Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі



Pdf көрінісі
бет42/43
Дата05.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#47647
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Рухани даму.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қоғам өмірінің өзекті 
салаларының бірі ретінде мәдениет құрылысы саласына айрықша назар 


аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу 
көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді, жалпы 
мәдениетіміздің даму деңгейі көтеріп, қолдау аясын кеңейтуге мүмкіндік 
туды. 
Мемлекетіміздегі мәдени құрылысының үлкен бір бөлігі – білім саласы. 
Сондықтан-да, тәуелсіздік жылдары қазақ балабақшалары мен қазақ 
мектептерін ашу жолында көптеген жұмыстар атқарылды. Мәселен, 1989 
жылмен 1993 жыл аралығында 4 жылда қазақ мектептерінің саны 839-ға 
көбейген. 
Сонымен қатар, Республикамыздағы білім беру саласында проблемалық 
мәселелер де болды. Оның себептері мен кемшіліктері әр алуан болатын. Ең 
бастысы, Қазақстан республикасы «Мемлекет иелігінен алу және 
жекешелендіру туралы» заңының 7-бабының 3 тармағының, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 39-тармағының 2,3-
тармақтарына сәйкес мемлекеттік және білім беру жүйесінің ғимараттарын 
жалға беруге болмайтындығының өрескел бұзылғандығы болды. Нарық 
заңын 
сылтауратып, 
көптеген 
басшылық 
орындарында 
отырған 
шенеуніктердің балабақшаларды, орта мектептерді жеке меншікке сатуы 
немесе жалға беруі білім беру саласындағы жағдайды ұшықтыра түсті. 
Президентіміз Н.Назарбаев 1997 жылы Республика активінің жиналысы 
алдында сөйлеген сөзінде халыққа білім беру жөніндегі бүгінгі күні 
жібертіліп отырған кемшіліктерді дереу түзетуді, жалпыға міндетті оқумен 
қамтамасыз етуді, жағдайы төмен ауыл мектептеріне жәрдем беруді талап 
етті. Экономикамыз қиын жағдайда тұрғанына қарамастан, мемлекет 
тарапынан мектептерді компьютерлендіруге 22 миллион АҚШ доллары 
бөлінетін және 1988 жылдан бастап мектептердің компьютерлермен 
жабдықталынатыны айтылды.
Республикамыз нарық қатынасы өтуіне байланысты, білім беру жүйесі 
елеулі өзгеріске ұшырады. Нарық заңына сай мемлекеттік оқу орындарымен 
қатар, жеке меншік оқу орындары пайда болды. Республикамызда оқу 
жоспары сан-салалы балабақшалар, мектептер, лицейлер, колледждер, 
жоғары оқу орындары көптеп ашылды. 
Тәуелсіз Республикамыз білім саласы бойынша шет мемлекеттермен 
тікелей байланысқа көшті. Соның нәтижесінде жастарымыздың шетелдерде 
білім алуына мүмкіндік туды. Осыған сай «Шетелде кадрлар даярлау үшін 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
«Болашақ» 
халықаралық 
степендияларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 
1993 жылы 5 қарашада №1394 қаулысы шықты. 
Қаулыға сәйкес Президенттің «Болашақ» атты 250 халықаралық 
степендиясы белгіленді. Алайда, шетелдерде озық, жетекші жастарды іріктеп 
жіберудің алғашқы кезеңінен бастап-ақ, осы іске жауапты білім, мәдениет 
Министрліктері тарапынан және республикамыздың жоғары оқу орындары 
басшылары тарапынан елеулі кемшіліктер жіберілді. Мәселен, Білім 
Министрлігі Президенттің 
қаулысын 
орындау мақсатында нақты 
жоспарланған, айқын шаралар қолданбаған. Әрбір степендиятпен келісім-


шарт сауатты жасалмаған. Степендияттарды іріктеуде әдеп нормаларына 
ауытқып, тамыр-таныстыққа жол берілген. Соның салдарынан үш жыл 
ішінде шетелге жіберген 30 степендият сабаққа үлгермеуі себебінен оқудан 
шығарылып, 21-елге қайтып оралмады. 
Еліміздегі жүргізіліп отырған мәдениет құрылысы саласында ғылымның 
орны ерекше болып отыр. Дүние жүзіндегі көптеген елдер экономикадағы 
елеулі жетістікке осы ғылым мен білімнің арқасында жетіп отырғаны белгілі. 
Қазіргі таңда ел экономикасын көтерудің бірден-бір жолы ғылымды дамыту, 
оған айрықша көңіл бөлу болып отыр. Осыған сай ең бірінші кезекте 
республикамыздағы 
барлық 
ғылыми-техникалық 
орталықтар 
мен 
мекемелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, тәуелсіз 
мемлекетіміздің мүддесіне қызмет ететін келелі ғылыми орталықтарын құру 
болды.
Республика Президентінің жарлығымен: экология және табиғи ұлттық 
орталығы, радиоэлектроника және байланыстар жөніндегі ұлттық орталық, 
информатика және есептеу техникасы жөніндегі орталық, биотехнология 
жөніндегі ұлтық орталық, механика мен машина жасау орталығы, Ә.Х. 
Марғұлан атындағы археология институты және басқа ғылыми мекемелер 
мен зерттеу орталықтары құрылды. Салалық ғылым академиялары жүйесі 
кеңейтіліп, 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасы инженерлік және 
ауыл шаруашылық академиялары жұмыс істей бастады.
Мәдени құндылықтарымыз ажырамас бөлігінің бір саласы көркем 
әдебиет пен өнеріміз тәуелсіздік жылдары үлкен өзгерістерге ұшырады. 
Республикамыздың мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі 1992 жылы 
маусым айында бүкіл дүние жүзілік қазақтардың бірінші құрылтайы болды. 
Осы бастаманың жалғасы бүкіл дүние жүзілік қазақтардың үшінші 
құрылтайы 2002 жылы қараша айында Түркістан қаласында өтті. 
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік дәуірде жазықсыз жазаланып 
атылып кеткен А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың
Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың әдеби мұралары 
жарыққа шықты. 1995 жылы ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ЮНЕСКО-
ның шешімі бойынша 150 жылдығы дүние жүзінде аталып өтілді, 1996 жылы 
ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы республикамызда 
кеңінен аталып өтілді, ал 1997 жылы қазақтың классик жазушысы Мұхтар 
Әуезовтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және осы салада 
біршама істердің атқарылуы нәтижесінде, рухани құндылықтарымыз молая 
түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет