Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері



бет23/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с

11-тақырып. Лириканы оқыту



  1. Лириканы оқытудың ерекшеліктері

2. Лириканың жеке компоненттерін оқыту


Дәріс мақсаты:

  • Лириканы оқытудың ерекшеліктерін сипаттау;

  • Лириканың жеке компоненттерін оқыту жолдарын қарастыру




  1. Лириканы оқытудың ерекшеліктері

Лирика – шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезімін астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма. Ол әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі. Көбіне өлеңмен жазылады, сюжетке көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезімге, бас-аяғы тұжырымды философиялық ойға жинақталады.
Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі, бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді.
ХХ ғасырда жалпы лириканы тақырыптық тұрғыдан жанрларға жіктеу орнықты. Осы орайда С.Мақпыров: «Лирикалық шығармаларды тақырыптық тұрғыдан саралап, жіктеуге болады. Мәселен, қоғамдық-әлеуметтік, саяси мазмұндағы өлеңдерді әдетте азаматтық лирика, өмір-болмыс сырлары жайлы толғанысқа құрылған пәлсапалық лирика, ғашықтық-сүйіспеншілік немесе жеке бастық сезім күйлерін толғайтын өлеңдерді ғашықтық, әйтпесе интимдік лирика, көңіл-күй лирикасы, сондай-ақ, табиғат лирикасы деп талдау-таразылау әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар үрдіс», – деп жанр мен тақырыптың үндестігін атап көрсетеді. Сондықтан қазақ лирикасының жанрлық сипаты дегенде, азаматтық, табиғат, махаббат, философиялық лирика деп жіктеп қарастырамыз.
Лириканы оқытуда баланың жасы мен жеке бас ерекшеліктерін ескеру керек. Лирика табиғатын меңгерту жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге бірте-бірте сатылап күрделеніп отырады. Лириканы оқытқанда жанр табиғатынан аулақтап, жол қуалаушылыққа салынбау керек. Дидактикаға кең жол ашып, өлеңнің поэтикалық тұтастығын бұзбауға, әрбір жолды қарасөзбен түсіндіріп, ақылгөйлікке салыну да жөн емес. Лириканы оқытқанда көркемдік тұтастыққа нұсқан келмейтіндей, лирикалық қаһарман бейнесі, өлеңнің поэтикалық тынысы, әр автордың өзіне тән жүйемен ішкі сезім әсер арқылы қабылданып, түсіндіріледі.
Шығарманың поэтикасын, өлеңнің көркемдігі мен мәнін түйсіну, терең де тебірене қабылдау қабілеті бірте-бірте жетіліп, жоғары сыныптарда қалыптасады.
Лирика асығыстықты, үстірт оқуды сүймейді. Оқушының әр туындыны тұшынып оқуына, түсініп меңгеруіне, іштей жинақтауына мүмкіндік жасау керек. Басты шарт – ақынның сөз өрімін, өзекті ойын тікелей ұғыну, шығарманың әсем сазы мен сөз өрнегі арқылы ой құшағына бөленуі, келістіріп оқу арқылы ынта-ықыласын соған аудару.
Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым-қатынасында. Әсіресе, 5-8 сыныптар оқушыларының көбі поэзиядан гөрі, қызықты мазмұны бар, айтайын деген ойының бәрі бадырайып тұратын прозалық шығармаларды ұнатады. Лирикалық шығармаларды құлақпен емес, жүрекпен, сезіммен қабылдау керек десек, ол шығармаларды бала қалай меңгерді, нені сезді, неге тебіренді, қандай көңіл күйде болды, оны тексеру де мұғалімге оңайға соқпайтын мәселелер. Міне, сондықтан да лириканы оқытудың күрделілігі осында жатыр.
Лирикалық шығармаларды 5-8 сыныптарда оқытуда мына мәселелерге көңіл бөлу керек:
а) лирика туралы әдеби-теориялық бастапқы ұғым беру, оны, біріншіден тереңдете беру.
ә) өлеңді үйде алдын ала оқып, танысуға беру.
б) мұғалім өлеңнің поэтикалық көркем тіліне, құрылымына міндетті түрде назар аударуы, өзі талдамас бұрын, оқушылармен жұмыс жүргізуі керек.
в) өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа оқуға ерекше көңіл бөлу.
г) өлеңдегі ақынның көңіл-күйін бағдарлату, оқушылардың өз сезімі, өлеңнің әсеріне де назар аударту.
д) тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін, басқа да өнер туындыларын, көрнекілікті, үйлесімді, тиімді пайдалану.
ж) тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу. Жағымды ахуал жасау (балаларға ұрыспау, т.б.).
з) қабілеттерін, шабыттарын ояту, белсенділіктерін арттыру мақсатында шығармашылық сипаттағы әдіс-тәсілдер пайдалану.
и) әр түрлі сабақ үлгілерін іздену.
Лирикалық шығармаларды өтуде оқушылардың шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу керек. Осы сабаққа қабілеттеріне қарай өлең жаздыру, сурет салдыру немесе шағын шығарма-суреттеме жаздырудың маңызы зор болмақ.
Лирикалық шығармаларды көркемөнер туындыларымен байланыстыра өтудің маңызы зор. Мысалы Жұмағали Саиннің «Есімде Айдар өзені», сондай-ақ Қ. Аманжоловтың «Туған жер», «Домбыра» (8-сынып) өлеңдерін өту кезінде музыкамен байланыстырудың маңызы зор болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет