Дәрістер курсы №1 дәріс. «Математиканы оқыту әдістемесі»



бет15/15
Дата23.06.2023
өлшемі223,2 Kb.
#103216
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
I.Сабақтың басы
(мотивация тудыру кезеңі)

(Ой-сергектер, логикалық тапсырмалар, шығармашылық
ойындар, т.б. түрінде)

Слайдтар, т.б.

II.Сабақтың ортасы







1) Ынталандыру кезеңі







2) Алдыңғы білімдерді
жаңғырту кезеңі







3) Жаңа білімдерді
игеру кезеңі







4) Қалыптастырушы
бағалау кезеңі







III. Сабақтың соңы

А) «Нені білдім, нені білгім келеді?» парағын толтыру;
Ә) Үй тапсырмасын анықтау; Б)Үй тапсырмасының орындалуына нұсқау беру.




Мұғалімнің сабаққа дайындалуындағы маңызды жұмыстардың бірі – сабақ барысын, яғни сабақтың типіне орай оның кезеңдері бойынша ұйымдастырылатын жұмыстардың мазмұнын анықтау және жоспарлауы болып табылады.


Сабақ жоспары мұғалім мен оқушылардың сабақтағы іс-әрекетінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерінің жиынтығын және ұйымдастырылу түрлерін анықтайтын және реттеп отыратын құжат деп түсіну керек. Сонда ғана оны нақты жұмыс жоспары деуге толық негіз бар.
Сабақтың кезеңдері сабақтың типіне байланысты анықталады. Олардың саны мен ретін мұғалімнің өзі анықтайды да сәйкес кезеңдер бойынша кестенің бөліктерін толтыра отырады. Сонда сабақтың әр кезеңінде не істеу керек? қандай әдіс-тәсілдер арқылы қандай нәтижеге жету мақсаты көзделеді? деген сияқты мәселелер мұғалімдің көз алдында тұрады да, уақытты реттеп отыру, жоспарға өзгеріс енгізу, оны жетілдіріп отыру мүмкін болады.Осындай формада жасалатын сабақ жоспары мұғалімнің шығармашылыққа бейімделуіне себепші болады және оның кәсіби шеберлігі шыңдала түседі.

№15 дәріс. Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде


Қарастырылатын мәселелер.

  1. Әдістемелік-математикалық ғылымның объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері.

  2. Студенттердің педагогикалық практикасын ұйымдастыру. 3.«Математиканы оқыту әдістемесі» пәнін оқып-үйрену барысындағы білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары.

  1. Сабақты әдістемелік тұрғыдан талдау әдістемелік мәселені бақылаудың нәтижесі ретінде.



Дәрістің қысқаша мазмұны
Математиканы оқыту әдістемесін ғылым ретінде қарастырғанда ең алдымен, ол шешетіндей әдістемелік мәселелерді, оның зерттеу нысаны мен пәнін анықтау қажет болады. Әдістемелік – математикалық ғылымның қарастыратын барлық мәселелерін төмендегідей сұрақтар түрінде тұжырымдауға болады:

    1. Математиканы неге, не үшін оқытамыз? (яғни, балаларды математикаға қандай мақсатпен оқыту керек?);

    2. Математиканы нені, қандай материалдарды оқытамыз? (яғни, қойылған мақсаттарға сәйкес, математикалық білімнің мазмұны қандай болуы керек?);

    3. Математиканы қалай оқытамыз? (балалар іріктеліп алынған математикалық білімнің мазмұнын табысты меңгеруі үшін оқытудың қандай әдістері мен технологияларын қолдану керек?);

    4. Математиканы ненің көмегімен оқытамыз?(балалар іріктеліп алынған математикалық білімнің мазмұнын табысты меңгеруі үшін оқытудың қандай құралдарын қолдану керек?);

    5. Математиканы қандай формаларда оқытамыз? (оқушылардың оқу- танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың қандай формаларын пайдаланып, оқыту керек?).

Бұл аталған мәселелер математиканы оқыту әдістемесін ғылым ретінде анықтауға мүмкіндік береді. Қорыта айтқанда, математиканы оқыту әдістемесі бір жағынан, математиканы оқытудың қоғамның әлеуметтік сұранысы анықтайтындай мақсат-міндеттеріне сәйкес, математикалық білімнің мазмұнын іріктеп алу мен реттеудің, екінші жағынан, оқушыларға осы мазмұнды меңгертумен байланысты математиканы оқытудың құралдарының, әдістері мен заманауи технологияларының, сондай-ақ математика пәні мұғалімі мен оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастырудың формаларының ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерттейді. Математиканы оқыту әдістемесінің педагогикалық ғылым ретіндегі зерттеу нысаны: математиканы оқыту үдерісі. Мұнда мына сияқты бес негізгі құраушыны - математиканы оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, математиканы оқытуды ұйымдастырудың формаларын бөліп көрсетуге болады. Бұлар өзара тығыз байланыс пен табиғи бірліктегі
әдістемелік жүйе ретінде зерттеуге алынады.
Математиканы оқытудың осы әдістемелік жүйесінің әрқайсысы, сондай-ақ олардың арасында орын алатын байланыстар мен қатынастар әдістемелік – математикалық ғылымның зерттеу пәні бола алады.
Әдістемелік – математикалық мәселелер педагогикалық зерттеу әдістері арқылы шешіледі. Педагогикалық зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, сауалнама, мұғалімдердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін тарату, табиғи және лабораториялық эксперименттер жатады. Сол сияқты әралуан
психологиялық әдістемелер мен тесттер математиканы оқытудың әртүрлі тәсілдерінің математикалық білім, білік, дағды және құзыреттіліктерді игеруге, балалардың жалпылама дамуына тигізетін әсерін анықтауғаықпал етеді. Осылардың барлығы математиканы оқыту үдерісінің белгілі бір заңдылықтарын тағайындауға мүмкіндік береді.
Қандай да болмасын әдістемелік -математикалық зерттеудің мақсаты оқыту үдерісінде орын алатын белгілі бір өзгерістерді анықтау және оларға талдаулар жасау, осы өзгерістердің мәнділігін бағалау және олардың орын алу себептерін айқындау болып табылады.
Жалпы алғанда, әдістемелік - математикалық зерттеудің төмендегідей негізгі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

      1. Зерттеу жұмысының негізгі ұғымдарына (зерттеудің нысанына, пәніне, мақсаты мен міндеттеріне) сипаттама беру. Зерттеудің бұл кезеңінде теориялық ізденіс әдістері пайдаланылады, мұнда зерттеуші зерттеу жұмысының ерекшеліктері мен өзінің мүмкіндіктерін ескереді.

      2. Қойылып отырған мәселенің мектеп тәжірибесіндегі шешілу жағдайына талдау жасау.

      3. Зерттеу болжамын нақтылау.

      4. Зерттеу болжамының сенімділігін тексеру.

      5. Зерттеу нәтижелерін жалпылау және қорытындылау.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі түрлері: курстық және дипломдық жұмыстар.
Дипломдық жұмыс студенттің математиканы оқыту әдістемесінің белгілі бір мәселесі бойынша өздігінен орындайтын зерттеу жұмысы болып табылады. Диплом жұмысының құрылымы – жұмыста көрініс табатын мәселелерді қамтитын тараулар мен тақырыптардың белгілі бір рет-тәртіппен орналастырылған жүйесі. Ол негізінен алғанда, мына сияқты элементтерден тұрады:

  1. Титул беті – жұмыстың алғашқы беті.

  2. Мазмұны – жұмыстың тараулары мен тақырыптарының атаулары келтіріледі және олардың әрқайсысы басталатын беттер көрсетіледі.

  3. Кіріспе, мұнда келесі ретпен зерттеу жұмысының әдіснамалық аппараты келтіріледі:

  • зерттеу тақырыбының өзектілігі(мұнда қойылып отырған мәселенің бүгінгі күн талаптары тұрғысынан алғандағы көкейкестілігі дәлелденіп, осының негізінде орын алып отырған қарама-қайшылық анықталады).

  • зерттеу нысаны.

  • зерттеу пәні.

  • зерттеудің мақсаты.

  • зерттеудің міндеттері.

  • зерттеудің әдіснамалық негіздері.

  • зерттеудің ғылыми және практикалық жаңалығы.

  • зерттеудің әдістері.

  • диплом жұмысының құрылымдық элементтерінің қысқаша сипаттамасы.

  1. Диплом жұмысының негізгі бөлігі (олі әдетте, әрқайсысы тармақшаларға бөлінетін екі немесе одан көп тараулардан тұрады).

  2. Қорытынды.

  3. Пайдаланылған әдебиет тізімі.

  4. Қосымшалар.

Бүгінгі студент-болашақ математика пәні мұғалімінің кәсіби біліктілігін жетілдіре түсуге және әдістемелік зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды саланың бірі - педагогикалық практика. Педагогикалық практика мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында және оқу жоспарында көрсетіледі және студенттің жеке оқу жоспарына енеді.
Педагогикалық практиканың мақсаты: студенттердің оқушыларды оқыту және тәрбиелеумен байланысты болашақтағы кәсіби қызметіне қажетті әдістемелік біліктер мен дағдылар жүйесін қалыптастыру.
Педагогикалық практика кезінде студент-практиканттар әдіскердің, психологтың және педагогтың көмегімен төмендегідей қабілеттерге ие болады:

  • педагогикадан, психологиядан, математиканы оқыту әдістемесінен және арнайы курстардан алған теориялық білімдерін практикада қолданады;

  • мектепте өз бетімен оқу-тәрбие жұмысын жоспарлайды және жүргізеді;

-ата-аналармен жұмыс жүргізеді және оқушылардың тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешуде белсенділік көрсетеді;

  • мектеп ұжымының өміріне араласып, сыныппен және ата-аналармен белсене жұмыс істейді;

  • мектеп оқытушыларының жинаған тәжірибесін бақылайды, талдайды және қорытындылайды.

Студенттерді болашақ мамандыққа дайындауда педагогикалық практиканың алатын орны зор, мұнда студентер: а) университетте алған білімдерін бекітеді және тереңдетеді; ә) педагогикалық мамандыққа сүйіспеншілігі орнығады; б) педагогика саласында ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығы туындайды; в) курстық және дипломдық жұмыстарға материалдар жинайды, мектепте эксперименттік жұмыстар жүргізеді.
Педагогикалық практикадан өту кезінде студенттер мектеп ұжымының жұмыстарының барлық салаларына қатысты тапсырмалар орындайды. Мұндай тапсырмаларды орындау студенттердің мектеп жұмысымен терең танысуларына жағдай жасайды, теориялық білімдерін жетілдіреді және педагогика ғылымдары саласынан, оның ішінде математиканы оқыту әдістемесінен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренеді.
Студент-практиканттар математика сабағының төмендегідей түрлерін жүргізіп үйренулері керек:
а) оқушыларды жаңа материалмен таныстыру сабағы;
ә) оқушылардың білім, білік және дағдыларын бекіту сабағы; б) оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру сабағы; в) жаттығу сабағы;
г) аралас сабақтар және т.б.
Студент – практиканттарға қысқаша нұсқаулар:

  1. Мұғалім сынып бөлмесіне оқушылар орындарына отырғаннан кейін кіреді.

  2. Сынып бөлмесінің тазалығы және сыныптың сабаққа дайындығы тексеріледі.

  3. Сыныпта жұмыс жүйесі жасалғаннан кейін оқушыларға сабақ жоспары айтылады. Үй тапсырмасы тексеріледі. Жаңа сабаққа дайындау мақсатында жаттығулар шығарылады.

  4. Жаңа материалды түсіндіргенде өткен тақырыппен логикалық байланыс жасалады.

  5. Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын дамыту үшін проблемалық сұрақтар, тарих элементтері, өз бетімен жұмыс т.б. қолданылады.

  6. Үнемі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға көңіл бөлінеді. Есеп шығарғанда, оны шешудің тиімді жолын іздеуге дағдыланады.

  7. Сабақты күнделікті қорытындылаудың және бағалаудың маңызы зор.

Оқушылардың келешектегі белсенділігі олардың білімдерін әділ бағалау мен үйге тапсырманы орындауға бағыттау жұмыстарына байланысты.
Қазіргі күні сабақты талдаудың психология-педагогика ғылымдары ұсынатын әр түрлі негізде құрылған бірнеше схемалары бар. Сабақты талдау схемасын таңдап алу үшін оқушылардың білім сапасының қазіргі өлшемдерін білу, оқыту мен тәрбиелеудегі сәттерді анықтаудағы және оны жеңудегі ой-ізденістік қызмет тәсілдерін игеру, педагогикалық қызметтің мәдени және адамгершілік мағынасын құру, оқытылатын білімнің мазмұнын таңдау және қайта құра білу, оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі құралдарын модельдеу және құру жеткілікті.
Сабақты талдау схемасы:

  1. Мектеп, сынып, сабақ, мұғалімнің аты, тегі.

  2. Сабақтың тақырыбы, сабақтың оқу-тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары;

  3. Сабақты түсіндірудің жүйелілігі, қойылған мақсатқа жетуде оқушылар ұжымын ұйымдастырудың дұрыстығы;

  1. Сабақты ұйымдастырудың бастапқы моменті:

а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақ конспектісі және толық сабақ жоспары, көрнекі құрал-жабдықтар және т.б. бар болуы);
ә) оқушылардың сабаққа дайындығы (кезекшілік, оқушылардың сабаққа қажетті дәптерлері, оқулық, оқу-құралдары және т.б. болуы);
б) сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы (тазалық, тақта, бор және т.б.).

  1. Сабақ барысының құрылымы:

а) сабаққа оқушыларды түгел жұмылдыру;
ә) сабақтың оқу материалының оның мазмұнына сәйкестігі; б) сабақты жүргізу жүйесі;
в) мұғалімнің сыныппен қарым-қатынасы;
г) сабақ уақытындағы оқушылардың белсенділігі.

  1. Сабақтағы оқу материалының мазмұнын талдау:

а) оқу материалының ғылымилығы;
ә) оқушылардың білім деңгейі бағдарламаға сәйкестігі; б) практикалық және теориялық материалдың сәйкестігі; в) оқу материалының жүйелілігі;
г) сабақ материалының тәрбие мақсатына сәйкестігі; д) өмірмен және практикамен байланыс.

  1. Сабаққа қойылатын жалпыпедагогикалық және дидактикалық талаптардың орындалуы.

  2. Мұғалімнің іс-әрекеті.

  3. Сабақтағы оқушылардың іс-әрекеті.

  4. Сабақты бағалау:

а) сабақ жоспарының орындалуы; ә) сабақтың мақсатына жетуі; б) сабақтың міндетінің орындалуы; в) ерекше үлгі аларлық мәселелер; г) сабақты қайталап өткізгенде қандай өзгерістер енгізуге болады?

  1. Қорытынды жасау және баға қою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет