығын, ахуалын, қызметін, әлеуметтік жағдайын, білдіретін терминдер, мысалы, педагог, коммерциялық директор; үрдістік (процессуалдық) – тексеру, бағалау, аттестаттау; кәсіби іс - қимылына байланысты - мәлімет беру, есеп беру, анықтама әзірлеу.
Іскерлік қарым - қатынастар мәліметтердің шынайылығын талап етеді. Құжаттар мен өзара тікелей байланыста жалған айту не жалған мәлімет беру жалпы педагогикалық үрдістің нәтижелі болуына кері әсерін тигізеді. Мұнда сөйлемнің қысқаша сөйлеу тілінің нақты болуы, әдетте педагогикалық үрдісте жиі қолданатын сөздерді пайдалану ұтымды. Сөйлесіп отырған тақырыптың нақты және қысқаша ашылуы, дұрыс жеткізілуі маңызды. Іскерлік қарым –қатынас кезіндегі сөз - кіріспе, сипаттама, нәтижеден тұрады.
Ғылыми сипаттағы қарым-қатынас ғылыми іс-әрекетте қалыптасады: оқушы мен мұғалім арасында, ғылыми мақсатты көздеген ұжым және топтар арасында болуы мүмкін. Жиналыстар мен семинарлар, жеке кездесулерде ғылыми мәселелерді шешуге арналған қарым - қатынас. Мұнда аса маңыздысы ғылыми тілді меңгеру, әр ғылым саласының өзіне тән сөйлеу және жазу, онда қолданатын терминдер, сөйлемдер, мен сөздер, жиі қолданатын сөздік құрылымдары болады. Оның ішінде жазу сөзінің түрлері, мысалы, трактат, мақала, тезис, анықтама, түсініктеме, ғылыми еңбектер - монография, оқулық, оқу құралы, әдістемелік құрал, дәріс, баяндама; сөйлеу мәнері ғылыми сөз - нақты, қысқа, анық, логикалық болуы маңызды. Ғылыми – педагогикалық сөйлеу мен жазуда мәтіннің жекелеген бөліктері арасында бірізділік пен сабақтастық, байланыс болуы тиіс.
Көпшілік алдында сөйлеу мәнері кез келген сөз, баяндама, ауызекі сөз, дәріс оқу, сұхбат не болмаса жазу түріндегі - хат, мақала, пікір т.б. кіреді. Кез келген сөз сөйлеу түрі, мысалы, ата - аналар жиналысы, педагогтар ұжымы алдындағы сөз, басқа да көп адамдар алдында сөйленетін сөз. Көпшілік сөз қоғамдық - саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени мәселелерді көтеруге байланысты қарым – қатынас орнатуда, ақпарат құралдарында да қолданылады. Мұндағы маңызды мәселе, айтатын сөздің мазмұндылығы, қажеттілігі, көпті қызықтыруы. Сөздің көпшілік түрі мынадай ерекшеліктерге ие: мағлұматтылығы, құжаттық - дәлелдік нақтылық, жинақтаушылығы, пайдаланған материалдардың ресмилігі; шынайы өмір құбылыстары мен дәлелдер, дәлелдердің шынайы өмірде болғанына дәлелділігі мен жаңалығы; оқиға, хабар, көргендердің әңгімесін пайдалану; кітап сөзі, мысалы, талқылау, іс - әрекет, зерттеу, түсіну, алмастырады, ұқсайды, жүйе сөздерді пайдалану; нақты біреуге бағыттау, мысалы, нақты әріптесіне арналған сөз. Сөйлеушінің бет әлпеті де маңызды қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет