13
ерекшеліктеріне үңіліп мəн берген емес, оның себебі қазақтардың
философиялық көзқарасы, дүниеге қарым-қатынасынан көрініс берді. Өмірге
философиялық көзқарас олар үшін өмір сүру тəртібі болды. Қазірге дейін
қазақ ұлтының, көп жағдайда материалдық мəдениеті, оның ішінде зергерлік
бұйымдар, тұрмыс жабдықтары, өнер туындылары жəне шаруашылық
əбзелдері жан-жақты зерттелініп келді. Тек бір кемшілігі, рухани мəдениеттің
элементтерін зерттеген кезде қазақ дүниетанымында философияны ғылыми
тұрғыдан ғана емес синкретистік (грек сөзі: əр-түрлі нанымдар мен сенімдер,
жоралар бірлігі) тұрғыдан дамытқаны назардан тыс қалады. Көшпенді ел
табиғат жəне өмір философиясы деп бөліп қараған емес, екеуін
диалектикалық бірлікте таныған. Дүние болмысы мен өмір-тіршіліктегі əрбір
зат, процесс кең мағыналы, көптүрлі мəнге ие жəне олардың философиялық
талдауға, түсінуге, белгілі бір мағыналық маңызға тəуелділігі негізгі
қасиеттерінің бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: