Дәрістер курсы №1 дәріс. «Математиканы оқыту әдістемесі»



бет13/15
Дата23.06.2023
өлшемі223,2 Kb.
#103216
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
«Геометрия» курсын оқыту әдістемесі.
Қарастырылатын мәселелер.

  1. 10-11 сыныптарда «Геометрия» курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері.

  2. 10-11 сыныптардағы «Геометрия» курсының жаңартылған білім мазмұны және оқулықтың ерекшеліктері.

  3. 10-11 сыныптарда «Геометрия» курсын оқытудың әдістері.

  4. 10-11 сыныптарда «Геометрия» курсын оқытуды ұйымдастырудың формалары.



Дәрістің қысқаша мазмұны
Қоғамдық-гуманитарлық бағытта «Геометрия» пәнін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқып-үйрену барысында математиканың
практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, ғылыми- жаратылыстану пәндерін оқып-білуге қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның бір тұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.
Міндеттері:

  1. Геометрия бойынша математикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасау;

  2. әр түрлі мән мәтіндегі есептерді шешуде математикалық тілді және негізгі математикалық заңдарды қолдануға, сандық қатынастар мен кеңістіктік формаларды оқып білуге ықпал ету;

  3. есептерді шешу мақсатында оқушылардың білімдерін математикалық модельдерді құруға және керісінше, шынайы процестерді сипаттайтын математикалық модельдерді суреттеп беруге бағыттау;

  4. практикалық есептерді шешуде, алынған нәтижелерді бағалау мен олардың нақтылығын айқындауда лайықты математикалық әдістерді таңдап алу үшін логикалық және сыни тұрғыдан ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  5. коммуникативтік дағдыларын, оның ішінде, ақпаратты дұрыс және сауатты түрде беру, сонымен қатар әр түрлі ақпарат көздерінен, басылымдар мен электрондық құралдардан алынған ақпаратты қолдану қабілетін дамыту;

  6. өздігінен және топта жұмыс істеуде қажетті тәуелсіздік, жауапкершілік, белсенділік, табандылық пен толеранттылық сияқты тұлғалық қасиеттерді дамыту;

  7. геометрияны оқыту процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын дамыту.

«Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында– 34 сағат; 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында– 34 сағат.

  1. сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

  1. «Стереометрия аксиомалары.Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы». Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы.Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.Екі жазықтықтың өзара орналасуы:

  2. «Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық». Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш. Перпендикуляр және көлбеу. Үш перпендикуляр туралы теорема.Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Жазықтықтар арасындағы бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық;

  3. «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар». Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі.Екі нүктенің арақашықтығы. Кесінді ортасының координаталары. Сфера теңдеуі. Кеңістіктегі вектордың координаталары. Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы.Векторларды қосу, векторды санға көбейту. Векторлардың скаляр көбейтіндісі:

  1. сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

  1. «Көпжақтар». Көпжақ ұғымы. Призма және оның элементтері. Тік және дұрыс призма. Тікбұрышты параллелепипед және оның қасиеттері. Призманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Пирамида және оның элементтері. Қиық пирамида. Пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Қиық пирамида бетінің ауданы. Дұрыс көпжақтар;

  2. «Айналу денелері және олардың элементтері». Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары.Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Қиық конус және оның элементтері. Қиық конус бетінің ауданы. Сфера және шар. Сфера бетінің ауданы. Айналу денелерінің жазықтықпен қималары;

  3. «Денелер көлемдері». Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері. Призма көлемі. Пирамида және қиық пирамида көлемдері. Цилиндр көлемі. Конус және қиық конус көлемдері.Шар көлемі;

Оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер күтілетін нәтижелер (біліктер немесе дағдылар, білім немесе түсініктер) түрінде берілген сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтиды. Әр бөлім ішінде тізбектеліп жазылған оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлап, оқушылардың жетістіктерінбағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.
«Геометрия» оқу пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды: 10 сыныпта:

  1. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы;

  2. Метрикалық қатынастар;

  3. Векторлар және түрлендірулер. 11 сыныпта:

  1. Геометриялық фигуралар туралы түсінік;

  2. Геометриялық фигуралардың өзара орналасуы;

  3. Метрикалық қатынастар.

Оқу бағдарламалары негізгі орта білім беру деңгейінің қоғамдық- гуманитарлық бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» оқу пәндерінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының Ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

№14 дәріс. Мектепте математикадан оқу жұмысын ұйымдастыру


Қарастырылатын мәселелер.

  1. Математиканы оқытуды ұйымдастыру формаларының жалпы сипаттамасы.

  2. Математика сабағы жалпы білім беретін мектепте бірыңғай педагогикалық процесті ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде.

  3. Қазіргі заманғы математика сабағы және оған қойылатын талаптар.. 4.Математика сабағына дайындалу және оны жоспарлау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет