Дәрістер. 1 дәріс. Ғылым ретіндегі Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінің мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі


Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.)



бет12/42
Дата12.04.2023
өлшемі219,03 Kb.
#81804
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
Дәрістер Қазақстан тарихы

Қарақытай мемлекеті (1128-1213 жж.). Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияда Қиданның Ляо мемлекеті (907-1125 жж.) құрылды. Қидандардың Ляо империясы тұрақты болмады. Маньчжур тайпаларының соққысынан кейін бас көтерместей жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін қидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа келіп қоныстанған. Оларды жергілікті жерлерде қара қытай деп атады.
Сөйтіп, олар Оңтүстік-Шығыс пен, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Қидандар Орта Азияға Қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін Горхан деп жариялайды. Қайтар жолда горхан әскерлері Бұхараны оңай басып алып, Баласағұн аймағына келіп орналасты. ХҮ ғасырдың 30-40 жылдарында қазіргі Оңтүстік, Мауереннахр аймағының жері қара қытай иелігіне кірді.
Елюй Дашы 1143 ж. қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының әйелі Набұян басқарды. Жеті жылдан соң Даштың ұлы Иле әкесінің тағына отырып, 1150-1164 жж. горхан болды. Ол қайтыс болған соң қарындасы Бұбұған таққа отырып, 1164-177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде қарақытай ордасында саяси өзгерістер көп болды, Бұбұған өлтіреді.
Оның орнына Иелінің баласы Жилучу горхан болды. Жилучу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді. Бұл кезде қарақытай Орта Азиядағы басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Аңғал аймағынан шыққан Турид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы береді.
Наймандар мен керейт ұлыстары (ХІІ ғ. басы – ХІІІ ғ.). Наймандардың, керейттердің ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығыстан Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар. Көшпелі мемлекеттіктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тән болды.
Найман тайпалар одағы ҮІІІ ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейінен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. Найман тайпалар одағы ХІІ ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады.
Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжендерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.
Х-ХІІ басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәуелділікте болып, оның батыс шетінде, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монғолия жерінде тұрған. Жетісуда Қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың жерлері солардың иеліктерімен көрші болды. Рашид ад-Дин наймандар жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі жазира-жазықтары мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей, кеш дегенде ХІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының Шығыс сілімдеріне дейінгі шығыстан батысқа тараған аумақты алып жатқан.
Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онгын өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында керейттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар да солардың қол астында болған.
Наймандар мен керейіттердің ұлыстары «бастапқы үлгідегі мемлекеттер», яғни ертедегі феодалдық мемлекеттік құрылымдар болды.
Монғолдар талқандағаннан кейін найман мен керейіт топтары, қалыптасып жатқан көптеген түрік халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына біртіндеп сіңісе береді. Наймандар монғол дәуірінде қазақ даласына қоныс аударып, Сырдарияға дейін жетіп, қазақ халқының қалыптасуына белсене қатысқан. Керейіттерге келетін болсақ, олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт деген этонимін сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен қырғыздардың құрамына, ал шағын тобы қазақтардың да құрамына кірді.
Керейіт этнонимі Қара теңіз өңірі далаларының топономиясынан да кездеседі. Керейіттердің басқа бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалды. Олар бұрынғы этнонимдегі –іт жалғауын жоғалтып, Керей (қара керей, абақ керей) деген атпен Орта жүз қазақтарына қосылды. Егер орта ғасырлардағы дала халқының монғол дәуірінде тұрақты түрде және алыстан қоныс аударуын ескерер болсақ, керейіттер мен корейлерді олар батыс керейіттердің шығысқа қарай кері көшіп немесе керейлердің жекелеген топтарының батысқа қарай одан әрі ілгерілеп қарым-қатынас жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Орталық Азия халықтарының этникалық тарихынан жақсы біліп отырғанымыздай, мұндай араласу мейлінше дағдылы құбылыс болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет