1. «Жүйе» түсінігінің анықтамасы және оның негізгі қасиеттеріне
сипаттама. Жүйе (грек сөзі systema – бөліктерден құралатын тұтастық, бірігу
деген мағынаны білдіреді. Демек жүйе белгілі бір тұтастықты, бірлікті
құрайтын, бір-бірімен байланысты және қарым-қатынаста болатын
элементтердің жиынтығы; белгілі бір байланыспен бөліктердің дұрыс
орналастырылған, жоспарға негізделген реттілігі; қандай да бір оқуға негіз
болатын қағидалар жиынтығы. ХХ ғасырдан бастап арнайы ғылыми және
философиялық - әдіснамалық ұғым ретінде қарастырылды.
Қазіргі ғылымда басқару саласында белгілі бір қызметтерді орындауда
бір-біріне өзара әсер ететін өзара байланысты және тәуелді элементтердің
жиынтығы ретінде анықталады. Жүйе тұтастық пен құрылымдық қағидаға
бағынып, жеке элемент қасиетіне ғана емес, тұтас ішіндегі жалпы
құрылымдық қасиеттерге байланысты.
Педагогикалық шындық құбылысының мәнін сипаттауда жүйе
жеткілікті және қажетті элементтер жиынтығын (тәрбиеші мен тәрбиеленуші
педагогикалық үрдіс субъектілері ретінде), оның мақсаты, мазмұны, іске
асыру тәсілдерін (әдістері, жабдықтары, түрі) де көрсетеді.
Педагогикалық әдебиеттерде және білім беру практикасында «жүйе»
ұғымы жиі (мысалы, Макаренко жүйесі, Сухомлинский жүйесі, Караковский
жүйесі және т.б.) қолданылады, кейде білім берудің сол және басқа
деңгейінің ара қатынасын (мектепке дейінгі, мектептік, кәсіптік-техникалық,
жоғары білім беру жүйесі және т.б.) немесе тіпті нақты оқу мекемесінің
білімдік іс-әрекетін белгілейді. Бірақ педагогикалық жүйелер үрдіс ретінде
өзіндік ерекшелігімен, қайталанбастығымен және көптүрлігімен, жүйені
ұйымдастыру құрылымының және жұмыс істеуінің жалпы заңдарына
бағынады.
Педгогикалық жүйені тұлғаны дамытуда бірдей білім беру мақсатына
біріктірілген және тұтас педагогикалық үрдісте қызмет атқаратын өзара
байланысты құрылымдық компоненттердің көптүрлілігі деп түсінуге болады.
Педагогикалық жүйенің құрылымдық компоненттері негізінен жүйе ретінде
қарастырылатын педагогикалық үрдістің компоненттеріне ұқсас.
Педагогикалық жүйеде ғылыми зерттеу объектілері ретінде оқытудың
және тәрбиелеудің жекелеген пішіндері, тәрбие, тәрбиелеу үдерісі, оқыту,
әрбір педагог пен тәрбиеленушінің әрекеті (мысалы, өзін-өзі тәрбиелеу
үрдісі), кез-келген білім беру бірлестігімен педагогикалық үдерістің басқа
субъектілері (мысалы, балалар ұйымдары), мемлекеттің, аймақтың, облыстың
білім беру жүйесі қарастырылады.
Білім беру жүйесі қоғамның басқа да материалдық және рухани саласы
сияқты өзінің дамуында әртүрлі кезеңдерді өткізеді. Қазіргі білім беру
жүйесінің жағдайын жан-жақты талдау оның негізгі факторларын
айқындауға
мүмкіндік
береді:
әрбір
адамның
білім
деңгейіне,
шығармашылығы
мен
қабілетіне,
кәсіби
икемділігі
мен
жұмылдырушылығына талап жоғарылады; экономикалық механизмнің
өзгеруі компетентті маманды қажет етеді; қоғамның демократияландырылуы,
43
адаммен саяси сауаттылықты, әлеуметтік бейімделуді талап етеді; қоғамның
жоғары
дәрежеде
ақпараттандырылуы
ақпараттық
құралдар
мен
технологияларды кеңінен пайдалануды қажет етеді; адамның өндірістік іс-
әрекетінің нәтижесінде табиғи орта жағдайының төмендеуі қоршаған ортаны
қорғауға белсенді қатысу, экологиялық ойлауын қалыптастырудың ролін
арттырады; қазіргі өндірістің шарты өзінің денсаулығына қамқорлық
жасауын, мінез-құлқын реттеу біліктілігін, адамгершілік төзімділігін
тәрбиелеу қажеттілігін көрсетеді; әлемнің барлық адамдарының өзара
тәуелділігінің өсуі интернационалдық сезімі, басқа халықты сыйлауды, өзара
достық пен ынтымақтастықты дамытуды талап етеді.
Сонымен бірге тәрбиелеу және дамыту эффектісі бар пайдалы нәтижеге
бағытталған сипаттамасы бойынша функционалды және мақсатты жүйе
болып табылады. Мұндай жүйенің әрбір компоненті жалпы нәтижені алуда
өзара әсерге ие болатын компоненттен тұрады.
Жүйе компоненттерінің өзара байланысы «өзара әрекеттестік»
терминімен көрсетіледі (П.К.Анохин). Өзара әсер мен өзара әрекеттестіктің
қажеттілігі жеке принциптердің көрінуінде еркіндік дәрежесін бір жағынан,
оның әрекет шекарасын, екінші жағынан, функционалдық сипатын (ішкі
ұйымдасуы, сыртқы көрінуі тәсілін) шектейді.
Жүйелік тұрғыдан тану идеялары мен ұстанымдарының күрделі
жүйелік объектілерді тиімді ұйымдастыру мақсатында қолданылуы ұйымды
құру мен басқарудың жаңа теорияларын жасауға мүмкіндік береді. Оның
негізін салушылардың бірі американдық ғалым Стэнли Янгтың пікірінше, кез
келген әлеуметтік ұйым, өнеркәсіп орындары, т.б. біртұтас жүйені құрайды,
олардың қайсысы да адам күшімен құрылып, олардың белгілі бір
қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді.
Аталған жүйелер мақсатқа бағытталған, саналы ұйымдастырылған
және әрқайсысының «кіру» (ресурстар) және «шығу» (адам қажеттілігін
қанағаттандыратын материалдық, рухани игліктер) арналары бар.
Жүйе ретіндегі ұйымдардың басты мақсаты өз арналары бойынша
игіліктерді сақтау және ұлғайту болып табылады. Ұйымның нәтижелілігі мен
тиімділігі оның заттық, энергетикалық және ақпараттық әлеуеттерінің,
ресурстарының тиісті деңгейде қамтамасыз етілуіне ғана емес, ең бастысы
ұйымды басқарудың ұтымды жүйесін құрастырудан және оны үнемі
жетілдіріп, дамытып отырудан болады.
Жүйенің бір белгісі – оның тұтастығы. Ол оның элементтерінде жоқ
қасиеттерге ие болады. Жүйенің тұтастық және бөлінушілік қасиеті
бөліктерді тұтасқа біріктіруге, тұтас пен оның бөліктерін түсінуге мүмкіндік
береді. Мысалы, сабақты тұтас құрылым ретінде, оның компоненттеріне
қарағанда, мүлдем басқа қасиеттер сипаттайды.
Жүйе түсінігімен «құрылым» түсінігі тығыз байланысты.
Құрылым – бұл жүйенің ішкі құрылысы. Онда құрылымдық элементтер
ерекше ара байланыс тәсілі арқылы компоненттер жүйесін құрады.
Элемент – кез келген жүйенің құрылымын құрастыратын бөлшегі.
44
Мысалы: математика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі – бұл
мұғалімдер бірлестігінің құрылымдық бөлшегі; сынып – оқушылар
ұжымының құрылымдық бөлшегі, староста – мектептің өзіндік басқаруының
құрылымдық бөлшегі.
Элементтердің қасиеттері:
Достарыңызбен бөлісу: |