Дәрістер жинағЫ 1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері



бет1/33
Дата09.02.2023
өлшемі172,77 Kb.
#66471
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Д рістер жина Ы 1-та ырып. дебиетті о ыту дістемесі п ні, ма с


«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәнінен
ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ


1-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәні, мақсат-міндеттері



  1. Әдебиет пәнінің ерекшеліктері

  2. Әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсат-міндеттері



Дәріс мақсаты:

  • Әдебиет пәнінің ерекшеліктерін пайымдау;

  • Әдебиетті оқыту әдістемесінің мақсат-міндеттерін айқындау.




  1. Әдебиет пәнінің ерекшеліктері

Мемлекеттік білім бағдарламасы оқу стандартында оқыту мен тәрбиелеу жүйесін жетілдірудің мақсаты – қазақстандық елжандылық, азаматтық ізгілік және жалпы адамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде жастардың жеке тұлға ретіндегі сапа қасиетін қалыптастыру екені нақты көрсетілген. Бұл міндеттерге қол жеткізуде әдебиет пәнінің ролі мен оқытудың ерекшелігі айқындала түседі. Әдеби білім берудің негізгі бағыты – адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен роліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан дүниесінің баюына, өзіндік көзқарасының, шығармашылық белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау. Әдебиетті оқыту әдістемесі мәдениеттің дамуына қазіргі ғылым мен мәдениеттің дамуына өзіндік үлес қосып, оқытудың әлемдік білім тәжірибелерімен сабақтаса, үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі ерекшелігі – оның көркем өнердің бір түрі екендігінен туындайды. Әдебиет адам болмысының алуан сипаты мен байлығын көркем бейнелер арқылы суреттей отырып, өмірді эстетикалық тұрғыдан танытады. Көркем әдебиетте қоршаған орта бізге сұрыпталып, сана мен сезімге бірдей әсер етерліктей қуатқа ие болып, ең жоғары деңгейде көркем жинақталған әлем ретінде көрінеді. Сондықтан да әдебиеттің адамға етер адамгершілік, эстетикалық, т.б. ықпалы ерекше.
Әдебиеттің өмірді жанды, нақты түрде көркем күйінде бейнелеуі, образдылығы, эстетикалық қиялға қызмет етуі, еркіндігі, өз жан дүниесінен өткізу арқылы қабылдайтын жекелік-даралық төркіні, көп мағыналылығы, танымдық, эстетикалық, тәрбиелік, коммуникативтік функциялары – бәрі қосыла келіп, оны өнердің басқа түрлерімен етене жақын байланыстырады. Сонымен қатар әдебиет – көркем танымы мен қызметінің өзіндік ерекшелігі мол өнердің дербес саласы.
Көркем туындыда эстетикалық жаңа мәнге ие болған тіл тірі, жанды сөз ретінде көркем бейненің «құрылыс материалы» және де тілдік норма ретінде көрінеді. Көркем әдебиетте өнердің заңдылығы мен тіл заңдылығы өзіндік бірлік қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан әдебиетті тиімді оқыту мен ұтымды игеру мәтін тілінің көркемдік функциясына тұрақты да үнемі жете мән берген жағдайда ғана мүмкін. Сол сияқты қазақ тілі сабағы көркем сөз үлгілерін қажет етеді, тіл білімі көркем әдебиет үлгілерін негізге алу арқылы нысандарын біршама таныта алады.
Әдебиет пен ана тілі пәндерінің ұлттық таным саласындағы байланыс-бірлігі де алуан түрлі. Өнердің бір түрі ретінде әдебиет мораль, дін, философия, дәстүр секілді қоғамдық сананың басқа түрлерімен де тығыз байланыста. Әдебиет туралы ғылым мен әдеби сын өз дамуында тіл білімі, өнертану, этика, эстетика, тарих, психология, логика секілді қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен өзара қатыстық бірлікте болады.
Әдебиет пәні оқу пәні ретінде өзге пәндермен, курстармен әр деңгейде пәнаралық байланысқа түседі: тілдік пәндермен бірлесе отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытады; көркемдік циклдегі пәндермен байланыса отырып, қоршаған ортаға эстетикалық қарым-қатынасты қалыптастырады; қоғамдық циклдегі пәндермен байланыса отырып, адамның қоғамдық болмысын, мән-маңызын айқындауға қатысты проблемаларды қарастырады, тарихи шындық тұрғысында ойлау жүйесін қалыптастырып, оқушылардың тарихи жадын байытады.
Әдебиет пәнінің мектептік пәндер жүйесінде өзіндік ерекшеліктері бар. Олар:

  • Әдебиеттің өнер түрі әрі ғылым екендігі;

  • Әдебиеттің материалы көркем тіл болғандықтан, оның танымдық, тәрбиелік, эстетикалық психологиялық, коммуниккативтік ролі жоғары болады;

  • Әдебиет халық рухымен, ой-санасымен, тарихымен, салт-дәстүрімен тығыз байланысты;

  • Оқушылардың қазақ әдебиетінен алатын білім аясы ұлттық құндылықтарға негізделіп, философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, психология т.б. ғылым салаларымен байланысты болады. Сондықтан, әдебиет көптеген гуманитарлық пәндермен тығыз байланыста оқытылады;

  • Әдебиеттің тұлға қалыптастырушылық ролі ерекше.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет