Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


 Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке, байланыс және



Pdf көрінісі
бет23/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79
Байланысты:
Д рістер №1 д ріс 1-Б лім білім берудегі менеджментті теориялы

3. Басқару жүйесі, оның педагогикалық іс-әрекетке, байланыс және 
қарым-қатынасқа 
бағыттылығы. 
Мектепті 
басқару 
педагогика 
ғылымындағы өзекті мәселе. Оған Н.Д.Хмельдің «педагогикалық үдерісті 
басқару әлеуметтік жүйені басқару деген тұжырым дәлел бола алады. 
Өйткені, қазіргі мектеп күрделі крікіттірілген жүйе, ол оқушылардың, оларға 
білім және тәрбие беретін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің (иректор, 
оның оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелік қызмет 
көрсететін адамдардың іс-әрекеттерінен, мектеп алдында тұрған жалпы 
міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық базадан 
тұрады. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдер және онда қызмет ететін адамдар 
ұжымы, олар білім беру жүйесін мемлекеттік тұрғыдан басқарудың 
объектілері болып табылады.
Қазіргі мектепті өзара байланысы бар, ішкі құрылымы және социуммен 
белгіленетін тұтас әлуметтік-педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. 
Ол өзара тығыз байланысты екі жүйеден тұрады: басқарушы және 
басқарылушы. Бұл қазіргі кез-келген оқу-білім беру мекемесінің алдына 
өмірдің өзі қойып отырған міңдеттерді жүзеге асыру бойынша барлық 
жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп директорының тікелей 
басқару іс-әрекетінен көрінеді. Мектеп басшылығы мен мұғалімдерден 
тұратын басқару жүйесі жетекші болып келеді. Басқарылушы кіші жүйеге 
оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.
Мектепті басқарудың басты мәні - оқыту мен тәрбиелеудегі оңтайлы 
нәтижені алу мақсатыңда оқушылар және олардың ата-аналарына 
педагогтардың мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады. Адамдар 
арасында жеке істей алмайтын немесе жекелеп істеу тиімсіз болғанды 
жұмыла істеу үшін басқару қажетгігі туындайды.


47 
В.Г.Афанасьевтің пайымдауыңда: «Басқару қоғамның, оның кез-келген 
даму сатысындағы ішкі өзіндік ерекшелігі бар сапа. Оның жалпылық сипаты 
бар, ол қоғамның жүйелік табиғатынын, адамдардың қоғамдық, ұжымдық 
еңбегінен, еңбек пен өмір барысында қарым-қатынас жасау, өзінің 
материалдық және рухани өмірінің жемісімен алмасу қажеттігінен бастау 
алады».
ХХ-ХХІ ғасырлар тоғысы басқару білімінің қарқынды өсуі мен өзгеру 
уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретінде басқарудың классикалық 
мектебінің негізін салушы А. Файольдің еңбектерін атауға болады. Ол 1916 
жылы басқарудың жалпы қағидаларын ұсынған. Ғылыми басқарудың 
теориялық негізі кеңестік әдіснамалық мектепте жасалған дәл осылар болады
"Басқарудың классикалық теориясы" 1930-жылдарға дейін ең басты 
орында болған. XX ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым 
дамуында "басқарушылық қатынастар теориялары" атты жаңа бағыт 
қалыптасты. Классикалық теория бірлескен іс-әрекет нәтижелілігінің негізгі 
шарттары не, қашан, қайда және қалай істеу керектігін анықтайтын 
басқарудың нақты ресми құрылымы, жемісті жұмысты (ең бастысы, 
материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар 
қатынасының тебриясы адамның ұйымдағы мінез-құлқын анықтайтын 
факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар' арасындағы қатынастарды 
бірінші орынға қояды. Бұл теория XX ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, 
әсіресе АҚШ-та кең өріс жайған, тәжірибеде оң нәтиже бере алмаған 
дегенмен басқарудың демократиялық әдістерін кеңінен енгізу әрекеті де осы 
теориямен байланысты. "Адамдық қарым-қатынас теорияларының" орнына, 
басқарудың жүйелік теориялары, жағдайаттық теориялар, басқарудың 
рационалистік (ақыл-ой талабына ғана негізделген) және мінез-құлықтың 
жағымды жақтарын біріктіруге ұмтылған, ұйымдастырушылық даму 
теориялары келді.
Мектепті басқару мәселесіне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда 
мектепті басқарудың (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. 
Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И.-Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, 
т.б.) мәні ашылады. Басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың 
жүйесін енгізу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, 
Г.А. Уманов т.б.); мұғалімдердің шығармашылық , зерттеушілік және 
эксперименталды қызмет-әрекетін ұйымдастыру бойынша, ғылымды 
практикаға енгізу бойынша (А.А. Бейсенбаева, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, 
В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. 
Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. 
Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, 
т.б.); мамандықты көтерудің психологиялық-педагогикалық және ақпараттық 
негізін құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы 
педагогикалық кадрлардың мамандығын көтеру жүйесін дамыту тарихы 
бойынша (Б.А. Альмухамбетов т.б.) жұмыстар жүргізіледі. Мектеп 
басқарудың жаңашылдық аспектілері М.М. Поташкин, В.С. Лазарев, Л.И. 


48 
Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талданған. 
Алайда, мектеп басшыларын ұйымдастыруға және мектепке жаңалық 
өндіруді басқаруға даярлаудың әдіснамасы және маңызы педагогика 
ғылымында жеткілікті баяндалмаған.
Басқарудың қызметтерін тек дидактикалық тұрғыдағы аспектілермен 
шектеген қате болар еді. Білім беру мектептеріндегі педагогикалық ұжымның 
жүзеге асыратын тәрбиелік жүйесі де басқаруға келеді. Әсіресе, 
мектептердегі тәрбиелік жұмыстың тәрбиенің қалыптасқан стереотипінің 
түбегейлі өзгеруімен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың 
қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың 
түпкілікті ауысуымен қазіргі кезеңіндегі қиыншылықты ескерсек, 
басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі 
қиыншылық жағдай, білім берудің, қазіргі тәрбиелік процесті белсендіруді, 
оның жаңа түрлері мен әдістерін табуды, әсіресе, бұл процесті басқарудың 
басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етеді.
Қазақстан Республикасында беделді азаматты тәрбиелеу мәселесі 
ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқару 
практикалық маңызды мәселе болып табылады.
Г.И. Щукинаның пікірі бойынша, басқару- мектеп ішіндегі 
"психология-лық, ұйымдастырушылық және әдістемелік" сияқты күрделі 
процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу. Алайда басқарудың 
алдыңғы қатарлы тәжірибесін жинақтап қорыту тек материалды жинаумен 
ғана және оны тиісті ғылыми-әдістемелік тұрғыдан бағаламай, тек 
,баяндаумен ғана шектеледі. Материалдарда, көбінесе, негізгі идеялар мен 
тәжірибенің талдауы -болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары 
берілмейді, оны енгізудің шарттары да көрсетілмейді. Ал кейбір 
жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесі емес, керісінше, жекелеген тәсілдер ғана 
суреттеліп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен білім беру органдары 
үшін ешқандай тәжірибелік құндылығы жоқ көптеген материалдар 
жинақталады.
М.М. Поташник былай дейді: "Басқару - мектептің қалыптасуын, 
тұрақтануын, тиімді қызмет етуін және дамуын қамтамасыз ететін барлық 
субъектілердің мақсатты іс,-әрекеті". Бұл анықтама маңызды екі нәрсеге 
назар аудартады: біріншіден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет 
болып табылатынына; екіншіден, ол басқалардан өзінің міндеттерімен 
ерекшеленетініне. К.Я. Вазинаның пікірінше: "Басқару - нақты бір мақсатқа 
жетуді қамтамасыз ететін қалыптасуға жауап беретін жүйенің қызметі".
Педагогикалық басқару әлеуметтік мақсатта жүзеге асады, ол 
адамдардың іс-әрекетін басқару мен олардың бірігуіне қатысты. Алайда, ол 
жалпы әлеуметтік басқарудан өзінің объектілерімен (оқушылар, мектептер, 
мектептен тыс мекемелер, халыққа білім беру бөлімшелері, т.б.), олардың 
заңдылықтарымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет