Дәріс 3. КОМПЬЮТЕР ЖАДЫН ҦЙЫМДАСТЫРУ
Тұрақты жады
Оперативті жады
Кэш-жады
Тҧрақты жады яғни тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM, Read Only Memory) —
ӛзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтауға пайдаланатын жады. Жадының мазмұнын
арнайы қондырғыны жасаған кезде тұрақты сақтау үшін орнатылады. ТЕСҚ-нан тек оқуға
болады.
Оперативті жады (RAM, Random Access Memory) — бұл шағын кӛлемді,
процессормен тікелей байланысқан, программалар мен мәліметтерді жазу, оқу және
сақтау, ол программалары ӛңдеу үшін қолданылатын жылдам есте сақтау құрылғысы.
Оперативті жады мәліметтер мен программаларды уақытша сақтау үшін пайдаланылады,
машинаны ӛшірген кезде оперативті жадыдағының барлығы ӛшеді.
Кэш немесе аса жоғары оперативтік жады — микропроцессор мен оперативті жады
арасында мәліметтер алмасуда ақпаратты ӛңдейтін процессормен оперативтік жадының
жылдамдық айырмашылығын реттеу үшін пайдаланылатын шағын кӛлемді, аса шапшаң
есте сақтау құрылғысы.
Кэш-жадыны орындалып жатқан программаға талдау жасай отырып, жақын уақытта
процессорға қандай командалар мен мәліметтер қажеттігін алдын-ала болжап, қосуға
әрекет ететін контроллер деп аталатын арнайы қондырғы басқарады. Бұндай жағдайда дәл
түсу мен ауытқулар болуы мүмкін. Егер кэшке қажетті мәлімет берілген жағдайда оны
жадыдан шығару тежелусіз орындалады. Егер кэшке қажетті ақпарат берілмей қалса, онда
процессор оны тікелей оперативтік жадыдан оқиды. Дәл түсу мен ауытқулар сандарының
қатынасы кэштеу тиімділігін анықтайды.
Кэш-жады DRAM-мен (SDRAM) салыстырғанда шапшаң әрекет ететін,
сыйымдылығы аз SRAM статикалық жады микросхемасында жүзеге асады. Қазіргі кездегі
микропроцессорларда бірге орнатылған ӛлшемі 8, 16 немесе 32 Кбайттық бірінші деңгейлі
кэш-жадылары бар. Сонымен қатар, компьютердің жүйелік платасына сыйымдылығы
256, 512 Кбайт және одан жоғары екінші деңгейлі кэш-жадылар орналастырылған.
Енгізу-шығару құрылғылары: енгізу құрылғысы арқылы ӛңделетін ақпараттар,
бағдарламалар компьютердің жедел жадысына енгізіледі, ал шығару құрылғысы арқылы
нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін тілде шығарылады. Енгізу құрылғыларына
пернетақта, тышқан, джойстик, ӛлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер жатады.
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және
цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген ақпараттарды енгізуге болады. Тышқан
– экран бетінде курсорды тезірек қозғалтуға арналған құрылғы.
Шығару құрылғысына принтер, монитор және график тұрғызушылар жатады.
Монитор - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. Принтер -
ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің үш түрі болады:
матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Сыртқы жады ретінде магниттік дискілер, яғни
кӛбінесе диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискеттер пайдаланылады.
Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін CD-ROM
қолданылады. Жаңа ақпараттарды қайта жазу үшін арнайы қондырғы – CDRITTER
қолданылады.
Компьютердің қосымша құрылғыларына: модем, стриммер, сканер, плоттер және т.б.
жатады.
Стриммер – мәліметтерді магниттік таспада жазып сақтауға арналған құрылғы
(компьютерлік магнитофон). Стримерлер шағын магниттік таспалы касетаға үлкен
кӛлемдегі ақпараттарды жазады. Стример қондырғысы ақпаратты жазған кезде автоматты
түрде оның кӛлемін сығып тығыздайды да, оқыған кезде сақталған ақпаратты қалпына
келтіріп кӛлемін ұлғайтады. Стримерлердің кемшілігі ақпараттарды жазу, іздеу және оқу
кезіндегі жылдамдығының салыстырмалы түрде тӛмендігі болып табылады.
Плоттер (графопостроитель) — компьютердің басқаруымен графиктер, суреттер
және диограммалар сызатын құрылғы. Плоттерлер күрделі конструкторлық сызбалар,
архитекторлық жоспарлар, географиялық және метеорологиялық карталар іскерлік
схемалар алу үшін пайдаланылады. Плоттерлер қаламұштың кӛмегімен бейнелерді
сызады.
Роликті плоттерлер қағазды қаламұштың астына орап алып келсе, планшетті
плоттерлер қаламұшты горизонталь жатқан қағаздың бетінде жылжыта отырып сызады.
Плоттерге де принтердегі сияқты арнайы программа драйвер қажет. Ол программа
қаламұштың жоғары, тӛмен қозғалысын реттеп, берілген қалыңдықта сызық сызуды
орындатады.
Бақылау сұрақтары
1. Компьютер жадының қанша түрі бар? Оларға анықтама бер.
2. Кэш-жады дегеніміз не?
3. Кэш-жадыны DRAM-мен салыстыр.
Әдебиеттер
Нег: 2,3,6
Қос: 1,8.
Дәріс 4. SETUP АРҚЫЛЫ КОМПЬЮТЕРДІ ТҤЗЕУ
SETUP орнату
SETUP арқылы компьютерді түзеу
1. Жүйелі блок – (кейде процессор деп атайды. Бұл қате)
2. Монитор – дисплей.
3. Клавиатура (пернетақта).
4. «Тышқан» тєріздес манипулятор.
5. Принтер мен сканер.
Компьютерді электр жүйесіндегі болатын кездейсоқ ӛшуден сақтандыратын (UPS,
Uniterruptible Poruess System) құрылғылар арқылы ток кӛзіне қосады. Қорек блогының
шықпасында +3.3, +5, +12, -12, -5 вольттық кернеу болады. Қалған кернеулер қажетіне
қарай тақталарда болады. (Мысалы, орталық процессорға қажетті кернеу). Қорек кӛзінің
шықпасындағы кернеу кӛздері қосымша түрлендірілмейді де бірден қозғауыштары
(двигатель) бар құрылғыларға (қатты диск, CD-ROM, т.б) беріледі. Ал қалған құрылғылар
аналық тақтадағы тӛмен деңгейлі кернеу кӛзіне жалғасады.
Тест дұрыс ӛткен жағдайда орталық процессор программаны орындауға дайын
болады. Бірақ бұл этапта аналық тақтада орналасқан тұрақты жадыдағы бастаушы
(стартовый) программа ғана іске қосыла алады. Осы блоктың жұмысының нєтижесінде
басқа программаларды, ал соңынан операциялық жүйені іске қосуға мүмкіндік туады.
Алдымен орталық процессордың күй-жағдайын оның жұмыстық мінездемесі тексеріледі.
Дєлірек айтқанда қорек кернеуі температурасы, жүйелік шинаның жиілігі, кӛбейткіш т.б.
тексеріледі. Егер олар ӛндірушінің осы модульге берген анықтамаларына сєйкес келмесе
компьютер қосылмауы мүмкін. Тексеру қарапайым есептерді шығару арқылы
процессордың ақауын анықтауға негізделген.
Дербес компьютердің ішкі құрылғылары туралы «компьютер архитектурасы» деген
термин қолданылады. Бұл дербес компьютердің логикалық ұйымдастырылуын,
құрылымын жєне ресурсын білдіреді.
Кӛптеген басқа компаниялар табыстарын кемітуден сақтанып ашық архитектураны
қабылдамады. Ал IBM фирмасы мен оның IBM РС компьютері ашық архитектураның
арқасында дүниежүзіне ең танымал болды.
Кез келген дербес компьютер мынадай функционалды бӛліктерден тұрады:
орталық процессор – жүйелік блок ішінде орналасқан
негізгі жады – ол да жүйелік блок ішінде орналасқан
сыртқы құрылғылар
Енгізу/шығару құрылымы
Дербес компьютерде қолданушылардың қатынасы кірген мєліметтерді енгізу мен
осы мєліметтерді қайта жөндеу нәтижесіндегі процедураны енгізеді. Сондықтан ДК -нің
міндеті конфигурациясы ретінде енгізу/шығару құрылымы болып табылады. Қазіргі
диалог процесінсіз бола алмайтын қосымша стандартты құрылымды көрсетуге болады.
Бақылау сұрақтары
1. ДК дің функциональдық бӛліктерін ата.
2. Компьютер архитектурасы деген терминді қалай түсінесің?
3. Микропроцессордың түрлерін ата.
4. Монитор, пернелер тақтасының қызметі қандай?
5. Манипулятор дегеніміз не?
6. Принтердің түрлерін ата.
7. Сканер және оның атқаратын қызметі қандай?
Әдебиеттер
Нег: 1,2,5,6
Қос: 1,11.
Дәріс 5. КОМПЬЮТЕРДІҢ ДИСКІЛІК ІШКІ ЖҤЙЕСІ
Компьютердің дискілік ішкі жүйесі
Дискілік жүйенің құрылысы
Информация кез келген түрде бізге белгілі бір мағлұматтарды береді. Ол біздің
айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере алады, мысалы:
кеше не істедік, ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде қандай кӛйлек киеміз немесе
қайда жұмыс істейміз деген сұрақтарға жауап бере алады. Бірақ информация әрқашан
белгілі бір түрде – әңгіме, сурет, мақала және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен
музыкалық шығармалар, кітаптар мен суреттер, спектакльдер мен кинофильмдер – бәрі де
информацияны жеткізу түрлері болып саналады. Қандай түрде берілсе де информация
ӛзімізді қоршаған ортаның нақты немесе қиялдағы кӛрінісі болады.
Жалпы тұрғыдан алғанда, информация – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген
әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Информация алу дегеніміз – бізді қоршаған
құбылыстар мен нысандардың ӛзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне
қатысуы жӛнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сӛз.
Сонымен, информация – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде
берілетін мағлұматтар.
Информация түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр
сигналдары, магниттік жазба және т.б. Кӛптеген тілдердің негізі алфавит болып саналады.
Ақпарат — айналадағы дүние туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін
мәліметтер тобы.
Ақпараттың түрлеріне мәтіндік, сандық және графикалық ақпараттар жатады.
Мәтіндік ақпараттарға кітаптағы мәтін, дәптердегі шығарма, спектакльдегі актер
репликасы, радио арқылы берілген ауа райы, сонымен қатар, ауызша қарым-қатынаста
(жеке дидарласу, телефон арқылы сӛйлесу, спектакльдің радио арқылы берілуі) жатады,
яғни ақпарат сӛз, мәтін түрінде беріледі.
Сандық ақпараттарға кӛбейту кестесі, арифметикалық мысал, поездің келу уақыты
және т.б. жатады. Дәл сандық ақпарат сирек кездеседі, сондықтан кӛбінесе ақпараттың
ұсынылуы аралас түрде қолданылады.
Графикалық ақпараттарға суреттер, схемалар, сызбалар, фотобейнелер түріндегі
ақпараттар жатады. Ақпараттың мұндай түрде берілуі ыңғайлы, себебі қажетті образды
бірден жібереді, ал сандық немесе сӛз арқылы берілген ақпараттан кейін оның образы
ойлау арқылы жасалады. Сонымен бірге ақпараттың графикалық түрде берілуі берілген
ақпарат туралы толық түсінік бере алмайды, сондықтан ақпараттың мәтіндік, сандық
және графикалық түрде бірігіп берілуі тиімді.
Ақпараттың негізгі қасиеттері: дәлдігі мен толықтығы, бағалылығы мен қажеттілігі,
анықтылығы мен түсініктілігі.
Қандайда бір алфавитті пайдаланып ақпарат жазуды кодтау (таңбалау) деп атайды.
Мысалы ЭЕМ-де латын, қазақ алфавиттерінің әріптері және цифрлары 0 мен 1
тізбегінен тұратын сегіз екілік таңбамен бейнеленеді.
А 100000000 0 001100000
В 01000010 1 00110001
Информатика - ғылыми ақпараттың жалпы қасиетін, құрылымын және оны құру,
түрлендіру, тасымалдау және адамзат iс-әрекетiнiң әртүрлі саласында қолдану
заңдылықтарын зерттейтiн пән. Яғни, Информатика – Есептеуіш машина арқылы
информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары
мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Бақылау сұрақтары
1. Компьютердің дискілік ішкі жүйесі қандай?
2.
Ішкі құрылысына сипаттама бер.
Әдебиеттер
Нег: 2,3
Қос: 8.
Дәріс 6. ДИСКІНІҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҦРЫЛЫСЫ. ДИСКІНІ ФОРМАТТАУ
Дискінің логикалық құрылысы
Дискіні форматтау жолдары
Енгізу құрылғысы (пернетақта, тышқан, сканер) компьютерге мәлімет енгізу қызметін
атқарады. Шығару (мәлімет алу) құрылғылары (принтер, плоттер) компьютердің жұмыс
нәтижесін адамдарға жеткізу үшін қолданылады. Есте
сақтау құрылғысы
программаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін сақтауға арналған. Ол сыртқы
және ішкі болып екіге бӛлінеді.
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ДК-нің жедел жады (RAM – Random Access
Memory), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM-Read-only Memory)
компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет
алмасып отырады.
Қатты магниттік диск (винчестер) ДК программалары мен кӛлемді мәліметтерді еске
сақтайды. Олардың кӛлемі оншақты Гбайттан жүздеген Гбайттарға дейін бола береді.
Алмалы-салмалы мәлімет жинақтауыш-иілгіш магниттік дискінің (флоппи-дискілер
немесе дискеттер) диаметрі 3,5 дюйм (88 мм), ал сақтайтын информация кӛлемі -1,44
Мбайт болады.
Орталық процессор жедел жадтағы программларды орындап, мәліметтерді
түрлендіреді және де барлық құрылғыларды басқарады. Ол екі бӛліктен-басқару
құрылғысы мен арифметикалық-логикалық құрылғылардан тұрады. Басқару құрылғысы
программа командаларын қабылдап алып орындайды да, арифметикалық логикалық
құрылғы есептеу жұмыстарын және логикалық операцияларды атқарады.
Есте сақтау қҧрылғысы (жады) - бұл ЭЕМ-нің программаларды, қабылданған,
нәтижелік және аралық мәліметтерді уақытша (жедел жады), әрі ұзақ мерзімде (сыртқы
жады) сақтауға арналған құрылғысы. Жедел жадындағы информация компьютер ток
кӛзіне қосылып тұрғанда ғана сақталып тұрады, бірақ оның жылдамдығы ӛте жоғары
болады. Компьютер сыртқы жадындағы мәліметтер ток ӛшкенде де сақталады, бірақ оның
процессор мен мәлімет алмасу жылдамдығы тӛменгі деңгейде болады.
Арифметикалық-логикалық құрылғы – программа командалары бойынша
арифметикалық амалдарды орындап, мәлімет кодтарын түрлендіреді. Басқару
құрылғысы компьютердің барлық блоктарының жұмысын қадағалайды. Ол белгілі
бір кезекпен компьютер жедел жадындағы командаларды біртіндеп орындатып
отырады. Әрбір команда анықталып, қажеттілігіне қарай жедел жады ұяларындағы
мәліметтер арифметикалық – логикалық құрылғыға беріледі де команда кодына
байланысты керекті амал орындалады. Компьютер жұмысының осы принципі Фон
Нейман архитектурасы деп аталады, оны тұңғыш рет венгрлер елінен шыққан
американ ғалымы Джон Фон Нейман ұсынған еді.
Қазіргі компьютерлер архитектурасының анықталу принциптері
1. Программалық басқару принципі компьютердегі есептеу процестерін
автоматтандыру істерін атқаруға негізделген. Бұған байланысты кез келген есепті
шығару үшін соған сәйкес орындалатын компьютер командаларының тізбегін
анықтайтын программа құрылады. Программалық басқару ісінің тиімділігі бастапқы
мәліметтерді ӛзгерте отырып бір программаны бірнеше рет қайталап пайдаланған
сайын арта түседі.
2. Прогамманы жедел жадта сақтау принципі бойынша программа командалары
сандар секілді сақталып, сандар сияқты ӛңделеді. Программаның орындалуын
жеделдету үшін ол алдын ала компьютер жедел жадына толық жүктелуі тиіс.
3. Жедел жадындағы мәліметтерді кез келген тәттіппен алу (произвольный
доступ к памяти) принципі бойынша программалар мән мәліметтер жедел
жадының кез келген жеріне жазыла береді, кейіннен оны берілген адресімен басқа
мәліметтерді қарамастан тауып алуға болады.
Осы принциптер негізінде компьютер – оның жадына сандық кодтар түрінде
жазылған алғашқы мәліметтер мен программаны енгізгеннен кейін есептеу процесін
толық автоматты түрде ӛзі жүргізіп, нәтежиесін адамға түсінікті түрде бере алатын
техникалық құрылғы болып табылады.
Компьютерлерді жіктеу тәсілдері. Қазірде компьютерлер түрлері сан алуан, оларды
жұмысына қарай, қуаттылығына байланысты, элементтік базасының түрлеріне сәйкес
топтарға жіктеу қалыптасқан. Кез келген жіктеу тәсілі шартты түрде ғана жасалады.
Ӛйткені бүгінгі ДК кешегі үлкен ЭЕМ-дерден қуаттырақ болып келеді. Оның үстіне
компьютерді бір нақты топқа жатқызу да қиын, себебі кӛптеген компьютерлер ӛз
тапсырушының талабы бойынша жеке нұсқада жасалады.
Бақылау сұрақтары
1. Дискінің логикалық құрылысын ата.
2. Дискіні қалай форматтауға болады:
Әдебиеттер
Нег: 2,3,5
Қос: 8,11.
Дәріс 7.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ЖАБДЫҚТАУЫ
Тұрақты жады
Оперативті жады
Кэш-жады
Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары ретінде компьютерге жоғарыдағыдай
түрде қосылатын әр түрлі перифериялық, шеткері құрылғылардың жұмыс кезінде
атқаратын рӛлі мен маңызы зор. Олар компьютерлердің пайдалану мүмкіндіктерін
кеңейтіп, техникалық сипаттамаларын да анықтайды. Шығарылатын перифериялық
құрылғылардың кӛп түрлілігі олардың ішінен компьютерлерді тиімді пайдалануға септігін
тигізетіндерін таңдауға кӛмек береді.
Компьютерлік жүйенің атқаратын қызметтеріне қарай перифериялық құрылғылар
екіге бӛлінеді. Бірінші топқа компьютердің ӛз жұмысын атқаруына ӛте керекті
құрылғылар жатады. Оларды әдетте жүйелік перифериялық құрылғылар деп атайды. Бұл
топқа бейнелік монитор, пернетақта, қатты диск мен иілгіш дискідегі мәлімет
жинақтауыштар және баспа құрылғысы (принтер) жатады.
Екінші топқа магниттік таспадағы мәлімет жинақтауыштар, графикалық ақпаратты
енгізу құрылғылары (дигитайзерлер), графикалық ақпаратты шығару құрылғылары
(плоттерлер), модем, сканер, аудиотақша, тышқан немесе трекбол, коммуникациялық
адаптерлер және т.с.с. жатады. Олар мамандандырылған компьютерлерге қосымша
мүмкіндіктер береді. Бірақ олардың пайдаланылуы арнайы жұмыс түріне байланысты
анықталады. Сол себепті бұл топтағы құрылғылар қосымша перифериялық құрылғылар
деп аталады.
Перифериялық құрылғылар компьютерге жүйелік блоктың сырт жағындағы арнайы
тарақша ұялар (разъемдар) арқылы қосылады. Бұл топқа монитор мен пернетақтадан басқа
мына құрылғылар жатады:
принтер – мәтіндік және графикалық мәліметті баспаға шығару құрылғысы;
тышқан – компьютерге мәлімет енгізуді жеңілдететін құрылғы;
джойстик – жеңіл қозғалатын тұтқасы бар ұршық тәріздес қолтетік, негізінен
компьютерлік ойындар үшін қолданылады, т.б. құрылғылар.
Кейбір құрылғылар, мысалы, әр түрлі сканерлер (компьютерге сурет пен мәтін
енгізуге арналған құрал), жүйелік блокқа байланысудың аралас тәсілдерін пайдаланады:
жүйелік блокқа сканер жұмысын басқаратын электрондық тақша (контроллер)
орнатылады да, ал құрылғының ӛзі сол тақшаға шоқсым – кабель арқылы қосылады.
Қазіргі кезде жаңадан жасалған, бұрынғыдан гӛрі жетілдірілген перифериялық
құрылғылар шығарылып жатыр.
Процессор жадымен бірігіп жұмыс атқарады. Компьютерде екі ішкі жад болады:
тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕСҚ) және жедел сақтау құрылғысы (ЖСҚ).
Компьютерді алғаш қосқанда, ТЕСҚ-дан ақпарат алынады да, одан соң компьютерге
орналастырылған операциялық жүйе іске қосылады. Компьютерді сӛндіргенде ТЕСҚ-дағы
ақпараттар ӛшпейді.
Тҧрақты жады яғни тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM, Read Only Memory) —
ӛзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтауға пайдаланатын жады. Жадының мазмұнын
арнайы қондырғыны жасаған кезде тұрақты сақтау үшін орнатылады. ТЕСҚ-нан тек оқуға
болады.
Оперативті жады (RAM, Random Access Memory) — бұл шағын кӛлемді,
процессормен тікелей байланысқан, программалар мен мәліметтерді жазу, оқу және
сақтау, ол программалары ӛңдеу үшін қолданылатын жылдам есте сақтау құрылғысы.
Оперативті жады мәліметтер мен программаларды уақытша сақтау үшін пайдаланылады,
машинаны ӛшірген кезде оперативті жадыдағының барлығы ӛшеді.
Кэш немесе аса жоғары оперативтік жады — микропроцессор мен оперативті жады
арасында мәліметтер алмасуда ақпаратты ӛңдейтін процессормен оперативтік жадының
жылдамдық айырмашылығын реттеу үшін пайдаланылатын шағын кӛлемді, аса шапшаң
есте сақтау құрылғысы.
Кэш-жадыны орындалып жатқан программаға талдау жасай отырып, жақын уақытта
процессорға қандай командалар мен мәліметтер қажеттігін алдын-ала болжап, қосуға
әрекет ететін контроллер деп аталатын арнайы қондырғы басқарады. Бұндай жағдайда дәл
түсу мен ауытқулар болуы мүмкін. Егер кэшке қажетті мәлімет берілген жағдайда оны
жадыдан шығару тежелусіз орындалады. Егер кэшке қажетті ақпарат берілмей қалса, онда
процессор оны тікелей оперативтік жадыдан оқиды. Дәл түсу мен ауытқулар сандарының
қатынасы кэштеу тиімділігін анықтайды.
Кэш-жады DRAM-мен (SDRAM) салыстырғанда шапшаң әрекет ететін,
сыйымдылығы аз SRAM статикалық жады микросхемасында жүзеге асады. Қазіргі кездегі
микропроцессорларда бірге орнатылған ӛлшемі 8, 16 немесе 32 Кбайттық бірінші деңгейлі
кэш-жадылары бар. Сонымен қатар, компьютердің жүйелік платасына сыйымдылығы
256, 512 Кбайт және одан жоғары екінші деңгейлі кэш-жадылар орналастырылған.
Енгізу-шығару құрылғылары: енгізу құрылғысы арқылы ӛңделетін ақпараттар,
бағдарламалар компьютердің жедел жадысына енгізіледі, ал шығару құрылғысы арқылы
нәтижелерді, аралық мәндерді адам түсінетін тілде шығарылады. Енгізу құрылғыларына
пернетақта, тышқан, джойстик, ӛлшеу кұралдары, түрлі түсті қалам, сканер жатады.
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ондағы әріпті және
цифрлі пернелер арқылы компьютерге кез келген ақпараттарды енгізуге болады. Тышқан
– экран бетінде курсорды тезірек қозғалтуға арналған құрылғы.
Шығару құрылғысына принтер, монитор және график тұрғызушылар жатады.
Монитор - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. Принтер -
ақпараттарды кағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің үш түрі болады:
матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік. Сыртқы жады ретінде магниттік дискілер, яғни
кӛбінесе диаметрі 3,5 дюйм, сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискеттер пайдаланылады.
Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те атайды. Лазерлік дискіден оқу үшін CD-ROM
қолданылады. Жаңа ақпараттарды қайта жазу үшін арнайы қондырғы – CDRITTER
қолданылады.
Компьютердің қосымша құрылғыларына: модем, стриммер, сканер, плоттер және т.б.
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |