Дәрістер Цифрлық технологиялар дәуірі «Ақпарат кімнің қолында болса, әлем соның қолында»


Қазақстан цифрлық даму эволюциясында



бет6/10
Дата14.04.2022
өлшемі36,6 Kb.
#31048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан цифрлық даму эволюциясында

Қазақстан «басынан» бастамайды, 90-шы жылдары үдемелі индустриялық инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама іске қосылды, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасына бастамашы болды, 2005 жылы электронды үкіметті қалыптастыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстанда инновациялық экожүйенің бірқатар элементтері құрылды, «Алатау» ИТП» арнайы экономикалық аймағы, «Назарбаев университеті» жұмыс жасайды, Astana Нub халықаралық технопаркі іске қосылды.

Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпінді қамтамасыз ететінін атап өтті. Осыған байланысты Елбасы цифрлық технологияларды қолданумен құрылатын жаңа индустрияларды дамыту бойынша міндетті алға қойды.

Мемлекеттік бағдарлама бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:



  • Экономика салаларын цифрландыру - цифрлық технологияларды қолдану және енгізу арқылы Қазақстан экономикасының дәстүрлі секторларын түрлендіру;

  • Цифрлық мемлекетке көшу - қажеттіліктерді болжай отырып, қызмет көрсету тәсілдерін және мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара қарым-қатынасын түрлендіру;

  • Цифрлық Жібек жолын іске асыру - ел ішінде де, транзиттік әлеуетті іске асыру үшін де деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықты және қауіпсіз инфрақұрылымын дамыту;

  • Адам капиталын дамыту - жасампаз қоғам құруды қамтитын өзгерістер;

  • Инновациялық экожүйені құру - бизнестің, ғылыми саланың және мемлекеттің тұрақты байланыстарымен технологиялық кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту үшін жағдай жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет