Стриммер – мәліметтерді магниттік таспада жазып сақтауға арналған құрылғы
(компьютерлік магнитофон). Стримерлер шағын магниттік таспалы касетаға үлкен
кӛлемдегі ақпараттарды жазады. Стример қондырғысы ақпаратты жазған кезде автоматты
түрде оның кӛлемін сығып тығыздайды да, оқыған кезде сақталған ақпаратты қалпына
келтіріп кӛлемін ұлғайтады. Стримерлердің кемшілігі ақпараттарды жазу, іздеу және оқу
кезіндегі жылдамдығының салыстырмалы түрде тӛмендігі болып табылады.
Плоттер (графопостроитель) — компьютердің басқаруымен графиктер, суреттер
және диограммалар сызатын құрылғы. Плоттерлер күрделі конструкторлық сызбалар,
архитекторлық жоспарлар, географиялық және метеорологиялық карталар іскерлік
схемалар алу үшін пайдаланылады. Плоттерлер қаламұштың кӛмегімен бейнелерді
сызады.
Роликті плоттерлер қағазды қаламұштың астына орап алып келсе, планшетті
плоттерлер қаламұшты горизонталь жатқан қағаздың бетінде жылжыта отырып сызады.
Плоттерге де принтердегі сияқты арнайы программа драйвер қажет. Ол программа
қаламұштың жоғары, тӛмен қозғалысын реттеп, берілген қалыңдықта сызық сызуды
орындатады.
Сканер — графикалық бейнелерді, құжаттарды компьютердің жадысына енгізетін
құрылғы. Егер принтер компьютердегі ақпаратты қағазға шығарса, сканер керісінше
қағаздағы құжаттарды компьютердің жадысына ауыстырады. Сканерлердің құжат бетінде
қолмен жылжыта отырып істейтін және кӛшіретін машинаға ұқсас планшетті түрлері
бар.
Мәтінді сканер арқылы ӛткізгенде компьютер оны символдар тізбегі түрінде емес, сурет
ретінде қабылдайды. Графикалық мәтінді кәдімгі символдық форматқа түрлендіру үшін
образды оптикалық түрде танитын программалар пайдаланылады.
Модем — компьютердегі мәліметтерді алыс қашықтықтарға телефон желісінің
байланысы арқылы тарату құрылғысы. Модем компьютердегі сандық сигналдарды дыбыс
жиілігі диапазонындағы айнымалы токқа түрлендіруді қамтамасыз етеді — бұл процесс
модуляция деп аталады, ал оны кері түрлендіру демодуляция деп аталады. Осыдан
қондырғы модем атауы шыққан. Байланыс орнату үшін бір модем телефон номері арқылы
келесісін шақырады, ал ол шақыруға жауап береді. Сонан соң модемдер ӛздеріне тиімді
байланыс режимінде бір-біріне сигналдар жібереді. Бұдан кейін таратушы модем
модуляцияланған мәліметтерді келісілген жылдамдықпен(ӛлшемі бит/секунд) және
келісілген форматта жібереді. Байланыстың екінші жағындағы модем қабылдап алған
ақпаратты сандық түрге түрлендіреді және оны ӛзі қосылған компьютерге береді.
Байланыс сеансын аяқтағаннан кейін модем ізбектен ажыратылады.
Модемді басқару арнайы коммутациялық программалық қамтамасыз арқылы жүзеге
асырылады. Модемдер конструктивті түрде сыртқы (шағын қорап) және ішкі
(компьютерлік плата) құрылғылар түрінде жасалынады. Екі түрінің де ӛзіндік
артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Сыртқы модемдер компьютерге кабель арқылы жалғанады. Олар жұмысы орнықты,
жағдайын кӛрсетіп тұратын индикаторлары бар. Бірақ сыртқы модемдер электр тогы
кӛзіне жеке жалғанады, белгілі бір кӛлемдегі орын алады.
Ішкі модемдер компьютердің ішінде жүйелік платаға орнатылады, қорек кӛзін
компьютерден алады, олар сыртқы модемге қарағанда арзан. Бірақ помех ықплына
сезімтал, модемнің жұмысын бақылап отратын мүмкіндігі жоқ. Модемдердің кӛпшілігі
факстің функциясын атқара алады.
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютер жадының қанша түрі бар? Оларға анықтама бер.
2. Кэш-жады дегеніміз не?
3. Кэш-жадыны DRAM-мен салыстыр.
Әдебиеттер
Нег: 2,3,6
Қос: 5,7.
8-дәріс.
MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҤЙЕСІ
Операциялық жүйелердің ортақ ұғымдары мен белгілеулері.
Файлдық жүйе.
Файлдарды топтап белгілеу.
Файлдар каталогы.
Файлдар маршруты.
Файлдың аттарының стандартты типтері.
MS-DOS операциялық жүйесі 1981 жылы IBM дербес компьютерлерімен бір
мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған болатын.
Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде Windows есептеледі, бірақ
MS DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық
пайдаланылады.
Операциялық жҥйелердің ортақ ҧғымдары мен белгілеулері.
Дербес компьютерлерде программалар мен мәліметтерді сақтаушы рӛлін магниттік
дискідегі жинақтауыштар (МДЖ) атқарады, сондықтан компьютер жұмысының
пәрменділігі оларды дұрыс қолдана білуге бйланысты. Дискілер латын алфавитінің
алғашқы бас әріптерімен А:, В:, С:, D: және т.с.с. болып белгіленеді.
Компьютерлердің кӛбісінде бұрын екіден иілгіш магниттік дискідегі мәлімет
жинақтауыштар болған, олар А: және В: болып, ал қатты дискідегі жинақтауыштар бір
немесе бірнеше бола береді де С:, В:, Е:, және т.с.с. түрінде белгіленеді. Бұрынғы
компьютерлерде мәліметтерді бірінен біріне кӛшіру үшін екі дискет салатын ұя
қолданылған еді, кейін компьютер жедел жадының кӛлемі улкейген соң тек бір ғана ұя
қалдырылды. Қазіргі кезде В: дискісі қолданылмайды.
Дербес компьютер іске қосылғанда ОЖ құрамы кӛбінесе С: қатты дискісінен немесе
А: иілгіш дискісінен оқылып, жедел жадқа жүктеледі де, экранға Windows ортасында
жұмыс үстелі шығады, ал MS DOS жүйесінде-оның қызмет атқаруға дайындығын
білдіретін тӛмендегідей стандартты түрдегі жұмысқа шақыру белгісі шығады.
А:\.>-бұл А: дискісінің жұмыс істеуге дайындығын кӛрсететін шақыру белгісі, егер
компьютер іске қосылғанда А: дискі жетегі ұясына дискет салынбаса онда компьютер
автоматты түрде С: дискісінен ОЖ-ті оқуға тырысады;
С:\>-С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын кӛрсететін шақыру белгісі.
Сонымен, ОЖ магниттік дискіде (қатты) немесе дискетте (иілгіш) сақталады.
Дискілердің негізгі бӛлігі болып мәліметтерді немесе программаларды сақтауға арналған.
Оның шамалы бӛлігінде ғана ОЖ мен әрбір адамның программаларының мазмұны
(каталогта не бумада) сақталады.
Файлдық жҥйе. Мәтіндер мен программаларды тұрақты сақтауға арналған дискідегі
мәліметтер жиыны файл деп аталады. Файл (file-бума, десте) белгілі бір атпен магниттік
дискіде жазылған біртектес информатциялар жиыны. ОЖ жұмысы үшін керекті
мәліметтер рӛлін әр түрлі типтегі файлдар атқарады. Файл программадан немесе оларға
қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін. Дискіде аттары әр түрлі
кӛптеген файлдар болады. Файлдың толық атауы екі бӛліктен қүралады: аты және типі.
Файлдың аты - MS DOS жүйесінде 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен латын
әріптері жиыны (Windows-те ол 255-ке дейін ұзартылған және орыс, қазақ әріптері де
қолданыста), ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бӛлігі типі болып саналады, типті файл
атының кеңейтілуі деп аталады. Бір каталогта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс.
Файлдың типі кейде болмауы да мүмкін. Файлдың аты мен типі нүктемен бӛлінеді.
Файлдың толық аты латынның бас немесе кіші әріптерімен беріледі (цифрлар да
кіреді). Мысалы:
COMMAND. COM NORTON . EXE TАNIA5. DOC
START CAME.BAS AIGUL TXT MARAT. DOC TEXTI
Файлды дискіге жазғанда немесе ӛзгерткенде, оның кӛлемі, жазылған уақыты,
мерзімі де тіркеледі. Файлдың аты, типі, байтпен берілген көлемі, операциялық жүйенің
календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атрибуттары
(кӛрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылғанда, ӛзгертілгенде немесе кӛрсетілгенде
тіркеліп отырады.
Файлдарды топтап белгілеу. Кейбір командаларды орындау барысында
файлдардың аты толық кӛрсетпеуге болады, бұл жағдайда ОЖ файлдар тобын іздейді.
Кейде файлдың біреуін ғана емес, қатар орналасқан бірнешеуін топтауға тура келеді.
Мұны файлдың атына шаблондарды немесе нұсқаларды, яғни ’’*’’ және ’’?’’ белгілерін
қою арқылы істеуге болады.
*-файлдың атындағы кез келген сӛз тіркестерін білдіреді;
?-файлдың атындағы болуы мүмкін кез келген таңбаны немесе оның болмауын
да кӛрсетеді.
Файлдар каталогы. Дискіде сақталатын файлдар ӛте кӛп болып, олар бірнеше
мыңдаған сандарға жетуі мүмкін. Мұндай информациялармен жұмыс ісейтін адам
қандай мәлімет қай жерде орналасқаны және ол файлдардың аттарын сақтауы тиіс.
Файлдарды дискілерде сақтауды белгілі бір жүйеге келтіру үшін оларды каталогтарға
біріктіреді. Каталог немесе бума (папка, folder) - белгілі бір орта қасиеттеріне қарай бір
магниттік дискіде орналастырылған файлдар тобына қойылған атау, яғни бума аты.
Каталогты компьютердің сыртқы жадының бір бӛлігі немесе тарауы деп қарауға
болады. Windows жүйесінде каталог бума деп аталады, бұл атау оның мән мағанасын
толығырақ ашады. Әрбір каталогтың ӛзіндік белгілі бір аты бар. Бір каталог басқа
каталогқа кіруі мүмкін, онда ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады. Осы
тәрізді тармақталған бұтақ тәріздес файлдар жүйесі құрыла береді. Каталог файл
тәрізді ӛз иесін қойған атпен аталады. Дискіде міндетті түрде түпкі немесе 1-деңгейдегі
каталог болуы тиіс. Оған файлдар және 2-деңгейдегі каталогтар енеді, ал оның ішіне 3-
деңгей каталогы, т.с.с. енуі мүмкін.
Бағынышты каталогтар тізбегі бір-бірінен «\» таңбасымен бӛлініп жазылады,
мысалы,
C:\DEMO>-DEMO C: дискісіндегі 1-деңгейлі каталог
C:\DEMO\SYSTEM>-SYSTEM C: дискісіндегі 2-деңгейдегі каталог;
Әрбір мезетте бір каталог жұмыс атқарады да, ол екпінді немесе активті (ағымдағы)
деп аталады. Компьютер іске қосылғанда мұндай каталог рӛлін түпкі каталог атқарады
немесе компьютер ӛшірілер кездегі екпінді болған каталог атқарады, пайдаланушы ӛз
қалауынша командалар кӛмегімен басқа каталогты екпінді ете алады.
Файлдар маршруты. Файлдар бұтақ тәрізді күрделі түрде құрылса, онда оның тек
ӛз атын ғана емес, сонымен қатар тұрған каталогын, оның басты каталогпен байланысын,
дискісін кӛрсету қажет. Мұндай файлдың нақты тұрағын (адресін) кӛрсететін каталогтар
тізбегін – маршрут немесе жол деп те атайды. Сонымен, файл толық түрде мынадай
элементтермен беріледі:
1)
дискінің аты, ол бірақ кейде кӛрсетілмей де кетеді;
2)
бірінің ішіне бірі кіретін каталогтар тізбегінің аттарынан тұратын маршрут
(ол да кейде кӛрсетілмей кетеді);
3)
тізбекті аяқтайтын файлдың ӛз аты (файл тізімдегі ең соңғы каталогта
орналасады).
Уақыттың әрбір мезетінде бір дискіжетек ағымдағы екпінді күйде болады, оның
айғағы ОЖ шақыруы, яғни жұмыс істеп тұрған дискіжетек пен файлдар маршруты
атының кӛрсетілуі.
Мысалы:
A: > немесе C:\>
C:\ DEMO\VICTOR> немесе C:\SYS\AZAT\ALMA>
Сонымен файлдың маршрутын немесе адресін толық кӛрсету үшін дискінің атын,
каталог аттарының тізбегін, ең соңында файлдың атын және типін толық кӛрсету қажет.
Жалпы ереже бойынша файлың толық аты тӛмендегідей болады. [дискінің
аты:\][маршрут\] файлдың аты [.типі]
Тік (квадрат) жақшаның ішіндегі сӛздер кӛрсетілмеуі де мүмкін. Компьютер іске
қосылып ОЖ жұмысқа кіріскен соң, экранға жұмысқа шақыру (немесе дайындық) белгісі
шығарылып отырады. Ол жұмыс істеп отырған ағымдағы диск аты мен ағымдағы каталог
аты тізбегінен тұрады, мысалы,
C:\DOS\>-C: дискісінің DOS каталогы жұмыс істеп тұр;
C:\>-C: дискісінің түпкі, ең жоғарғы деңгейдегі каталогы іске қосылып, жұмыс
істеуге дайын тұр;
D:\BAS\TUDENT\>-D: дискісінің BAS каталогындағы бағынышты STUDENT
каталогы ағымдағы күйде жұмысқа дайын тұр;
A:\>-A: дискісінің түпкі каталогы жұмысқа дайын, т.с.с.
Файлдың аттарының стандартты типтері. Файлдың аты немесе типі (Windows-те
суреті, белгішесі) онда сақталынатын информацияның тегіне, мазмұнына, типіне қарап
беріледі. Файлдардың толық аттары бойынша айырып тануға мүмкіндік беретін мына
тӛмендегідей стандартты типтері бар:
.ASM - aссемблер тіліндегі программа;
.BAS - BASIC -тіліндегі программа;
.COM - тікелей атқарылуға арналған командалық файл;
.DAT - мәліметтер файлы;
.DOC - программасында дайындалған құжаттық файл;
.EXE - басқаруымен атқарылатын файл;
.PAS - Паскаль тілінде жазылған программалық файл;
.TXT - Блокнот программасында дайындалған мәтіндік файл.
ОЖ-нің негізгі командалары:
Dir [дискінің аты] [файлдың аты] [/P][/W] – дискінің мазмұнын кӛруге мүмкіндік
беретін команда, /P-дискінің мазмұнын экранға парақтап шығару, /W - мазмұнды қысқаша
шығару;
MD [каталог аты] – жаңа каталог құру командасы;
RD [каталог аты] –каталогты ӛшіру командасы;
СD [каталог аты] –каталогты ӛзгерту командасы;
COPY [қайдан] [қайда] – файлды бір орыннан екінші орынға кӛшіру командасы;
REN [файлдың ескі аты] [файлдың жаңа аты] – файлдың атын ӛзгерту командасы;
DEL [файл аты] – файлды ӛшіру командасы;
TYPE [файл аты] – мәтіндік файлды экранға шығару командасы;
CLS – экранды тазалау командасы;
DATE – ағымдағы күн-ай мерзімін кӛрсету командасы;
TIME – ағымдағы уақытты кӛрсету командасы;
FORMAT A: - жаңа дискетаны форматтау командасы.
Операциялық жүйе ДЭЕМ-дегі кез келген программалық жабдықтардың ажырамас
екінші бір бӛлігі болып саналады. Әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару
мүмкіншілігін беретін, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен байланыс
жасаудан босататын, компьютерде жұмыс істегісі келетін әрбір адамға ӛте қажет
операциялық жүйенің немесе системаның (ОЖ) алатын орны ерекше болып есептеледі.
ОЖ дербес компьютердің аппаратурасының жалғасы сияқты, ол атқаратын істерді
мынадай үш топқа жіктеуге де болады:
1) мәліметтерді енгізу-шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;
2) ЭЕМ-ді сыртқы ортамен байланыстыру;
3) мәліметтерді сақтау мен ӛңдеу жұмыстарын атқару.
Компьютерлердің әртүрлі модельдерінде қолданылатын ОЖ-дің мүмкіндіктері де
әрқалай бола береді. Ең кӛп тараған ОЖ түрлеріне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNІX
және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған кӛп терезелі операциялық жүйелер –
Wіndows программалары жатады.
MS-DOS жүйесі 1981 жылы ІBM PC компьютерлерімен бірге шығып, ол әрбір
компьютерге орналастырылған болатын. Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе
ретінде Wіndows есептеледі, бірақ MS DOS жүйесінің негізгі түсініктері операциялық
жүйелердің бәрінде де толық пайдаланылады.
Дербес компьютерлерде программалар мен мәліметтерді сақтаушы рӛлін магниттік
дискідегі жинақтауыштар атқарады, сондықтан оларды дұрыс қолдана білу ЭЕМ-ді
тиімді пайдалану негізі екені талас тудырмаса керек. Дискілер латын афавитінің алғашқы
бас әріптерімен А: , В: , С: , D: т.с.с. болып белгіленеді.
ДЭЕМ іске қосылғанда ОЖ кӛбінесе С: қатты дискісінен немесе А: иілгіш дискісінен
оқылып жедел жадқа жүктеледі де, экранға ОЖ-тың қызмет атқаруға дайын екендігін
кӛрсететін тӛменде кӛрсетілгендей стандартты түрдегі жұмысқа шақыру белгісі шығады.
A:\>
– бұл А: дискісінің жұмыс істеп дайын тұрғанын кӛрсететін шақыру белгісі,
егер компьютер іске қосылғанда А: дискіжетегі ұясына дискет салынбаса, онда ЭЕМ
автоматты түрде С: дискісінен ОЖ мәліметтерін алуға тырысады;
C:\>
– С: дискісінің жұмыс істеп тұрғанын кӛрсететін шақыру белгісі.
ОЖ ЭЕМ жедел жадына дұрыс жүктелген соң, экранға A:\> немесе C:\> тәрізді
команда енгізу қатарына шығады.
Мәтіндер мен программалардан тұратын мәліметтер тұрақты күйде дискідегі
файлдарда сақталады. Файл (fіle - бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде
жазылған біртектес информациялар жиыны. ОЖ жұмысы үшін керекті алғашқы
деректер және нәтижелік соңғы мәліметтер рӛлін де әртүрлі типтегі файлдар атқарады.
Файл программадан, не оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен тұруы мүмкін.
әрбір файлдың файлдар каталогында – мазмұнында тіркелген ӛзіндік аты болуы керек.
Файлды дискіге жазғанда не ӛзгерткенде, оның кӛлемі, құрылған уақыты, мерзімі де
тіркеледі. Файлдың аты, типі, символмен берілген (байт) кӛлемі, операциялық жүйенің
календары мен сағатынан алынып жазылған күні, айы, сағаты файлдың атрибуттары
(кӛрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылғанда, ӛзгертілгенде немесе кӛшірілгенде
тіркеліп отырады.
Файлдарды дискілерде сақтауды оңайлатып, белгілі бір жүйеге келтіру мақсатында
оларды каталогтарға (директорияларға) біріктіріп қояды. Каталог немесе директорий –
белгілі бір ортақ қасиеттеріне қарай магниттік дискіде бір-бірімен қатар орналастырылған
бір топ файлдар тізіміне қойылған атау. Бұл тізімді ЭЕМ-нің сыртқы жадының бір бӛлігі
не тарауы деп қарауға болады. Wіndows жүйесінде каталогтар атқаратын қызметін
толығырақ ашатын бума (папка) термині қолданылып жүр. Әрбір каталогтың ӛзіндік
белгілі бір аты болады. Бірнеше каталогтардың аты басқа тізімге тіркелуі де мүмкін, онда
ол басқа каталогқа бағынышты каталог болады. Осы тәрізді тармақталған бұтақ тәріздес
файлдар жүйесі құрыла береді.
Бір каталаг екінші бір каталогтың ішінде орналаса береді, мұндайда ол бағынышты
атанып, сатылы түрде бұл каталогқа да басқа бір каталог бағынышты болып орналасуы
мүмкін. Осындай түрде бір-бірінің ішінде орналасқан каталогтар бұтақ тәрізді көп
сатылы (иерархиялы) файлдар жүйесін құрады.
Файлдар бұтақ тәрізді күрделі түрде құрылса, онда оның тек ӛз атын ғана емес,
сонымен қатар тұрағын, басты каталогын, оның деңгейлерін кӛрсету қажет. Мұндай
файлдың нақты тұрағын (адресін) кӛрсететін тізбектелген файлдар атауы - маршрут не
жол деп те аталады.
Сонымен файлдың маршрутын немесе адресін толық кӛрсету үшін дискінің атын,
тізбектеле орналасқан каталог аттарын, ең соңында файлдың атын және түрін толық
кӛрсету қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың толық аты тӛмендегідей болады.
[дискінің аты:\] [маршрут\] файлдың аты[.түрі]
Тік (квадрат) жақшаның ішіндегі сӛздер кӛрсетілмеуі де мүмкін. ЭЕМ іске қосылып
ОЖ жұмысқа кіріскен соң экранға жұмысқа шақыру (немесе дайындық) белгісі
шығарылып отырады. Ол жұмыс істеп отырған екпінді диск аты мен ағымдағы каталог
аты тізбегінен тұрады, мысалы,
C:\DOS\> - С: дискісінің DOS каталогы жұмыс істеп тұр.
ОЖ жұмыс істегенде оның негізгі жұмыс құралы - команда. Ол компьютерге белгілі
бір әрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру үшін қолданылады.
Команда формат деп аталатын, арнаулы құрылымнан (структурадан) тұрады.
Формат команданың атынан және параметрінен құралады.
MS-DOS барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа
бӛлінеді. Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қызмет ететін COMMAND.COM
файлының құрама бӛлігі болып табылады. Олар - тез орындалатын жиі қолданылатын
қарапайым командалар. Бұл топқа: DІR, MD, CD, RD, TІME, DATE, REN, DEL, TYPE,
COPY және т.б. командалар жатады.
Транзитті (сыртқы, шақырылып іске қосылатын) кірме командаларға дискідегі
программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу
керек. Бұл топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRІB, TREE, MODE,
DІSKCOPY және т.б.
Бақылау сұрақтары:
1.
Магнитті дискілер қалай белгіленеді? В: дискісі неге қолданылмайды?
2.
Файл дегеніміз не? Ол нені кӛрсетеді? Windows-те неге файл типі сирек
қолданылады?
3.
Файл атрибуттары деген не? Оларды атап шығыңыздар ?
4.
Файлды топтап белгілеу үшін қандай символдар қолданылады?
Әдебиеттер
Нег: 2,3,6
Қос: 1,9.
9-дәріс.
WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҤЙЕСІ
Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметі.
Операциялық жүйелердің ортақ ұғымдары мен белгілері.
Windows жүйесінің негізгі мүмкіндіктері мен атқаратын қызметі.
Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу негіздері. Тұтынушы интерфейсі.
Windows - Microsoft фирмасы жасап шығарған операциялық жүйе.
Операциялық жүйе немесе система (ОЖ) – дербес компьютердің жұмысын басқару
мен программалардың орындалу процесін қамтамасыз ететін программалар тобы. Қазіргі
кезде Windows операциялық жүйелері ІВМ-мен үйлесімді жұмыс істейтін
компьютерлердің
барлығында
қолданылады,
олардың
мынадай
түрлері
жиі
пайдаланылады: Windows NT, Windows 2000 және Windows ХР. Бұлардың бір-бірінен
аздап айырмашылықтары болғанымен, жалпы жұмыс істеу ережелері ӛте ұқсас болып
келеді.
Windows 98 (одан кейінгілері де) жылдам істейтін 32-разрядты графикалық
интерфейсі бар, желілік құралдармен жабдықталған операциялық жүйе болып табылады.
Сондықтан бұл ортада мәліметтер жеңіл кӛшіріледі (тасымалданады); олар
кӛптапсырмалы (кӛп есепті) және кӛппроцессорлы режимдерді, желі архитектурасын
сүйемелдеп алады; жеңіл ӛзгертілетін (кеңейтілетін), сенімді, әрі ақаусыз жұмыс атқарып,
басқа программалармен үйлесімді түрде байланыса алатын жүйе саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |