Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б. ІІ – б.з. Ү ғғ.)



Pdf көрінісі
бет5/43
Дата05.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#47647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Үйсіндер және қаңлылар (б.з.б. ІІ – б.з. Ү ғғ.). Б.з.д. 1 мың аяғында 
Жетісу, Тянь-Шань және Тарбағатай жерлерінде жаңа мемлекет пайда болды, 
ол Қытай деректерінде «Үйсін елі» деп аталды. Алғашында үйсіндер Данхэ 
өзенінің бойында мекендеген, б.з.д. ІІІ ғ. Юечжи тайпаларының қыспағынан 
Монғолияға көшіп баруға мәжбүр болды, ал мұнда Хұндардан соққы 
алғаннан кейін Жетісу мен Жоңғарияға келді. Үйсін мемлекетінің басында 
«Күнбек» титулы бар билеушісі тұрды. 
Үйсін мемлекеті құрылғаннан бастап Ғұндарға тәуелді болды, бірақ ол 
одан тез босанып осы аймақта ең күшті мемлекттердің біріне айналды. 
Ү ғ. басында үйсін атауы деректерден кездеспейді. Айта кетуі керек, 
«Үйсін» этнонимі бүгінгі күнге дейін жетті. Қазақтардың Ұлы жүзінің бір 
руы «Үйсін» деп аталды. 
Кангюй атауы (Қытайша Канцзюй) алғашқы рет деректерде б.з.д. ІІ ғ. 
кездеседі. Б.з.д. 138 ж. Қытай императоры Уди Чжан-Цянь бастаған сауда 
елшілігін батыс елдеріне жібереді. Ол елшілік тек 13 жылдан кейін қайтып 
келеді. Оның жазбаларында бұған дейін Қытайға мәлім болмаған 
мемлекеттер сиппатталған. Солардың ішінде Чжан Цянь билеушісінің 
ордасында болған Кангюй мемлекеті де бар. 
Кангюй халқының этникалық сипаты әлі де болса күрделі сұрақ, толық 
зерттелмеген. Қангюйлер қай тілде сөйлеген туралы әлі де тұтас пікір жоқ. 
А.М.Бернштамның пікірінше, Кангюйлер түркі тілдес болған. Басқа 
зерттеушілер оларды солтүстік Иран малшы тайпалары, б.з.д. І ғ. ортасында 
ғана Сыр өңіріне түркі тайпаларының келуіне байланысты ғана өзінің 
этникалық түрі мен тілін өзгерткен дейді.
Ғұндар. Хунну мемлекетінің құрылуы. Ғұндар жазба деректерде 
алғашқы рет б.з.д. 822 аталады, ол кезде олар Қытайға үлкен жорық жасаған. 


Б.з.д. ІІІ ғ. ғұндардың Қытайға шабуылы үдей түсті. Сондықтан да Қытай 
императоры Ұлы Қорған салдырды. Бұл кезде ғұндар туысқан рулардың 
одағы ретінде қалыптасып, оны сайлаған көсем басқарды. Б.з.д. 209 ж. Туман 
атты көсемнің баласы Моде өзін «сенгер» деп жариялап (сенгир-ұлы) Ғұн 
мемлекет құру барысында қызмет ете бастады. 
Атилла. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі б.з.д. ІІ ғ. Қазақстан 
территориясына енді. Көп ұзамай олар Волга, Дон және Арал теңізінің 
аралығына келді. Осы кішкентай жерде хунну, алан және қангар тайпалары 
ІІІ ғасыр бойы көшіп, Иран, Рим сияқты көне мемлекеттермен саяси 
қатынасқа түсті. Осы уақытқа дейін ғұндар өзінің этникалық 
ерекшеліктерінен айырылып, жергілікті көшпелі тайпалармен ассимиляцияға 
түсті осыдан жаңа этнос пайда болды, енді біз оны Хунну емес Ғұн дейміз. 
Оларды осылай батыс деректері де атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет