Яньмолар ҮІІ ғасырдың бас кезінде Солтүстік батыс Моңғолияны
мекендеген. Олардың оғыздар болып, оңтүстігінде Түргештер қарлұқтар
қоныстанған. ҮІІ ғасырлар ортасына таман қимақтар
Ертіс өңіріне көшіп
келіп 656 жылы Батыс түрік тайпалары құлағаннан кейін оқшауланады.
766 және 840 жылдар аралығында кимектер Батыс, Алтай, Тарбағатай
және Алакөл ойпаты аумағын ірге теуіп Шығыс Түркістанда мекендеген
тоғыз-оғыздардың солтүстік шектеріне дейін жетті. ІХ ғасырдың басында
кимектер
Сырдарияға қарай жылжыды, сонан соң қарлұқтармен одақтаса
отырып
печенег
тайпаларын
жеңіп,
Сырдария
Арал
өңірінен
ығыстырыпшығаруына көмектесті. ҮІІІ ғасырдың екінші жартысы – ІХ
ғасырды қаулаған оқиғалар Кимек қағанатының құрылуына себеп болды.
Кимектердің мекемелері жөнінде алғашқы лебіз ІХ ғ. аяғы мен Х ғ. араб
тілінде жазылған Таиха – жағрапиялық шығармаларда айтылады.
Мәліметтері мейлінше дәл болып келетін Әл-Яқұба (ІХ ғ.) кимектермен
біршама түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді:
Түріктердің әр тайпасының жеке мемлекеті бар және олар бір-бірімен
соғысып жатады. Кимек билеушісі едәуір құдіретті болған. Кимек қағанаты
қалыптасқан
уақыттан кейін, олардың патшасы түріктердің ең жоғарғы
атымен қаған деп аталды. Қаған атағы Яғбу атағынан екі саты жоғары тұрған.
Өз мемлекеті шегінде билеушілерін тағайындаған, тайпа шонжар өкілдері
болған. Қағанның басқарушысы мұра ретінде өтіп отырған. Әскери
жетекшілер болып, олар қағанның қызметі үшін үлестер алып отырған. Бұл
үлестердегі этникалық орта негізінен алғанда, көбінесе белгілі бір тайпаның
өкілдерінен құралады.
ІХ ғ. аяғында тарихи-жағрафиялық
еңбектерге қарағанда Қимақ
мемлекеті өзінің территориялық жағынан ұлғайғандығын көрсетеді. Қимақ
тайпаларының бірлестігі Орал тауының қыраттарынан Арал теңізінің далалы
аудандарына дейінгі жерлерді, Орталық және Шығыс Қазақстан мен
Жетісудің солтүстік шығыс аудандарының арасындағы ұланғайыр кең
алқапты алып жатты.
Кимектер қағанның орталығы, оның ордасы Имекия
(немесе Кимекия) қаласында болды, ол темір қақпалы дуалмен бекітіліп
қоршалды. Қалада оның сансыз көп әскері мен қазынасы болды. Қаған билігі
мен мемлекеттік өкімет арасында айырмашылық болған жоқ. Кимек
мемлекетінде
алым-салықтың
болғандығын
түріктердің
өндіріліген
алтынынан билеушінің міндетті түрде үлес алу
фактісіне қарап топшылауға
болады.
Этникалық тайпалық құрамы. Кимек федерациясының алғашқы құрамы
Гардизи еңбегінде келтірілген. Бұл одаққа жеті тайпа: эймур, имек, татар,
байандұр, қыпшақ, ланиказ, ажлар тайпалары кіреді. Кимек одағына кірген
тайпалардың тарихын қарастыру олар Қазақстан аумағына Орталық Азиядан
көшіп келді деп топшылауға негіз береді. Кимек тайпаларының біріншісі
эймур тайпасы, оғыздар арасында белгілі. Эймурлар оғыздарға да,
кимектерге де сіңісіп кеткен жоқ тек тайра ретінде кірді. Кимектердің үшінші
тайпасы - татарлар. Бұл тайпалар тобы Монғолияның солтүстік шығыс
жағында мекендеген деп санауға болады. 840
жылдары татарлар Ұйғыр
қағанатының құрамына кірген.
Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті ыдырайды.
Оның құлауының екі себебі болды. Қыпшақ хандарының орталық билікке
бағынбауы және өз мемлекеттігін құруға ұмтылғандығы ішкі сиппаттағы
себеп болды.
Сонымен қатар ХІ ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі
Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы
оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі 916 жылы Солтүстік
Қытайда қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы болды.
Қыпшақ хандары
оғыздардың жерін басып алғаннан кейін едәуір күшейіп күш қуаты жағынан
басым болады. Осы оқиғалар кимектерді саяси үстемдігінен айырып қана
қойған жоқ, сонымен қатар олар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.
Достарыңызбен бөлісу: