15
мен жануарлар шуылынан күй болып құралады. Қорқыт туралы аңызда
– музыкалық шығармашылықтағы құдіретті күш, адам мен əлемді
уақыт бастауына, мəңгілік дүниеге қайтару мүмкіндігі айтылады. «Күй»
деген ұғымның шығу тегі көне түркі
тілінде «көк»-аспан, Жаратқан,
үйлесімділік ұғымына сəйкес келеді. Аңыз бойынша Қорқыт қобызды осы
үйлесімділік үнін жеткізу үшін жасаған. Қазақ мəдениетіндегі семантикалық
мазмұн байлығын тұрмыс-тіршіліктің барлық саласынан көреміз. Бəріне
ортақ бір мақсат, тақырып Тылсым дүние мен Табиғат үйлесімділігі жəне сол
үйлесімділіктің шырқын бұзбау. Материалды мəдениет заттарын алсақ та,
рухани құндылықтар үлгісін қарасақ та, осы тақырып өзек болған. Мысалы,
Киіз үйдің сыртқы формасы, ішкі кеңістігі, негізгі элементтері – барлығы да
осы Ретсіздік пен Үйлесілімділіктің алмасуын, абсолютті Ғарыштық
заңдылықты паш етеді. Интуициялық пайымдау арқылы танылған Əлемдік
заңдылық қазақтардың іс-əрекетіне шығармашылық мүмкіндіктеріне негіз
болған жəне табиғатпен қарым-қатынасына бағыт-бағдар берген. Киіз үйдің
тігіліп жəне жығылуы, оның формасының ландшафтқа үйлесілімділігі,
экологиялық жəне экономикалық, психологиялық жəне биологиялық
тиімділігі сөз жоқ əлемдік үйлесімділікке бейімделген мəдениет үлгісі болып
табылады.
Қазақ халқының сұңғылалығы да сонда, Ғарыштық, Табиғат жəне
Қоғам дамуының ортақ заңдылығын пайымдап, соны мұқият бақылап, қарсы
тұрмауға,Табиғи үйлесімділіктің шырқын бұзбауға ұмтылған.
Достарыңызбен бөлісу: