Дәрістер Цифрлық технологиялар дәуірі «Ақпарат кімнің қолында болса, әлем соның қолында»


«Үнсіз келісім бойынша» - цифрлық дағдылар



бет8/10
Дата14.04.2022
өлшемі36,6 Kb.
#31048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«Үнсіз келісім бойынша» - цифрлық дағдылар

Цифрландыру еңбек нарығында жұмыс істейтін кәсіптер құрамына қойылатын өндірістік талаптардың қазіргі жүйесінен айтарлықтай озық болып отыр. Цифрлық экономика халықтың оның өнімдерін пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдыларға ие болуын талап етеді.

Бүгінде халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылық деңгейі 76,2%-ды құрайды - бұл жаман көрсеткіш емес. Алайда алға қойған мақсаттарға жету үшін оны тек сандық жағынан емес, сапалық тұрғысынан да жақсарту қажет.

Осы мақсатта, Руслан Еңсебаевтың айтуынша, цифрлық экономикаға мамандарды даярлауда, бірінші кезекте, фактілер мен формулаларды жаттатқаннан көрі, ақпараттарды талдау және ойлаудың шығармашылық қабілетін дамыту дағдыларына басымдық беру керек.

Индустрия мен білім беруді жақындастыру мақсатында техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту үшін кәсіпорындарда ЖОО-лардың АКТ кафедраларын, сондай-ақ құзырет орталықтарын құру шаралары қарастырылған.

1. Орта білім беру

Қазіргі таңда ҚР БҒМ бірқатар бастамаларды енгізіп жатыр: Мәселен, 3-4 сыныптарда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді, ол оқыту мен күнделікті өмірде тиімді пайдалану үшін заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің жалпы негізгі білімдерін қалыптастырады.



2. Техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім

ҚР БҒМ деректері бойынша үш мамандық негізінде таңдалған мамандық бойынша АКТ-ны тәжірибеде қолданудың базалық білімін қалыптастыратын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді.

Сондай-ақ, деректерді сараптау, робот құрастыру, нанотехнологиялар, сондай-ақ, BIM технологияларын қолдану, жасанды зерде, заттар интернеті, блокчейн арқылы өнімдер шығаратын жоғары білікті әзірлеушілер секілді жаңа сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби стандарттарға және еңбек нарығына қойылатын талаптарға негізделген білім беру бағдарламаларын жаңартуға арналған іс-шаралар жоспарланып отыр.

Бүгінде Қазақстанда экономика салалары үшін АКТ мамандарын даярлау 11 мамандық бойынша 89 жоғары оқу орнында және 5 мамандық бойынша 318 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жүргізіледі.



3. Стартаптардың экожүйесі

Руслан Еңсебаевтың пікірінше, маңызды әрі қажетті шарт - класс ретінде технологиялық кәсіпкерлердің болуы, ірі жергілікті және халықаралық компаниялар - тапсырыс берушілер, ал орындаушылар - студенттер болатын технологиялық жобаларға арналған «тапсырыстар» жүйесін дамыту.



«Бүгінде бүкіл әлемде техкәсіпкерлер, инженер-өнертапқыштар мен инвесторлардың белсенді өзара әрекеттесу орындарында стартаптар мен инновацияларды дамыту үшін технологиялық кластерлер қалыптастырылуда. Мұндай жобаларды мемлекеттік деңгейде табысты жүзеге асыруға ықпал ететін технологиялық әртараптандыру елдердің экономикалық дамуының жоғары қарқынын және адам капиталын дамытуды қамтамасыз етеді», - деді Руслан Еңсебаев.

Бұл үшін Astana Hub құрылды, жыл басынан бері оның базасында жетілдірілетін стартаптарды іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 33 стартапты дамытып, дайын компаниялар деңгейіне шығару жоспарланып отыр. 2022 жылға дейін - шамамен 300 компания. Сондай-ақ, «Зерде» холдингінің серіктестері, ірі халықаралық IT-компаниялар үш R&D-зертхана (Research and Development) ашады. Олар өнеркәсіптік өндіріске жаңа өнімдер немесе технологиялар шығару үшін даярлық жұмыстары мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет