Дәріс 2. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР ҚҦРЫЛЫСЫ
Дербес компьютер туралы түсінік
Негізгі құрылғылар
Қосалқы құрылғылар
Енгізу-шығару құрылғылары
Дербес компьютерлердің (ДК) барлық құрылғылары екі топқа бӛлінеді, олар: негізгі
құрылғылар – бұларсыз компьютерлер жұмысы жүргізіле алмайды және қосалқы
құрылғылар – бұлар компьютерлердің жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңітеді.
Негізгі құрылғыларға (блоктарға) жүйелік блок, монитор және пернетақта жатады.
Монитор экранда графикалық және мәтіндік ақпараттарды бейнелеп кӛрсету (шығару)
үшін қажет. Пернетақта – мәліметтер мен командаларды машинаға енгізуге арналған
негізгі құрылғы. Жүйелік блокқа барлық құрылғылар – монитор, пернетақта, тышқан,
принтер, модем, және т.б. сымдар арқылы бір-бірімен тікелей қосылып тұрады.
Жҥйелік блокта мыналар орналасады:
аналық тақшада мына элементтер орналасқан: микропроцессор, жедел жады,
сыртқы құрылғылар (дыбыстық, бейнелік тақшалар, т.б. жалғанатын қосқыш тарақшалар);
микропроцессор – арифметикалық-логикалық амалдарды орындап, барлық
құрылғыларды басқарып отырады;
компьютер жады – ішкі (жедел немесе оперативті жады мен тұрақты жады) және
сыртқы жады (дискіжетектер, винчестер, CD-ROM).
IBM (International Business Machines) фирмасы – соңғы біраз жылдардан бері дербес
компьютерлер шығарудан дүние жүзі бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан АҚШ
компаниясы.
Микропроцессор – компьютердің ең маңызды элементі, ӛйткені ол
программалардың орындалу жылдамдығын анықтайды. Дербес компьютерлер пайда
болғаннан бері бірнеше процессорлар буындары ауысты, оларды жұмыс ӛнімділігі
бойынша мынадай тізбекпен кӛрсетуге болады: 8088, 286, 386, 486, Pentium, Pentium Pro
және т.с.с. Осы процессорлардың параметрлік кӛрсеткіштеріне, яғни сипаттамаларына
мыналар жатады:
разрядтылығы – компьютерлік информацияның 8, 16, 32 немесе 64 бит болып
қатар тасымалдануын анықтайтын оның "тактылық" ені;
тактылық жиілігі – бір секундта процессор орындай алатын командалар санының
кӛрсеткіші (мегагерцпен – МГц ӛлшенеді). Әдетте процессордың тактылық жиілігі 1000 –
3000 МГц айналасында болады.
Микропроцессор қҧрамы:
арифметикалық-логикалық құрылғы – микропроцессор командаларын орындауды
іске асыратын ішкі операцияларды (микрооперацияларды) атқарады;
басқару құрылғысы – программалық басқару принципі негізінде компьютердің
барлық құрылғыларын басқарады;
микропроцессорлық жады – микропроцессордың регистр деп аталатын бірсыпыра
сандарды есте сақтай алатын ішкі жады. Олардың бірнешеуі операцияның орындалуына
қажет шамаларды – операндаларды сақтау үшін керек, осыларды жалпы мақсаттағы
регистрлар деп атайды (RON). Командалар регистрі (RK) орындалуға дайындалған
ағымдағы командаларды есте сақтау үшін қажет. Командалар санауышы регистрінде
орындалып жатқан команда адресі сақталады. Программа орындалуы алдында оның
бастапқы адресін командалар санауышына жазып қою керек.
Дербес компьютердің жүйелік шиналары (сымдары) негізін құрайтын интерфейстік
жүйе болып табылады, ол микропроцессорды компьютердің негізгі және сыртқы
жадыларымен байланыстырып тұрады.
Компьютердің негізгі жады:
жұмыс істеп тұрған программа мен оған қажет мәліметтерді осы сәтте есте сақтап
тұратын жедел (оперативті) жадынан;
жұмыс істеуге тұрақты керек болатын компьютердің тұрақты жадынан тұрады.
Бұл екеуінде де мәліметтер жеке ұяларда сақталады, олардың әрқайсысының ӛзіндік
адрестері (нӛмірлері) болады.
Компьютердің сыртқы жады орнынан алынбайтын мәлімет жинақтауыштан – қатты
магниттік дискілерден (винчестерден) тұрады. Қатты дискілер компьютерде
программалар мен мәліметтерді тұрақты түрде ұзақ уақыт сақтау үшін керек. Қазіргі
кездегі кӛптеген программаларды дискілерсіз орындау мүмкін емес. Кӛлемдері шағын
алмалы-салмалы дискеттерге қарағанда, қатты дискілер орнынан алынбайды, сондықтан
олар стационарлық дискілер деп те аталады. Қазіргі қатты дискілер кӛлемі 80-100 Гбайт
аймағында болады.
Кӛлеміне және жұмыс істеу сенімділігіне қарай оптикалық лазерлік дискілер кеңінен
таралуда. Мәлімет жазылатын, әрі оқылатын оптикалық дискілерді компакт-дискілер деп
атайды (Compact Disk – CD-диск). Олардың кӛлемі 700-750 Мбайтқа дейін жетеді, ал одан
мәлімет оқылу жылдамдығы – 30-дан 300 миллисекундқа дейінгі аралықта болып отыр.
Әрбір компьютерде алмалы-салмалы иілгіш магниттік дискідегі мәлімет
жинақтауыштар бар. Олар үшін дискеттер (флоппи-дискілер) қолданылады, кӛлемі – 1,44
Мбайт.
Микропроцессор жүйелік шиналар арқылы компьютер жадынан басқа да оның
тӛмендегідей компоненттерімен байланысады:
электр импульстарының үздіксіз тізбегін қалыптастыратын тактылық импульстар
генераторымен қосылады, оның жиілігі машинаның тактылық жиілігін (жылдамдығын)
анықтайды;
ішкі электрондық сағат рӛлін атқаратын ӛзіндік қоректену блогы (аккумуляторы)
бар таймермен қосылады, ол машинаны ӛшіріп қойғаннан кейін де жұмыс істей береді;
желілік адаптер арқылы байланыс арналарымен қосылады. Желілік адаптер
компьютерді басқа компьютерлердегі мәліметтермен қатынас жасата алатын жергілікті
желіге қосу мүмкіндігін береді;
арнайы қосқыш тарақша (разъем) арқылы пернетақта қосылады;
бейнелік адаптер кӛмегімен монитор қосылады;
принтер адаптері арқылы принтер қосылады;
қоректену блогы қосылады.
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары ретінде компьютерге жоғарыдағыдай
түрде қосылатын әр түрлі перифериялық, шеткері құрылғылардың жұмыс кезінде
атқаратын рӛлі мен маңызы зор. Олар компьютерлердің пайдалану мүмкіндіктерін
кеңейтіп, техникалық сипаттамаларын да анықтайды. Шығарылатын перифериялық
құрылғылардың кӛп түрлілігі олардың ішінен компьютерлерді тиімді пайдалануға септігін
тигізетіндерін таңдауға кӛмек береді.
Компьютерлік жүйенің атқаратын қызметтеріне қарай перифериялық құрылғылар
екіге бӛлінеді. Бірінші топқа компьютердің ӛз жұмысын атқаруына ӛте керекті
құрылғылар жатады. Оларды әдетте жүйелік перифериялық құрылғылар деп атайды. Бұл
топқа бейнелік монитор, пернетақта, қатты диск мен иілгіш дискідегі мәлімет
жинақтауыштар және баспа құрылғысы (принтер) жатады.
Екінші топқа магниттік таспадағы мәлімет жинақтауыштар, графикалық ақпаратты
енгізу құрылғылары (дигитайзерлер), графикалық ақпаратты шығару құрылғылары
(плоттерлер), модем, сканер, аудиотақша, тышқан немесе трекбол, коммуникациялық
адаптерлер және т.с.с. жатады. Олар мамандандырылған компьютерлерге қосымша
мүмкіндіктер береді. Бірақ олардың пайдаланылуы арнайы жұмыс түріне байланысты
анықталады. Сол себепті бұл топтағы құрылғылар қосымша перифериялық құрылғылар
деп аталады.
Перифериялық құрылғылар компьютерге жүйелік блоктың сырт жағындағы арнайы
тарақша ұялар (разъемдар) арқылы қосылады. Бұл топқа монитор мен пернетақтадан басқа
мына құрылғылар жатады:
принтер – мәтіндік және графикалық мәліметті баспаға шығару құрылғысы;
тышқан – компьютерге мәлімет енгізуді жеңілдететін құрылғы;
джойстик – жеңіл қозғалатын тұтқасы бар ұршық тәріздес қолтетік, негізінен
компьютерлік ойындар үшін қолданылады, т.б. құрылғылар.
Кейбір құрылғылар, мысалы, әр түрлі сканерлер (компьютерге сурет пен мәтін
енгізуге арналған құрал), жүйелік блокқа байланысудың аралас тәсілдерін пайдаланады:
жүйелік блокқа сканер жұмысын басқаратын электрондық тақша (контроллер)
орнатылады да, ал құрылғының ӛзі сол тақшаға шоқсым – кабель арқылы қосылады.
Қазіргі кезде жаңадан жасалған, бұрынғыдан гӛрі жетілдірілген перифериялық
құрылғылар шығарылып жатыр.
Процессор жадымен бірігіп жұмыс атқарады. Компьютерде екі ішкі жад болады:
тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) және жедел сақтау құрылғысы (ЖСҚ).
Компьютерді алғаш қосқанда, ТЕСҚ-дан ақпарат алынады да, одан соң компьютерге
орналастырылған операциялық жүйе іске қосылады. Компьютерді сӛндіргенде ТЕСҚ-дағы
ақпараттар ӛшпейді.
Тҧрақты жады яғни тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM, Read Only Memory) —
ӛзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтауға пайдаланатын жады. Жадының мазмұнын
арнайы қондырғыны жасаған кезде тұрақты сақтау үшін орнатылады. ТЕСҚ-нан тек оқуға
болады.
Оперативті жады (RAM, Random Access Memory) — бұл шағын кӛлемді,
процессормен тікелей байланысқан, программалар мен мәліметтерді жазу, оқу және
сақтау, ол программалары ӛңдеу үшін қолданылатын жылдам есте сақтау құрылғысы.
Оперативті жады мәліметтер мен программаларды уақытша сақтау үшін пайдаланылады,
машинаны ӛшірген кезде оперативті жадыдағының барлығы ӛшеді.
Кэш немесе аса жоғары оперативтік жады — микропроцессор мен оперативті жады
арасында мәліметтер алмасуда ақпаратты ӛңдейтін процессормен оперативтік жадының
жылдамдық айырмашылығын реттеу үшін пайдаланылатын шағын кӛлемді, аса шапшаң
есте сақтау құрылғысы.
Кэш-жадыны орындалып жатқан программаға талдау жасай отырып, жақын уақытта
процессорға қандай командалар мен мәліметтер қажеттігін алдын-ала болжап, қосуға
әрекет ететін контроллер деп аталатын арнайы қондырғы басқарады. Бұндай жағдайда дәл
түсу мен ауытқулар болуы мүмкін. Егер кэшке қажетті мәлімет берілген жағдайда оны
жадыдан шығару тежелусіз орындалады. Егер кэшке қажетті ақпарат берілмей қалса, онда
процессор оны тікелей оперативтік жадыдан оқиды. Дәл түсу мен ауытқулар сандарының
қатынасы кэштеу тиімділігін анықтайды.
Кэш-жады DRAM-мен (SDRAM) салыстырғанда шапшаң әрекет ететін,
сыйымдылығы аз SRAM статикалық жады микросхемасында жүзеге асады. Қазіргі кездегі
микропроцессорларда бірге орнатылған ӛлшемі 8, 16 немесе 32 Кбайттық бірінші деңгейлі
кэш-жадылары бар. Сонымен қатар, компьютердің жүйелік платасына сыйымдылығы
256, 512 Кбайт және одан жоғары екінші деңгейлі кэш-жадылар орналастырылған.
Енгізу-шығару құрылғылары: енгізу құрылғысы арқылы ӛңделетін ақпараттар,
бағдарламалар компьютердің жедел жадысына енгізіледі, ал шығару құрылғысы арқылы
нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін тілде шығарылады. Енгізу құрылғыларына
пернетақта, тышқан, джойстик, ӛлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер жатады.
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және
цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген ақпараттарды енгізуге болады. Тышқан
– экран бетінде курсорды тезірек қозғалтуға арналған құрылғы.
Шығару құрылғысына принтер, монитор және график тұрғызушылар жатады.
Монитор - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. Принтер -
ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің үш түрі болады:
матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Сыртқы жады ретінде магниттік дискілер, яғни
кӛбінесе диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискеттер пайдаланылады.
Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін CD-ROM
қолданылады. Жаңа ақпараттарды қайта жазу үшін арнайы қондырғы – CDRITTER
қолданылады.
Компьютердің қосымша құрылғыларына: модем, стриммер, сканер, плоттер және т.б.
жатады.
Стриммер – мәліметтерді магниттік таспада жазып сақтауға арналған құрылғы
(компьютерлік магнитофон). Стримерлер шағын магниттік таспалы касетаға үлкен
кӛлемдегі ақпараттарды жазады. Стример қондырғысы ақпаратты жазған кезде автоматты
түрде оның кӛлемін сығып тығыздайды да, оқыған кезде сақталған ақпаратты қалпына
келтіріп кӛлемін ұлғайтады. Стримерлердің кемшілігі ақпараттарды жазу, іздеу және оқу
кезіндегі жылдамдығының салыстырмалы түрде тӛмендігі болып табылады.
Плоттер (графопостроитель) — компьютердің басқаруымен графиктер, суреттер
және диограммалар сызатын құрылғы. Плоттерлер күрделі конструкторлық сызбалар,
архитекторлық жоспарлар, географиялық және метеорологиялық карталар іскерлік
схемалар алу үшін пайдаланылады. Плоттерлер қаламұштың кӛмегімен бейнелерді
сызады.
Роликті плоттерлер қағазды қаламұштың астына орап алып келсе, планшетті
плоттерлер қаламұшты горизонталь жатқан қағаздың бетінде жылжыта отырып сызады.
Плоттерге де принтердегі сияқты арнайы программа драйвер қажет. Ол программа
қаламұштың жоғары, тӛмен қозғалысын реттеп, берілген қалыңдықта сызық сызуды
орындатады.
Сканер — графикалық бейнелерді, құжаттарды компьютердің жадысына енгізетін
құрылғы. Егер принтер компьютердегі ақпаратты қағазға шығарса, сканер керісінше
қағаздағы құжаттарды компьютердің жадысына ауыстырады. Сканерлердің құжат бетінде
қолмен жылжыта отырып істейтін және кӛшіретін машинаға ұқсас планшетті түрлері
бар.
Мәтінді сканер арқылы ӛткізгенде компьютер оны символдар тізбегі түрінде емес, сурет
ретінде қабылдайды. Графикалық мәтінді кәдімгі символдық форматқа түрлендіру үшін
образды оптикалық түрде танитын программалар пайдаланылады.
Модем — компьютердегі мәліметтерді алыс қашықтықтарға телефон желісінің
байланысы арқылы тарату құрылғысы. Модем компьютердегі сандық сигналдарды дыбыс
жиілігі диапазонындағы айнымалы токқа түрлендіруді қамтамасыз етеді — бұл процесс
модуляция деп аталады, ал оны кері түрлендіру демодуляция деп аталады. Осыдан
қондырғы модем атауы шыққан. Байланыс орнату үшін бір модем телефон номері арқылы
келесісін шақырады, ал ол шақыруға жауап береді. Сонан соң модемдер ӛздеріне тиімді
байланыс режимінде бір-біріне сигналдар жібереді. Бұдан кейін таратушы модем
модуляцияланған мәліметтерді келісілген жылдамдықпен(ӛлшемі бит/секунд) және
келісілген форматта жібереді. Байланыстың екінші жағындағы модем қабылдап алған
ақпаратты сандық түрге түрлендіреді және оны ӛзі қосылған компьютерге береді.
Байланыс сеансын аяқтағаннан кейін модем ізбектен ажыратылады.
Модемді басқару арнайы коммутациялық программалық қамтамасыз арқылы жүзеге
асырылады. Модемдер конструктивті түрде сыртқы (шағын қорап) және ішкі
(компьютерлік плата) құрылғылар түрінде жасалынады. Екі түрінің де ӛзіндік
артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Сыртқы модемдер компьютерге кабель арқылы жалғанады. Олар жұмысы орнықты,
жағдайын кӛрсетіп тұратын индикаторлары бар. Бірақ сыртқы модемдер электр тогы
кӛзіне жеке жалғанады, белгілі бір кӛлемдегі орын алады.
Ішкі модемдер компьютердің ішінде жүйелік платаға орнатылады, қорек кӛзін
компьютерден алады, олар сыртқы модемге қарағанда арзан. Бірақ помех ықплына
сезімтал, модемнің жұмысын бақылап отратын мүмкіндігі жоқ. Модемдердің кӛпшілігі
факстің функциясын атқара алады.
Компьютердің пернетақтасы. ДК пернетақтасы немесе пернелігі бір тақтада
орналасқан пернелер жиынтығынан тұрады. Бұл күнде ІВМ компьютерлері пернелігінің
екі түрлі стандарты бар: 84 және 101 пернелік (ЭЕМ шығаратын фирмалардың
ерекшелігіне қарай бұдан аздап ӛзгешелік болуы ықтимал). Бірақ екі стандарттың да
пернелерінің қызметі бірдей, тек олардың орналасауында және кейбір пернелерінің екі-
екіден болуында ғана аздап айырма бар.
ДК пернетақтасы мынадай топтарға жіктеледі:
алфавиттік-цифрлық және таңбалық пернелер: латын әріптері және олармен бірге
орналасқан орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері, арифметикалық, логикалық
және де басқа символдар, "бос орын" (space) таңбасы;
функционалдық пернелер: F1 – F12;
әртүрлі қызмет атқаратын пернелер: Enter,Tab, Ctrl, Alt, Esc, Shift, Num Lock,
CapsLock, ScrollLock, Pause (Break), PrintScseen және "*", "+","–" тәрізді пернелер;
түзету үшін қолданылатын басқару пернелері: Insert, Delete, Home, End, PgUp,
PgDn, ВасkSрасе және бағыттауыш тілсызық пернелер – , , , .
Терілген символдар экранның " " таңбасы, яғни курсор (меңзер) тұрған екпінді
нүктесіне енгізіледі. Курсор (сілтеме белгі) – жыпылықтап тұратын тік сызықша тәрізді
бір символдың орнын кӛрсетіп тұратын таңба.
Алфавиттік әрбір перне латынның немесе қазақтың (орыстың) бір әрпін енгізе
алады. Цифрлық пернелер қазақ әріптерімен бірге жоғарғы жолда тұр, сандар енгізуді
оңайлату мақсатында олар оң жақ шетте тағы қайталанған.
Функционалдық пернелер басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны
орындалай алады. Мысалы, тек бір функционалдық пернені басу арқылы файлды
(мәліметті) дискіге жазуға не оқуға, программа мәтінін экранда кӛруге, қаталог ашуға, т.б.
амалдар орындауға болады. Олардың атқаратын қызметі жұмыс істеп тұрған программаға
байланысты болады. Ғ1 пернесі кӛбінесе компьютердің ӛзінен жылдам кӛмек сұрау үшін
қолданылады.
Компьютер іске қосылған соң, оң жақта орналасқан NumLock пернесін басу керек,
сонда қосымша басқару пернелері цифрлық пернелер рӛлін атқарады.
Бағыттауыш ( ,
,
,
) тілсызық пернелер мен Home, End, PgUp, PgDn
пернелерін курсорды басқару пернелері деп атайды. Олардың қызметі:
,
, , – пернелері курсорды кӛрсетілген бағытта бір орынға жылжыту;
Нome – курсорды жолдың басына жылжыту;
PgUp – курсорды мәтін бойынша бір бет жоғары кӛтеру;
РgDn – курсорды мәтін бойынша бір бет тӛмен түсіру.
ВасkSрасе пен Delete пернелері қате енгізілген символдарды ӛшіреді, ВасkSpace –
сол жақтағы символды ӛшіреді, Delete – курсордың оң жағындағы символдарды ӛшіреді.
Бір сӛзбен екінші сӛз "бос орын" пернесін басу арқылы бӛлініп жазылады, Таb
пернесі курсорды кӛрші терезеге немесе кестенің келесі бағанасына немесе мәтін ішінде
курсорды оңға қарай 8 орынға жылжытады.
Insert пернесі мәтінді түзету режимінде екі мүмкіндіктің бірінен біріне ауысуын
қамтамасыз етеді, олар: "Кірістіру" – символдардың арасына оларды ығыстыра отырып
жаңа символ енгізу режимі және "Алмастыру" – бұрынғы енгізілген символдарды теріліп
отырған жаңа символдармен ауыстырады.
Еnter пернесін басу кез келген команданың енгізіліп біткенін кӛрсетеді немесе
келесі жолға кӛшуді жүзеге асырады.
Кӛптеген қолданбалы программаларда теңбіл түсті ені бір немесе бірнеше сӛзге тең
болатын тіктӛртбұрыш тәрізді белгі (кестелік курсор, маркер, курсор, сілтеме)
командалық менюдің жеке позициясын (орнын) анықтау үшін пайдаланылады.
Командалық меню – жұмыс кезінде экранға шақырылатын, одан кейін орындалатын
қолданбалы программа командаларының іс-әрекеттерінің және ішкі жүйелерінің тізімі.
Тізімнің әрбір позициясын шақырып орындау кестелік курсорды соның атына қойып,
Еnter пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Егер ол команданы орындағыңыз келмесе,
Еsc пернесін басу қажет. Командалық менюдің кейбір позициясын шақыру кезінде
экранға басқа меню шығуы мүмкін. Мұндай сатылы командалар иерархиялық (кӛп
сатылы) деп аталады.
Caps Lock, Scroll Lock, Num Lock белгілі бір тәртіп (режим) орната алатын пернелер
тобын құрайды. Бұлардың бірін басқанда, мүмкін болатын екі тәртіптің бірі орнайды:
негізгі тәртіп компьютер іске қосылғанда бірден орнатылады. Сол пернені қайта бассақ,
қосалқы режим іске қосылады. Қосалқы режимге кӛшкенде, пернеліктегі кішкене шам
жанып белгі береді.
Caps Lock пернесінің негізгі режимі – кіші әріптерді енгізу, қосалқысы – бас әріптер
енгізу. Num Lock пернесінің негізгі режимі – қосымша цифрлық пернелердің курсорды
басқару тәртібін орнату болса, қосалқысы – цифрларды теру тәртібін орнату.
Ctrl, Alt, Shift пернелері тіркелу пернелері болып саналады да, басқа пернелермен
бірге пайдаланылып, әртүрлі әрекеттер комбинациясын іске асырады. Олардың атқаратын
қызметтері әрбір программада ӛзгеріп отырады, сол себепті атқаратын жұмысын
программалар сипаттамаларынан білу керек.
Ctrl, Alt пернелері басқа пернелер қызметін түрлендіру үшін пайдаланылады.
Мысалы, Аlt және 0-9 цифрлық пернелер (оң жақтағы) компьютерге кез келген символды
енгізуге мүмкіндік береді. Ол үшін Alt пернесін басып тұрып терілетін символға сәйкес
кодты енгізіп барып, Аlt-ты босату керек.
Пернелер комбинациясын пайдаланғанда, алдымен регистр пернесі, сонан соң
қосымша екінші перне басылады. Қосымша перне рӛлін кез келген символдық, цифрлық
немесе функционалдық перне атқара алады. Комбинация 3 пернеден де тұруы мүмкін.
Бұдан былай пернелер комбинациясын былай белгілейміз: регистрлік перне +
қосымша перне ("+" таңбасы енгізілмейді). Мысалы, Ctrl+y, Alt+F2, Shift+6.
Компьютерді басқару мақсатында қолданылатын бірнеше негізгі комбинация бар:
Сtrl+Аlt+Dеl – компьютерді ӛшіру немесе операциялық жүйені қайта жүктеу
мақсатында қолданылады, яғни операциялық жүйе жұмысын жаңалау ісін атқарады.
Кӛптеген компьютерлердің жүйелік блогында RESET батырмасы бар, соны басу арқылы
да жоғарыдағы әрекетті орындауға болады. Бұл әрекет – "жылы күйде іске қосу" (горячий
перезапуск) деп те аталады.
Сtrl+Вrеаk – орындалып жатқан программаны кілт тоқтату немесе команда
орындауды доғару, кейде бұл комбинация орнына Ctrl+С пернесін де басуға болады.
Сtrl+S – орындалып жатқан әрекетті уақытша тоқтата тұру, мұның да орнына Рause
пернесін басуға болады.
PrintScreen – экрандағы бейнені буферге кӛшіріп алу;
немесе Win пернесі бас менюді шығару ісін атқарады.
Мәтіндерді түзету кезінде регистрлік пернелер ішінен тек Shift пернесінің тікелей
атқаратын қызметі бар, ол – бас әріп енгізуді немесе жоғары регистр символын теруді іске
асыру.
Сонымен, перненің бетінде жазылған екі символдың жоғары жағында кӛрсетілгенін
енгізу үшін Shift пернесін басу қажет. Бас әріптерді тұрақты күйде теру үшін Caps Lock
пернесін қолданамыз.
Еsс пернесі (шығу, кӛшу) кез келген әрекетті орындамай тоқтатуды жүзеге асырады.
Таb – мәтінді түзету кезінде кестенің келесі бағанасына ӛтуді орындайды. Кейбір
программаларда оның атқаратын қызметі басқаша да болуы ықтимал: экрандағы келесі
терезеге ӛту немесе менюдің басқа командасына ауысу және т.с.с.
Пернелікте бір алфавиттен екіншіге ауысу перне драйверінің арнаулы программасын
орындау арқылы жүргізіледі. Ол компьютер токқа жалғанғанда іске қосылып, тұрақты
күйде жұмыс жасап отырады. Кейбір драйверлер алфавитті ауыстыру үшін Shift+Alt
пернелерін қатар басуды талап етсе, кейбірі Shift+Сtrl пернелерін немесе одан да басқа
комбинацияларды пайдалануды қажет етеді.
Бақылау сұрақтары
1. Дербес компьютерге анықтама бер.
2. Негізгі құрылғыларға не жатады?
3. Қосалқы құрылғыларды ата.
4. Енгізу-шығару құрылғыларын ата.
Әдебиеттер
Нег: 1,2,3,4
Қос: 8,10.
Достарыңызбен бөлісу: |