Дәрістер жинағы толық-19-09-2020 (2)



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата25.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#76120
1   2   3   4   5   6   7   8
Философияның функциялары 
Философияның қызметі (функциялары) - философияның мақсат-
міндеті мен арналуы іске асатын негізгі қолданылу салалары. 
Философияның негізгі функциялары мынадай
1) дүниетанымдық; 
2) методологиялық; 
3) теориялық; 
4) гносеологиялық; 
5) аксиологиялық; 
6) əлеуметтік; 
7) тəрбиелік-гуманитарлық; 
8) сындарлы; 
9) футурологиялық. 
1.4 кесте 


12
5.
Қазақтың ұлттық философиясының даму ерекшеліктері. 
Қазақ мəдениеті көшпенділер мəдениетінің айқын үлгісі ретінде, 
дүниені түсінудің, философиялық қабылдаудың, ойлаудың ерекше формасы. 
Өзінің тереңдігі, дəйектілігі жəне нақтылығы жағынан керісінше, отырықшы 
мəдениетке қарағанда көш озық тұр. Сан ғасырлар бойына қалыптасқан қазақ 
мəдениеті өзіне ғана тəн заңдылықпен дамып отырды жəне басқа халықтарға 
қарағанда қалыптасқан дəстүрді өзгертуге ынталы болмады. 
Батыс зерттеушілері, жаратылыстану ғылымдары дамымағандықтан 
қазақтар тарихында философия мүлде болмаған деген де пікір айтылады. 
Оның бір дəлелі ретінде батыстағыдай арнаулы бір ұғымдар жүйесіне 
негізделген концепциялардың жоқтығын, ұғымдық ойлаудың үлкен маңызға 
ие болмауын тілге тиек етеді. 
Көшпенді қазақ еліне ондай батыстың классикалық үлгідегі 
философиясының қажеті жоқ та еді. Қазақтар өзінің көріп жүрген нəрселері 
мен құбылыстарына, олар туралы біліміне, табиғат ерекшеліктері мен адам 


13
ерекшеліктеріне үңіліп мəн берген емес, оның себебі қазақтардың 
философиялық көзқарасы, дүниеге қарым-қатынасынан көрініс берді. Өмірге 
философиялық көзқарас олар үшін өмір сүру тəртібі болды. Қазірге дейін 
қазақ ұлтының, көп жағдайда материалдық мəдениеті, оның ішінде зергерлік 
бұйымдар, тұрмыс жабдықтары, өнер туындылары жəне шаруашылық 
əбзелдері жан-жақты зерттелініп келді. Тек бір кемшілігі, рухани мəдениеттің 
элементтерін зерттеген кезде қазақ дүниетанымында философияны ғылыми 
тұрғыдан ғана емес синкретистік (грек сөзі: əр-түрлі нанымдар мен сенімдер, 
жоралар бірлігі) тұрғыдан дамытқаны назардан тыс қалады. Көшпенді ел 
табиғат жəне өмір философиясы деп бөліп қараған емес, екеуін
диалектикалық бірлікте таныған. Дүние болмысы мен өмір-тіршіліктегі əрбір 
зат, процесс кең мағыналы, көптүрлі мəнге ие жəне олардың философиялық 
талдауға, түсінуге, белгілі бір мағыналық маңызға тəуелділігі негізгі 
қасиеттерінің бірі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет