Дәрістер кешені 1 Телекоммуникациялары. Түрлендірушілер: Байланыс желілер Мақсаты



бет19/47
Дата07.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#17843
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
8. Қателесуден қорғау әдістері.

Ақпараттарды қатесіз беру мәселесін қамтамасыз ету үлкен мәнге ие болып отыр. Егер телеграмма мәтіндегі немесе сөйлескендегі мәтіндегі қателер мәні бойынша жеңіл байқалады. Бір қате деректерді бергенде салмақты түрде ақпарат сапасына әсер етеді. Әдістердің тәжірибеде жүзеге асуы екі бөліктен тұрады – бағдарламалық және ақпаратты. Осылардың арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін. Бағдарламалықпен салыстырғанда аппаратуралық құралдардың меншікті салмағы үлкен болған сайын, жабдықтар күрделірек.

Желідегі ақпаратты беру кезінде туатын қателерінің екі себебін көрсетеді:

• Желіде қолайсыз объективті оқиғаның тууына немесе желідегі жабдықтың бр бөлігіндегі жаңылысу;

• Сыртқы көздер мен атмосфералық құбылыс әсерінен болатын бөгеттер. Ең көп тарағанына флуктуационды (кездейсоқ) бөгеттер жатады. Оның мысалына атмосфералық және индустриалды бөгеттер бола алады, әдетте олар кіші ұзақтықтағы бір импульс пен үлкен амплитуда түрінде көріністе болады. Және де бөгеттер синусоидальді тербеліс түрінде ықтимал. Оған бөтен радиостанция сигналы, жоғары жиіліктегі генераторлар сәулеленуі жатады.

Қателесуден қорғау әдістері ішінде әдістердің үш тобы бөлектенеді: топты әдістер, бөгет тұрақтылық кодирлеу мен кері байланысты беріліс жүйесінде қателіктен қорғау әдістері.

Топты әдістерде ішінен мажоритарлы әдіс, ол Вердан принципін жзеге асырады және ақпаратты блокпен беру әдісі блоктың сандық сипаттамасы кең қолднанылуда. Мажоритарлы әдіс мәні мынада, әрбір шектеулі ұзындықтағы қатынас (сообщение) бірнеше рет, көбіне үш рет беріледі. Қатынас есте сақталады, сосын оларды разрядты салыстыру жасалады. Мысалы, үш мәртелі беріліс кезіндегі 01101 кодты комбинациясы жартылай бөгеттермен бұрмаланады, сондықтан қабылдағыш мына комбинацияны қабылдайды: 01101, 01110, 01001. Әрбір позицияны тексеру нәтижесіндегі жеке дұрыс деп 01101 комбинациясы саналады.

Басқа топтың әдісте ақпаратты қайта кодирлеуді талап етпейді, деректерді блоктап беруді ұйғарады. Ондай сипаттамалар болуы мүмкін: блоктағы бірлік саны немесе ноль, блокта берілетін символдарының бақылау соммасы, бақылау соммасын тұрақты шамаға бөлу қалдығы және т.б. Қабылдау пунктінде бұл сипаттама қайта есептеледі және берілген байланыс канал бойынша салыстырылады. Егер сипаттамалар сәйкес түссе, блокта қате жоқ деп саналады. Кері жағдайда беру тарапына блокты қайталап беруін талап ететін сигнал беріледі. Қазіргі ТЕЖ – де мұндай әдіс ең кең таралған.

Бөгет тұрақты (артық) кодирлеу кеңінен тек телекоммуникациялық жүйеде ғана емес, сонымен ЭЕМ қолданылады. Ол байланыс жүйедегі жұмыстың жоғары сапалы көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді. Оның негізгі белгіленуі – желіс жұмысында бөгет немесе жаңылуға қарамастан берілетін ақпараттың бұрмалануының кіші ықтималын қамтамасыз ету.

Кодтарды корриктерлеудің ең маңызды көрсеткіштері санына қатысты:

• Код маңыздылығы, немесе кодты комбинация ұзындығы, оған ақпаратты символдар (бастан) және тексерісті немесе бақылау символдар (К). Әдетте n кодының мәні Т + К соммасы;

Кизб кодының артықшылығы, кодты бақылау символының саны қатынасында көрінеді – кодтың мәнділігі.

• ККС кодын корректирлегіш қабілет, кодты косбинация санының L, берілген код комбинациясы М жалпы санына қатынасына көрсетеді;

Олардағы қателер байқалып түзетіледі. Корректирлегіш кодты таңдау телекоммуникациялық жүйені ақпаратты беру дұрыстығы бойынша талапқа тәуелді. Кодты дұрыс таңдау үшін қателік туу заңдылығы, сипаты, уақыт ішіндегі саны мен бөлінуі жөнінде статикалық деректер қажет. Мысалы, корректирлегіш код тиімді болады, егер қателіктер статикалық тәуелді болған жағдайда, ал олардың пайда болуы ықтималдығы кейбір шамалардан аспайды. Ол қателіктер топпен пайда болғанда жарамсыз ТЕЖ – де корректирлегіш кодтар негізінен қателіктерді, түзетулкрді байқау үшін қолданылады, ол бұрмаланған ақпаратты қайталап беру жолымен жүзеге асады. Осы мақсатта желістерде кері байланыс беру жүйесі пайдаланылады (абоненттер арасында дуплексті байланыстың болуы мұндай жүйені қолдануды жеңілдетеді).

Кері байланыс беру жүйесі шешуші кері байланыс жүйесі мен ақпараттық кері байланыс жүйесіне бөлінеді.

Шешуші кері байланыс жүйесінің ерекшелігіне ақпараты қайталап беру қажеттігі жөнінде шешімді қабылдағыш қабылдайды. Мұнда міндетті түрде бөгет тұрақты кодирлеу қолданылады, оның көмегімен қабылданатын ақпаратты тексеру қабылдау станциясында жүзеге асады. Қателік байқалғанда кері байланыс арна бойынша беру тарапына қайта сұрау сигналы жіберіледі, ақпарат қайталап беріледі.

Ақпаратты кері байланыс жүйесінде ақпаратты беру бөгет тұрақты емес кодирлеумен жүзеге асады. Қабылданған ақпаратты қабылдаған қабылдағыш оны өз жадына белгілеп, оны толық көлемде таратқышқа кері байланыс каналы бойынша береді, берілген және қайтарылған ақпарат салыстырылады. Сәйкес түскенде таратқыш қабылдағышқа растау сигналын жіберіді, кері жағдайда барлық ақпаратты қайталап беру жүреді. Сөйтіп, мұнда берілісті қайталау қажет шешімді таратқыш қабылдайды.

Осы екі жүйеде бірдей дұрыстықты қамтамасыз етеді, алайда шешуші кері байланыс жүйесінде каналдардың өткізу қабілеті тиімді пайдаланылады, сондықтан олар кең таралған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет