46
оның оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тарпынан әкімшілік басқару
жүргізіледі. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызметтер атқарады, атап
айтқанда, сынып жетекшісі, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мұшесі.
Мектеп көпжақты байланысқа ие жүйе. Оның жұмыстары ата-
аналармен, қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік мекмелермен байланыстар,
өзара әрекеттесу негізінде атқарылып отырылады. Мектеп мемлекеттік
(немесе онымен тығыз байлансқан) құрылым. Отбасы, қоғам, мемлекет
арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің орындалуынан тәрбиенің жалпы
мақсаттары іске асырылады. Мұнда өзара байланыстар мен қарым-
қатынастар міндетті түрде жүйелі түрде басқарылуы тиіс. Бұл да
педагогикалық жүйелерді басқарудың өзіндік ерекшеліктерінің бірі боып
табылады. Білім беру жүйесінде мектеп жағдайындағы басқарудың «мұғалім-
оқушы» қарым-қатынасына тәуелді екенін ескеретін болсақ, білім жүйесін
басқарудың мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады: әртүрлі жас
деңгейдегі балалар бірлестіктеріне басшылық материалдық ынтадан гөрі
моральдық-адамгершілік ынтаның басым болуы; басқарушының өз
қарамағындағылармен таныс болу қажеттілігі; білім саласын басқаратын
тұлғаның жоғары дәрежеде білікті, білімді маман болуы.
Достарыңызбен бөлісу: