Дәрістер курсы №1 дәріс. «Математиканы оқыту әдістемесі»



бет2/15
Дата23.06.2023
өлшемі223,2 Kb.
#103216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дәрістің қысқаша мазмұны
Математика – нақты дүниенің сандық-мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктік формалары туралы ғылым. «Математика» термині ежелгі Грекияда қалыптасқан «mathema» сөзінен келіп шыққан, қазақша мағынасы-
«танып-білу, ғылым».
Адамзаттың рухани дүниесін байыта түсуде, оның адамгершілік және зияткерлік құндылықтарын қалыптастыруда математиканың атқаратын ролі зор. Сондықтан да ол жалпы білім беретін мектептің 1 сыныбынан бастап, 11 сыныптарға дейін жүйелі түрде оқытып-үйретіледі. Мектепте математиканы оқыту барысында оқушыларда төзімділік, мақсатқа ұмтылушылық, тәртіпке бағынушылық, сыни ойлау, математикалық тұжырымдардың әсемдігін түсіне білу және кеңістікті елестете алу сияқты сапалық қасиеттер тәрбиеленеді, математикалық қабілеттер дамытылады.
Жалпы білім беретін мектепте математика курсы оқушылардың ойлау қабілеттері мен жалпы білім дәрежесін дамыту мен тәрбиелеуде жетекші орын алады. Мектепте математиканы оқыту:

    1. оқушыларға қоршаған ортаны танып-білудің математикалық құралдарын меңгеруге көмектеседі;

    2. оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытуды, оларды болашақ өмірге дайындауды қамтамасыз етеді;

    3. математикалық білімдерді күнделікті өмір мен тұрмыста туындайтын мәселелерді шешуде қолдана білуге үйрете отырып, математиканың ғылыми-техникалық прогрестің дамуындағы маңызын түсінуге ықпал жасайды;

    4. оқушылардың кеңістік туралы түсініктерін, зияткерлік және логикалық ойлауын, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ұйтқы болады;

    5. оқушылардың бойында зейін қоя білу, ұқыптылық, дәйектілік, дербестік және жоспарлай алу сияқты еңбек мәдениетін дарытуға көмектеседі;

    6. оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға қолайлы жағдайлар туғызады.

Математикалық білім берудің негізгі мақсаты оқушыларды нақты дүниенің құбылыстарын математикалық тұрғыдағы көзқараспен қарастыра және математиканың тәжірибелік бағыты мен оның қолданылу аясын көре білуге тәрбиелейді. Кең мағынада алғанда, мектепте математиканы оқытуда барлық оқушылардың қазіргі заманда жан-жақты дамуына қажет болатын ойлау мен іс-әрекет элементтерін меңгеруін қамтамасыз ету, математикаға деген қызығушылықты оятуға және математикалық қабілеттерді дамытуға қолайлы жағдайлар туғызу сияқты мақсаттар көзделеді. Сонымен қатар, мектепте математиканы оқытуда мына сияқты міндеттердішешу жүзеге асырылады: 1) білімдік міндет; 2) тәрбиелік міндет; 3) дамытушылық міндет және 4) практикалық міндет.
Білімдік міндет оқушыларға мектеп бағдарламасына сәйкес математикалық білім, білік, дағды және құзыреттіліктердің белгілі бір көлемін игертуді қамтиды. Тәрбиелік міндет оқушылардың ғылыми және дүниетанымдық көзқарасын және жекебас тұлғасының аса маңызды сапалық қасиеттерін тәрбиелеуді жүзеге асырады. Дамытушылық міндет оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, оларды зияткерлік және шығармашылық тұрғыда дамыта түсу мәселелерін қамтамасыз етеді. Практикалық міндет барысында игерілген математикалық білімдерді нақты өмірлік ситуацияларды және тәжірибелік мәселелерді шешуде қолдана білу мәселелері шешіледі.
Оқытудың мақсат-міндеттерінің табысты шешілуі математикалық білім мазмұнын тиімді реттеу, сондай-ақ оқытудың әдістерін, оқытуды ұйымдастырудың формасы мен оқыту құралдарын дұрыс іріктеп алу барысында жүзеге асырылады. Мұндағы ең басты мәселе, математикалық
білім мазмұнын тиімді іріктеп алу және оның құрылымын түзу болып табылады.
Жалпы алғанда, жалпы білім беретін мектептің буындарында мынадай ретпен және төмендегідей пәндерді оқыту жүзеге асырылады:

Бастауыш мектеп І-IV сыныптар




Математика













Математика V-VI сыныптар

Негізгі мектеп V-IX сыныптар













Алгебра, геометрия VII-IX сыныптар









Бұл оқу пәндерінің әрқайсысы бойынша берілуге тиісті математикалық білімнің мазмұны негізінен алғанда, мына сияқты нормативтік құжаттарда қамтылады:

  1. Жалпы орта білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары (ГОСО);

  2. Математиканың оқу бағдарламалары;

  3. Математика оқулықтары;

  4. Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулар;

  5. Дидактикалық материалдар.

Бұл нормативтік құжаттар математикадан оқу – әдістемелік кешен деп аталады.
Бастауыш мектепте оқытып-үйретілетін «Математика» атты курстың базалық білім мазмұны негізінен алғанда, төмендегідей оқу - әдістемелік желіні қамтиды:

  1. Арифметикалық материал;

  2. Геометриялық материал;

  3. Алгебралық материал;

  4. Информатика элементтері;

  5. Шамалар және оларды өлшеумен байланысты материал.

Негізгі мектепте «Алгебра» және «Геометрия» атты пәндерге бөлініп, оқытып-үйретілетін математика курсының базалық білім мазмұнын мына сияқты оқу-әдістемелік желіге топтастыруға болады:

  1. Арифметикалық материал;

  2. Планиметриялық материал;

  3. Алгебралық материал;

  4. Комбинаторика элементтері;

  5. Стохастика элементтері;

  6. Математикалық статистика элементтері.

Жалпы білім беретін мектептің жоғары буынында математика пәні
«Алгебра және анализ бастамалары» және «Геометрия» атты жүйелі курстарды оқыту арқылы жүзеге асырылады және ондағы базалық білім мазмұнын мынадай оқу-әдістемелік желіге бөліп қарастыруға болады:

  1. Арифметикалық материал;

  2. Стереометриялық материал;

  3. Алгебралық материал;

  4. Математикалық анализдің бастамалары;

  5. Аналитикалық геометрияның бастамалары;

  6. Ықтималдықтар теориясының элементтері;

  7. Математикалық статистика элементтері.

Қоғамның әлеуметтік сұранысына және математика ғылымының дамуы мен оның қолданылу салаларының кеңейе түсуіне байланысты мектептегі математикалық білімнің базалық мазмұны жиі өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламаларында көрініс табады. 2012 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» № 1080 қаулысы қабылдандып, осыған сәйкес, оған 2016 жылдың 13 мамырында №192 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және мынадай құжаттар қабылданды:

  1. «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;

  2. «Жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті Мемлекеттік стандарттары».

Қазіргі күні бұл стандарттар төмендегідей кезеңдермен қолданысқа енгізілуде: 1) 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап 5, 7-сыныптарға;2) 2019
жылғы 1 қыркүйектен бастап 9(10) сыныптарға және 11(12) сыныптарға.
Стандарттар бойынша, негізгі орта білімнің мақсаты тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау деп белгіленген және осыған сәйкес, оның негізгі міндеттері көрсетілген: Білім алушылардың: 1) рухани-адамгершілік қасиеттерін; 2) ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесін; 3) өздігінен білім алу және тұлғалық өзін- өзі дамыту дағдыларын; 4) оқу, жобалау, зерттеушілік іс-әрекеттерін жүзеге асыру дағдыларын; 5) сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау дағдыларын; 6) қауымда өзін-өзі іске асыру және өзара әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
Стандарттарға сәйкес, жалпы орта білім берудің мақсаты кең ауқымды дағдыларды дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады. Оның мына сияқты міндеттері айқындалған: 1)білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану; 2) сын тұрғысынан ойлау; 3) зерттеу жұмыстарын жүргізу; 4) ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану; 5) коммуникацияның түрлі
тәсілдерін қолдану; 6) топта және жеке жұмыс жасау білігі; 7) мәселелерді шешу және шешім қабылдау.
Стандарттарға сәйкес, білім алушылардың дайындық деңгейі: а) негізгі мектепте бірнеше мәндес оқу пәндерін біріктіретін бірнеше білім беру салалары («Тіл және әдебиет», «Математика және информатика»,
«Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру»); ә) жоғары сыныптарда жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытудың міндетті оқу пәндері мен бейіндік оқу пәндері бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер арқылы айқындалады.Стандарттарда негізгі орта білім беру аяқталғанда «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша және «Математика» пәні бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер анықталған.
Стандарт бойынша негізгі мектепте «Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны «Математика», «Алгебра», «Геометрия»,
«Информатика» оқу пәндерін, ал жоғары буында «Алгебра және анализ бастамалары» мен «Геометрия» пәндерін оқыту арқылы іске асырылады.
Математикалық білім берудің базалық мазмұны стандарт талаптары негізінде әзірленген төмендегідей оқу бағдарламаларымен айқындалады:

  1. 5-6-сыныптарға арналған «Математиканың» оқу бағдарламасы;

  2. 7-9-сыныптарға арналған «Алгебраның» оқу бағдарламасы;

  3. 7-9-сыныптарға арналған «Геометрияның» оқу бағдарламасы;

  4. 10-11-сыныптарға арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Алгебра және анализ бастамаларының» оқу бағдарламасы;

  5. 10-11-сыныптарға арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы

«Алгебра және анализ бастамаларының» оқу бағдарламасы;

  1. 10-11-сыныптарға арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы

«Геометрияның» оқу бағдарламасы;

  1. 10-11-сыныптарға арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы

«Геометрияның» оқу бағдарламасы.
Бұл оқу бағдарламалары бойынша оқу жүктемесінің көлемі былай бөлінген:

  1. 5-сынып, «Математика» – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет