Дәрістер кешені 1 Телекоммуникациялары. Түрлендірушілер: Байланыс желілер Мақсаты


Мобильды коммуникациялары. Мобильды байланыс жүйелері



бет20/47
Дата07.01.2022
өлшемі0,89 Mb.
#17843
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Байланысты:
Дәрістер кешені Телеком

3 Мобильды коммуникациялары. Мобильды байланыс жүйелері
Мақсаты: Телекоммуникациядағы коммутация, телекоммуникациялық желілер мен технологиялары негізгі деректермен танысу
Жоспар:

1. Мобильды коммуникациялары

2. Ұялы радиобайланыстың тағайындалуы мен ерекшелектері

3. Ұялы желінінің құрылымы

4. Мобильды байланыс жүйелері. Радиотелефондары

5. Ұялы байланыстың буындары – аналогтык, цифрлік байланыс

6. Мобильды спутниктік жүйелері

7. Сымсыз локалды желі (WLAN).


1 Мобильды коммуникациялары
Оның жалпы қамту аумағы жеке базалық станциялардың қамту аумағымен анықталатын ұяшықтарға бөлінген. Ұяшықтар бір-бірін көмкеріп, желі құрайды. Тегіс және ашық жердегі қамту аумағының базалық станциялары шеңбер пішінді болып келеді, сондықтан олардан құралған желі алты бұрышты ұяшықтардан құралған бал арасының ұяшығына ұқсас болып келеді. Желі бірдей жиілікте жұмыс істейтін, кеңістікте таралатын қабылдағыш-таратқыштардан, қозғалыстағы абоненттердің орнын алдын ала анықтау және оның бір қабылдағыш-таратқыштың қызмет көрсету аумағынан басқа қызмет көрсету аумағына ауысу кезіндегі байланыстың үзіліссіздігін қамтамасыз ететін коммутаторлық жабдықтардан тұрады. Ұялы байланыстың алғашқы жүйелері 1946 ж. АҚШ-тың Сент-Луис қаласында жасалды. Бұл байланыс жүйелері автомобильдерде орнатылып, жеткілікті дәрежеде үлкен аумақты қамтамасыз ететін бірыңғай орталықпен байланыстырылды.

GSM-900 байланыс жүйесі

XX ғасырдың 70-жылдарының аяғында Солтүстік Еуропа мемлекеттерінде 450 МГц жиілікте жұмыс істейтін NMT-450 стандарты енгізілді. 1986 жылдан жүйенің абоненттік сыйымдылығын кеңейтетін және функционалдық мүмкіндіктерін арттыратын NMT-900 стандарты қолданыла бастады. Алғашқы тәжірибелі GSM желісі 1990 ж. пайда болып, 1992 ж. алғаш рет Германияда қолданысқа енді. GSM-900 — қозғалмалы байланыс жүйесінің ең кең тараған түрі. Оператордың жиілік ауқымы 890—960 МГц. GSM-900 стандартының басқа стандарттармен салыстырғандағы басты артықшылығы телефон аппараттары өлшемдерінің шағын болуы және аккумуляторының зарядталмай ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі. GSM операторында орнықты байланыс ең жақын базалық станциядан (үдеткіштер мен антенналар қолданғанда) 35 км-ге дейін жетеді. GSM-900 стандартында бөгде қосылудан қорғану үшін абоненттің арнайы модулі — SIM-карта қолданылады. Бұл картада белгілі абонент туралы нақты ақпарат жазылған микросұлба орнатылады, сондықтан оны GSM стандартты кез келген ұялы аппаратта қолдануға болады. Әрбір картаның арнайы идентификациялық нөмірі болады. SIM картаның тағы бір жетістігі абонент аппаратты ауыстырғанда оның ұялы нөмірі және ондағы барлық ақпараттар сақталады.



8 сурет – Мобильді коммуникациялары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет