Дәрістер Цифрлық технологиялар дәуірі «Ақпарат кімнің қолында болса, әлем соның қолында»


Коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет: Beeline Қазақстан қызметкерлерінің 61%-дан көбі екпенің бірінші құрамын алды



бет3/10
Дата14.04.2022
өлшемі36,6 Kb.
#31048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дәрістер

Коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет: Beeline Қазақстан қызметкерлерінің 61%-дан көбі екпенің бірінші құрамын алды

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды


 

Аталмыш бағдарламаның бір бағыты – «ақылды» экономика деп аталады. Экономикаға серпінді технологияларды енгізу өнім өндірісі өсуде, демек, шикізат пен түрлі жаппай тұтынатын тауарлар экспортының өсімі жоғарлап келеді. Өңдеу және тау-кен өнеркәсібінде модельді цифрлық фабрикалар белсенді іске асырылуда. Компания жалпы сомасы 3,1 млрд. теңгені құрайтын 16 жобаны ұйымдастырды. Интеллектуалды технологиялар елдің ірі мұнай өндіруші компанияларында іске қосылған. Мұндай жаңашылдық анағұрлым сапалы, толық және уақтылы ақпарат алудың арқасында барлау мен өндіруге арналған шығындарды төмендетуге қабілетті.

Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру саласында атқарылған жұмыстар аз емес. Екі жыл ішінде мемлекеттік қызметтің 80% – ы онлайн түрде қолжетімді болды. Қазірдің өзінде қазақстандықтар электрондық үкімет порталын белсенді пайдаланады, байланыс орталығына өтініштермен қоңырау шалып, жедел жауап алады. Осылайша, ақпарат пен қызметтер кез келген уақытта және тиімді құралдар арқылы алау мекемелерге барып кезекте түруды қажет етпейді. Осы бағыттағы жұмыстың арқасында қағаз құжат айналымын 70 млн-нан астам құжатқа қысқартуға мүмкіндік болды. Бұл жағдай жанама экономикаға 8,4 млрд теңгеден астам пайда әкелді.

Ел азаматтары үшін қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынған үлкен жобалардың бірі – «Smart-city». Жоба қалалық инфрақұрылымды жетілдіруді қамтамасыз етеді. Олардың қатарына – «ақылды» жарықтандыру, аялдамалар мен автобустарда wi-fi, бейнебақылау камералары және т. б. Мектеп оқушылары үшін құрылған-асханалар, е-кітапханалар, ата-аналардың балаларының сабаққа қатысуы туралы телефондарына sms-хабарламалар келеді және оқушылардың қауіпсіздігі үшін бейнекамералар және т.б. орнатылады. Сонымен қатар билеттерді сатып алу, коммуналдық шоттарды төлеу сияқты басқа да қызметтер цифрландыруға көшеді. Қазақстандықтар үшін денсаулық сақтау саласындағы қызметтерді алу үдерістерін, мысалы, дәрігерлер қабылдауына онлайн тіркелу жеңілдету үлкен көмек болды.

Бүгінде барлық медициналық ұйымдар компьютерлермен жабдықталған және интернет желісіне 100% қосылған. Қабылданған шаралар халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартты. Сонымен қатар дәрігерлердің жұмысын жеңілдетті. Электрондық қызметтер арқылы алдын-ала жазылудың арқасында емханалардағы ұзын-сонар кезектер 30% – ға дейін төмендеді. Бұл пациенттердің емханада өткізетін уақытын екі есе азайтты. Білім беруді саласын цифрландыру аясында мектептер компьютерлік технологиялармен жабдықталды. Оқушылар электрондық күнделіктер мен журналдарды қолданысқа енгізді. Елімізде мектептердің 90% интернетпен қамтамасыз етілген.

Цифрландыру ауыл және қала мектептері арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты 30% – ға қысқартуға мүмкіндік берді. Мемлекеттік бағдарлама аясында ШОБ-ты қолдауға және оның дамуына қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөлінді. Мысалы, іске қосылған «Астана-1» ақпараттық жүйесі кеден декларацияларын шығару мерзімін барынша қысқартты және автоматты режимде 1,3 млн декларация өңдеді. Бизнес үшін сауда жүргізу жағдайларын жақсартуға және «көлеңкелі» экономиканы анықтауға мүмкіндік беретін «электрондық шот-фактуралар», «тауарларды таңбалау» жүйелері іске асырылды. Сондай-ақ бүгінгі күні 540 мың бақылау-кассалық машиналар пайдаланылуда, олардың 95% – ы «онлайн» режимінде жұмыс істейді.

Барлығына белгілі, бір дүниені жүзеге асыру үшін алдымен оны ойлап табу керек. Сондықтан Қазақстанда стартаптардың тиімді жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізу үшін – елге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы инновациялық идеялары бар талантты адам қажет. Қазіргі таңда стартаптарды дамыту үшін «Astana hub» технопаркі, венчурлық қорлар, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер базасында барлық жағдай жасалған. 2019 жылы 25 халықаралық ұйымдармен инновациялық өзара іс-қимылды дамыту аясында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бұл жағдай стартап мәдениетін дамыту үшін және отандық стартап-жобаларға 18 миллиардтан астам теңгені тартуға мүмкіндік берді. Соңғы екі жылда Қазақстанның IT-нарығына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 32,4 млрд. теңгені құрады. Қазақстандық әзірлеушілер дамыған халықаралық экожүйе деңгейіне тез көшуде. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдар қазақстандық IT-компаниялармен арнайы ынтымақтастық орнатуды жөн көреді.

Озық технологияларды дамыту аса маңызды рөлге ие. Біз цифрлық әлемнің жетістіктерін толық көлемде пайдалана алуымыз керек. Мемлекет алдында кең ауқымды міндет тұр – әрбір адамды цифрлық технологияларды пайдаланудың базалық дағдыларына үйрету. 2020 жылы 532 мың азамат цифрлық сауаттылық дағдыларын игерді. Цифрландыру дәуірінің ең басты элементі – адамдардың Дүниежүзілік торға еркін қол жеткізуі. Елде 5G ұялы желісін енгізу процесі іске асып келеді және жақын арада қолданысқа енетін болады.

2020 жылдың 10 сәуірінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қазіргі таңда цифрлық мемлекеттің болу үшін ІТ-саласын сапалы жаңа деңгейге шығару жоспарын дайындау қажеттігін атап өтті.



«Жоғарыда айтқанымдай, дағдарыс барлық кемшіліктерді ашып, үлкен мүмкіндіктерге бағыттайды. Біз оларды пайдалануымыз керек. Реформаларды әзірлеу жөніндегі жұмысты қазір бастау керек. Келесі жыл тиімді цифрландыру жұмыстарын жасау керек», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Жаңа тәжірибені ескере отырып, Президент «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қосымша қаржылық шығындарсыз қайта қарауды, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру мен ғылымды түбегейлі реформалауды тапсырды.

Осылайша, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша белсенді жұмыс басталды. Қазіргі уақытта экономика саласын дамытуға және цифрлық технологияларды енгізу арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға серпін беретін 12 бағытта тиісті жұмыстардлы атқаратын топ құрылды. Олардың ішінде инновациялық экожүйе, адами капиталды дамыту, жасанды интеллект, электрондық коммерция, Smart City және басқалар бар. Осы бағыттарды жақсарту бойынша 200 ұсыныс жасалды.

Жұмыс сенімді телекоммуникациялық инфрақұрылымды құруға, сондай-ақ еліміздің әр азаматына цифрлық қызметтер түрін ұсынуға бағытталған. Жергілікті өңірлерде «тыңдау» қағидаты бойынша жергілікті жұмыс топтары құрылды. Бұл топтарда АКТ компанияларының, бизнес-қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және ұлттық компаниялардың 50-ден астам өкілі бар. Сонымен қатар барлық мүдделі азаматтар өз ұсыныстарын бере алады.

Таңдалған іс-шаралар мүдделі мемлекеттік органдармен келісу үшін мемлекеттік бағдарлама жобасына енгізілетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет