Дәрістер жинағы толық-19-09-2020 (2)



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата25.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#76120
  1   2   3   4   5   6   7   8


5
көзқарасын білдіру; 
-
ойлау жəне сөйлеу мəдениетін қалыптастырып, əртүрлі пікірлерді 
сабырмен қабылдау жəне өз пікірін логикалық заңдылықтарды сақтай 
отырып жеткізе білу. 
-
I БӨЛІМ. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖƏНЕ ДАМУ 
ТАРИХЫ.
1 Тақырып Ойлау мəдениетінің пайда болуы. Философия – 
дүниетаным ретінде 
1.
Философияның пайда болуы. 
2.
Философия пəнінің негізгі бөлімдері. 
3.
Философиялық дүниетаным жəне дүниеге көзқарастың тарихи 
түрлері. 
4.
Философиялық білімнің ерекшелігі жəне функциялары 
5.
Ұлттық жəне қазіргі заманғы философиялық ойлау ерекшеліктері. 
Сабақтың мақсаты: Философиялық көзұарастң ерекшелігін анықтап, 
көзқарастың басқа да тарихи түрлерін сараптау. Философияның негізгі
бөлімдерінің мəні мен мазмұнын ашып көрсету. Философия ұғымының 
анықтамасына тарихи шолу жасау. 
1.
Философияның пайда болуы 
Философия біздің дəуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың 
ортасында, бір-біріне байланыссыз, дербес жəне тəуелсіз түрде Ежелгі 
Үндіде, Ежелгі Қытайда жəне Ежелгі Грецияда пайда болды. Жəне барлық үш 
аймақта да философия – мифология негізінде қалыптасты. Бастапқыда 
философиялық даналық-дəстүрлі өмір салт пен түсінікке қарсы бағытталған 
сын, патриархалды қағидалардың əділдігі мен ақиқаттығына білдірілген 
алғашқы күмəн ретінде қалыптасты. Өйткені табиғи жəне əлеуметтік 
шындықты жеткілікті түсіндіре алмаған діни-мифологиялық сананың 
дағдарысы кезеңінде ақиқатты жалпыдан, табиғ иды жасандыдан ажырату, 
жаңа өмірлік бағдар мен берік те сенімді дүниетаным құру қажеттілігі туды. 
Дүние жəне адамды рационалды ұғыну талпыныстары алдымен алғы 
философияға, содан соң философияға əкелді. 
1.
Кесте 
Философияның қалыптасу кезеңдері
Мифология
Алғашқы қауымдық мəдениет жəне барлық өркениеттер мəдениеті
Алғашқы философия
Египет
Үнді
Месопотамия Иудея
Қытай
Греция
Философия


6
Басқа аймақтардағы философиялық ой кештеу пайда болды жəне олар 
осы үш елдің бірінің философиялық ілімінің негізінде дамыды. 
«Философия» ұғымы (грекше «филео»-құштарлық, махаббат; «софия»- 
даналық) «даналыққа құштарлық» деген мағына береді. «Философия»
атауын тарихта алғаш қолданған Пифагор болды. 
-
Ей, дана (софист)! – дегендерге: 
-
Мен дана (софист) емеспін, бар болғаны даналыққа құштармын 
(философистпін). Нағыз даналық Құдайға ғана тəн! - деп жауап берген 
екен Пифагор. 
Философияның дəстүрлі негізгі сұрағы деп - ойлаудың болмысқа, 
болмыстың - ойлауға (санаға) қатынасы мəселесін айтады. 
Сұрақтың негізгі болуының мəні, маңыздылығы: адамның 
(философияның басты міндеті болып табылатын) қоршаған дүние жəне 
ондағы адам орны туралы тұтас білім жинақтауы, қандай сипаттағы жүйе 
құруын - дəл осы сұраққа беретін жауабына тікелей байланыстылығында. 
Материя жəне сана (рух) - болмыстың қарама-қарсы жəне ажырамас екі 
сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі - 
онтологиялық жəне гносеологиялық жақтары туындайды. 
Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: 
«не бірінші: материя ма, əлде, сана ма?» деген сұрақпен беріледі. 
Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық) 
жағының мəні - «Дүние таныла ма, əлде танымнан тыс па? Таным процесінде 
не бірінші?» - деген сұрақ. 
Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар: 
1)
материалистерге; 
2)
идеалистерге; 
3)
дуалистерге бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет