Дәрістер жинағы толық-19-09-2020 (2)


ХVІІ-ХІХ ғ. Қазақ ақын-жырауларының философиясының өзіндік



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата25.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#76120
1   2   3   4   5   6   7   8
6.
ХVІІ-ХІХ ғ. Қазақ ақын-жырауларының философиясының өзіндік 
ерекшеліктері. 
Синкретистік ойлауды ежелгі қазақтардаң өмір болмысынан көруге 
болады. Дүниенің жаратылысы туралы, космос пен адам туралы, олардың 
ара- қатынасы туралы, адамның дүниедегі орны, өмір сүру мақсаты 
жазылмаған кітап болса да, заттар мен тіршілік əрекеттерінен айқын 
аңғарылып тұр. 
Өмірдің бастауын ғарыштан, табиғаттан іздейді жəне тарихи-мəдени 
даму барысында өмір сүру тəсілі арқылы тылсым дүние мен табиғат 
үйлесімділігін дəріптейді. Тылсым дүние мен əлемдік үйлесімділік 
арасындағы мəңгілік байланысты қазақ мифологиясының мазмұн-сарынынан 
анық байқаймыз. Барлық əлемдік мəдениет дүние жаратылуын Хаостан 
(Ретсіздік) Үйлесімділік туған деп түсіндіреді. Қазақ аңыздарында, наным- 
сенімдерінде де осы көзқарас көптеп орын алған. Мысалы, Қорқыт туралы 
аңыз, Батырлар жыры дүниеде қарама-қарсылық бірлігін, даму 
заңдылықтарын, өмір мен өлімнің ерекшелігін Ғарыштық тұтастық арқылы 
бейнелейді. 
Қазақ мəдениетінде Басқа дүние де, осы дүние де шындық жəне 
құндылықтар бар деп санайды. О дүние өкілдерінің əрекеті мен істері, осы 
дүние адамдарына жақын, əрі түсінуге мүмкіндік бар. Тотемдік, бақсылық 
жоралардан екі дүние арасындағы байланысты көреміз. 
1.6 кесте 


14
7.
ХІХ ғ. аяғы жəне ХХ ғ. басындағы қазақ ойшылдарының 
гуманистік-ағартушылық философиясы 
Қорқыт туралы аңызда Əулиенің күй құдіреті арқылы өлімді жеңуге 
ұмтылуы осы дүниедегі шарасыздықты, өтпелілікті дəлелдей түседі, тек 
мифологиялық уақыттың мəңгілік болып табылатындығы айтылады. Миф – 
аңыз – екі дүние шекарасы, оларды анықтап, байланыстырып тұрған миф – 
метафора, бір дүние мағынасын жəне құндылықтарын екіншісіне көшіріп 
тұрған. Осылай түсінілген миф үшін тіл, сөз арқылы жеткізу, түсіндіру 
шешуші рөл атқармайды. Қазақ мəдениетінде мифтің өмір сүруінің негізгі 
тəсілі, табиғаттың үнін жеткізуші күй формасында. Логос, Сөз жəне 
Ғарыштық заңдылық – бəрі күйде қосылған, бұл құбылыстарды қарапайым 
күнделікті адам тілімен түсіндіру мүмкін емес. Табиғат үні судың 
сылдырынан, желдің ызыңынан, жапырақтардың сыбдырынан жəне құстар 


15
мен жануарлар шуылынан күй болып құралады. Қорқыт туралы аңызда 
– музыкалық шығармашылықтағы құдіретті күш, адам мен əлемді 
уақыт бастауына, мəңгілік дүниеге қайтару мүмкіндігі айтылады. «Күй» 
деген ұғымның шығу тегі көне түркі тілінде «көк»-аспан, Жаратқан, 
үйлесімділік ұғымына сəйкес келеді. Аңыз бойынша Қорқыт қобызды осы 
үйлесімділік үнін жеткізу үшін жасаған. Қазақ мəдениетіндегі семантикалық 
мазмұн байлығын тұрмыс-тіршіліктің барлық саласынан көреміз. Бəріне 
ортақ бір мақсат, тақырып Тылсым дүние мен Табиғат үйлесімділігі жəне сол 
үйлесімділіктің шырқын бұзбау. Материалды мəдениет заттарын алсақ та, 
рухани құндылықтар үлгісін қарасақ та, осы тақырып өзек болған. Мысалы, 
Киіз үйдің сыртқы формасы, ішкі кеңістігі, негізгі элементтері – барлығы да 
осы Ретсіздік пен Үйлесілімділіктің алмасуын, абсолютті Ғарыштық 
заңдылықты паш етеді. Интуициялық пайымдау арқылы танылған Əлемдік 
заңдылық қазақтардың іс-əрекетіне шығармашылық мүмкіндіктеріне негіз 
болған жəне табиғатпен қарым-қатынасына бағыт-бағдар берген. Киіз үйдің 
тігіліп жəне жығылуы, оның формасының ландшафтқа үйлесілімділігі, 
экологиялық жəне экономикалық, психологиялық жəне биологиялық 
тиімділігі сөз жоқ əлемдік үйлесімділікке бейімделген мəдениет үлгісі болып 
табылады. 
Қазақ халқының сұңғылалығы да сонда, Ғарыштық, Табиғат жəне 
Қоғам дамуының ортақ заңдылығын пайымдап, соны мұқият бақылап, қарсы 
тұрмауға,Табиғи үйлесімділіктің шырқын бұзбауға ұмтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет