Цифрлық нәтижелер
Алдын ала бағалау бойынша, 2025 жылға қарай Қазақстан экономикасын цифрландырудан келетін тікелей пайда - қосымша 1,7 - 2,2 трлн теңгені құрайды. Осылайша 2025 жылға қарай жеке инвестицияларды ескере отырып, инвестициялардың жалпы көлеміне инвестицялардан 4,8 - 6,4 есе қайтарымды қамтамасыз етеді.
ЖІӨ тұрғысынан ең маңызды нәтижесі 12 негізгі жобаға түседі:
1. АT-стартаптардың халықаралық технопаркін құру (Astana Нub);
2. «Интеллектуалды кен орны» жобаларын іске асыру, Индустрия 4.0 технологияларын енгізу, модельдік фабрикаларды құру;
3. Paper-Free принципін енгізу;
4. Зияткерлік көлік жүйесін құру;
5. Электрондық сауданы дамыту;
6. ШОБ үшін цифрлық платформа құру (бірыңғай терезе);
7. Көлеңкелі айналымды қысқарту үшін тауарларды таңбалауға арналған ақпараттық жүйені дамыту;
8. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;
9. Ашық платформаларды (Open API), Big Data және жасанды зердені дамыту;
10. Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде кеңжолақты желіні жүргізу;
11. Кедендік және салықтық әкімшілікті жетілдіру және электрондық мағлұмдауға көшу;
12. Smart City жобаларын іске асыру.
Цифрландыру экономикалық тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттырудан басқа, әлеуметтік салаларға да оң әсерін береді. Білім беру, денсаулық сақтау және инвестициялық ортада сапалы даму нәтижесі күтіледі. Бұл нәтиже ұзақ мерзімді келешекте әлемнің озық дамыған елдерімен әлеуметтік-экономикалық дамудың алшақтығын айтарлықтай төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |