Дәрістер курсы



бет15/22
Дата11.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#42333
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
Лекциялар Философия 2022

Бақылау сұрақтары



  1. ХІ-ХVІІІ ғғ. орыс философиясы дамудағы ерекшелігі мен негізгі концепциясының маңызы неде?

  2. П. Я. Чадаев көзқарасының мәні?

  3. Славяншылдар мен батысшылдар арасындағы ой-тұжырымның негізгі мазмұнындағы айырмашылығы?

  4. Н. Г. Чернышевскийдің философиялық концепциясының мәні?

  5. В. С. Соловьев өзінің ілімін не себепті «біртұтастық» деп атады?

  6. Орыс философиясындағы космизим идеясының дамуындағы өзекті мәселелер.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Зотов А. Ф., Мельвиль Ю. К. Западная философия ХХ века. Учеб. Пособие. М.: 1998.

  2. Құлсариева А. ХХ ғасыр философиялық тұжырымдамасы. Алматы, 2001.

  3. Лейбин В. М. Фрейд, психоанализ и современная западная философия. М.: 1990.

  4. Маркузе Г. Одномерный человек. М.: 1969.

  5. Поппер К. Открытое общество и его враги. М.: 1992.

  6. Поппер К. Логика и рост научного знания. М.: 1983.

  7. Рассел Б. Человеческое познание, его сферы и границы. М.: 1957.

  8. Современная западная философия.М.: 1991.

  9. Современная западная философия: словарь, М.: 2000.

  10. Философский энцеклопедический словарь - М.: 1994.

  11. Фромм Э. Психоанализ и этика. М.:1993.

10 дәріс. Қазақ философиясындағы әлемді тану мәселесі

1.Көшпелілердің жалпы адамзаттық өркениеттік дамуға қосқан үлесі 2.Әл-Фарабидің қайырымды және надан қала туралы ілімдері
3.Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызы
4.Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары

Ұлттық философия - әлемдік философияның құрамдас бөлігі. Жалпыадамзаттық дүниетаным баршаға ортақ болғанмен, әрбір халықтың, ұлттың өзіне тән діні, ділі, әдет-ғұрпы және дүниеге көзқарас ерекшелігі болатындығы сөзсіз. Осыдан әрбір ұлттың, халықтың өзіндік этнофилософиясы қалыптасады. Мұнда да жалпы философиялық дүниетаным негіз ретінде алынады, бірақ қазіргі философия ғылымы көбінесе Еуропа орталықтық бағдарда қалыптасқан. Сондықтан ол көп жағдайда әрбір халықтың философиялық идеясының әдіснамасына айналады. Соңғы уақытта мәдениеттануда адамзат өркениетін батыс және шығыс деп екіге бөліп қарастыру дәстүрі бар. Қазіргі қазақ мәдениеттанушыларда бұған түркі және көшпенділер өркениетін қосып, оның өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету туралы көзқарастары да орын алған. Осыған сәйкес, Батыс философиясы, Шығыс философиясы және Түркі философиясы деп ажырату да ақылға қонымды. Ендеше көшпенділердің тұтас мәдениетін зерттейтін номадология ілімі қолға алынып жатқан шақта түркі философиясы қазіргі әлемдік ғылыми танымдық аймақтан маңызды орын алуда. Қазіргі уақытта көшпенділер философиясы, түркі философиясы, қазақ философиясы, ұлттық философия деген сияқты түсініктер қалыптасқан. Байырғы түркі халықтарында исламға дейінгі кезеңде, әр түрлі діни сенімдер мен діндер руханияттық-танымдық аймақта қалыптасып, өркендегендігі белгілі. Бұларда басқа діндер сияқты халқымыздың байырғы дәстүрлері мен салттары және дүниеге көзқарас элементтері жинақталған. Алғашқы діни сенімдер мен діндердің қазақ даласында болғандығын бүгінгі күнге дейін келіп жеткен оның сарқыншақтары айғақтай алады. Олар тәңіршілдік, зорастризм, шаманизм т.б. Сондықтан тәңіршілдік сенімі бойынша – тәңіршілдіктің пайда болуы мен қалыптасуы, тәңіршілдік сенімінің негізгі элементтері, қазіргі кездегі тәңіршілдіктің сарқыншақтары мәселелері және оның дүниетанымдық көріністері таразыланады.


Тәңіршілдік сенімі өте көне дәуірлерде қазақ даласында және қазіргі Алтай аймағында пайда болды делінеді. Бірақ нақты қашан пайда болғандығы беймәлім, бұны сақтар мен ғұндардың мойындағандығы тарихтан белгілі болып отыр. Ғұндар б.э.б. бірінші мыңжылдықтарда Алтайды мекендеп, Қытаймен көрші тұрғандықтан, бұл сенім б.э.б. 5 ғасырлардағы көне Қытайда пайда болған конфуциандық дінге ұқсас. Мәселен, аспанға табыну, әдет-ғұрыпты сақтау сияқты элементтер екі сенімге де ортақ. Тәңіршілдік негізінен аспанға, көкке табынатын болғандықтан, негізгі құдайы – Тәңір, Көк Тәңірі деп аталады. Тәңір сөзінің шығу тегін, яғни, этимологиясын түсіндірушілердің пікірлері әр түрлі; Тәңір – «таң нұры», «таң іңірі» деген сөзден шыққан; «Денгир» деген Авеста кітабындағы тұлғамен байланысты т.б. Тәңіршілдік сенімінің аңыздарында ол әлемнен кейінгі және жүйесіз әлемдік, ғарыштық хаосты реттеуші қызмет атқарады. Бұл сенім шамамен б.э.б. мыңыншы жылдардан бастап пайда болғанмен, кейіннен шаманизм, зорастризм, христиан, буддизм, ислам сияқты діндермен ассимиляцияға түскен. Мысалы б.э. 5-7 ғасырларындағы көне түркі жазба ескерткіштерінде Тәңіршілдік сенімінің элементтері айтарлықтай кездеседі: «Жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, ортасында адам баласы пайда болған екен» деген жолдар осының айғағы. Тәңіршілдік сенімінің қалыптасу тарихындағы мифтерде басты екі құдай бар: Алажол және Қара жол.
Байырғы Қазақ даласындағы діндердің бірі – Зорастризм. Бұның дүниетанымдық мағынасын ашу: Зорастризмнің пайда болуы мен қалыптасуы; Зорастризм сенімінің негізгі ерекшеліктері; Зорастризмнің қазіргі кезеңдегі жағдайы т.б. мәселелермен байланысты.
Зорастризм сенімінде басты екі құдай бар. Біріншісі, ізгілік құдайы – Ахура Мазда немесе Ормузд деп аталса, екіншісі, зұлымдық құдайы – Анхра Майнью немесе Ариман. Зұлымдық рухының жағында жалғандық пен ашу ыза болса, ізгілік рухының жағында – шыншылдық, игілікті ой, даналық, билік, денсаулық, мәңгілік сияқты рухтар жинақталған. Бұл сенімде негізгі табыну объектісі «от» боп табылады. Отқа табыну дәстүрлері кейінгі түркілік әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерде кең таралған. Мысалы, отанына адал берілгендікті білдіретін салт бойынша елдің әскерлері және өзге халықтардан келген елшілер адалдығын білдіру үшін жанып тұрған екі оттың ортасынан өткізілген. Бүгінгі күнге дейін сақталған отпен аластау дәстүрі де Зорастризмнің сарқыншағы. От зұлымдық рухтарды қуады деп түсінгендіктен осындай сенім ұзақ уақыт бойы сақталған және әлемнің басқа да халықтарында жиі кездесетін құбылыс. Ізгілік пен зұлымдықтың дуалистік сипаты осы екі құдайдың мәңгілік күресіне негізделеді. Кей сәттерде Ахура Мазда жеңіске жетеді. Жалпы адамзаттық аңыздағы ертегілердегі негізгі сюжет ізгілік пен зұлымдықтың күресі және оның мазмұнының жақсылықпен аяқталуы осы Зорастризмдегі екі рухтың күресу идеясынан тасымалданған болса керек. Бұл сенімнің тағы бір бүгінгі күнге дейін келіп жеткен дәстүрі – «Наурыз мерекесі». Ол жаңа жылдың басталған күні және әлемдік циклді қайта жаңарудың, қайтадан түлеудің рәміздік көрінісі, күн мен түннің теңелуіне негізделген ғарыштық қағида және жеті аспан денесін құрметтеуден туған қасиетті саны зорастризм сенімінің негізгі философиялық діңгегі. Осыған орай, наурыз көжеге рәмізді-рәсімді түрде жеті түрлі тағам қосылады
Ғарыштық дүниетанымның көркемдік бейнесінің бірі аспан денелерінің қозғалысы мен ауытқуларын нақыштау және олардың өзгерістерін жердегі адам тағдырымен байланыстыру туралы болып келеді. Бұны әсіресе әфсаналық сарындардан анық байқауға болады; «Бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс шал» ғарыш кеңістігіндегі құйрықты жұлдыздың рәміздік көрінісін береді және ол, көп жағдайда үрейлі, жағымсыз бейнеде қайталанады; Шолпан мен Жетіқарақшы туралы аңыз тек аспан денелерінің қозғалысы мен жердегі әлеуметтік өмірдің қайшылығы мен үйлесмділігінің жалпы бейнесін сипаттайды; құс жолы деп аталатын шоқжұлдыздар ананың сүтіне баланады т.б Бұлардың әрқайсысында терең философиялық мағына мен жамалған. Мәселен, Ай толған кезде оның бетінен түнде көрінетін қыздың бейнесі туралы аңыздың пайымдық мағынасы, «ол Ай бетінде неғып тұр» деген сауалдың шешімі арқылы ұсыналады: жердегі ер адамдық үстемдіктің нышандарына іштей наразылықтың түрі, «қырық үйден тыйылмаған қыздың» жазасының рәмізі, өзінің теңін күтуден жалықпаған тұрақтылық пен тазалық, қыздың оңайлықпен қол жеткізілмейтіндігінің нышаны т.б.
Араб-мұсылмандық шығыс философиясының өкілі болғанмен, түркі жерінде, Отырар қаласында дүниеге келіп, балалық шағын сонда өткізген ойшылдардың бірі – Әбу Насыр Әл Фараби. Оның толық есімі – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлағ әл Фараби ат-Түрки болатын. Әлемге әйгілі философ жан-жақты энциклопедист ғалым: дәрігер, физик, психолог, математик, астороном, музыкант, ақын, т.б. болғандықтан, метафизикалық және онтологиялық мәселелерді таразылауда да өзіндік төлтума идеяларын ұсынған. Сонымен қатар әл-Фараби ілімінің бір қыры да көне Грекиялық Аристотель мен Платон еңбектеріне герменевтикалық талдаулар жасаудан басталады және кейінгі батыс еуропаға оның еңбектерін таныстырушылардың бірі ретінде тынамал. Ол әлемдік рухани кеңістікте Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған (мүмкін, шындығында, бірінші болар). Ол 200-дей еңбек жазғанмен, оның бізге келіп жеткені 70-тейі ғана: «Философиялық трактаттар», «Математикалық трактаттар», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар», «Логикалық трактаттар», «Музыканың ұлы кітабы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» т.б.
Физикалық ілімдер саласында кеңістік, материя, қозғалыс жөнінде ұмтымды пікірлерін ұсынумен қатар, тәжірибелер жасап, оны дәйектеуге құлшынған. Мәселен, вакуум туралы толғанысында, оны тәжірибе жүзінде тексеріп көріп, әлемде табиғи вакуумның болмайтындығын дәлелдейді. Осыдан ойшылдың бос кеңістіктің нақты физикалық көрінісі вакуум жөніндегі көзқарастарының да маңызды тұс екендігі аңғарылады. Вакуумды тәжірибелік-эмпирикалық жолмен зерделеген әл-Фараби оның болмайтындығын ауа мен судың қатынасы арқылы байыптайды.
Психологиялық көзқарастарында ақыл, интеллект, қабылдау сияқты мәселелерді таразылап, танымның деңгейлерін ажыратып көрсетеді. Мәселен, интеллектіні бірнеше түрге ажыратып, әрқайсысының қызметтерін көрсетуі де бүгінгі күнге дейін маңызды мәселелер болып табылып отыр.
Музыка саласында, дыбыстардың саздық өрнектелуі, ноталар мен музыкалық білімнің қазіргі теориялық деңгейлерін «Музыканың ұлы кітабы» атты еңбегінде баяндайды.
Метафизикалық бағытта: онтологиялық, негізгі концептуалдық, әрі нақты, түпкі философиялық мәселе «бар» мен «жоқ» жөніндегі ойтолғамдар түзілісін; қозғалыс және оның түлерін; форма мен материяның арақатынасын байыпты зерделеу бойынша онтометафизикалық «қалыптасу» мен «жаратылу» мәселелерін; орын мен кеңістік туралы толғаныстарын, жаратушының әлемде жарату актісіндегі сипатын т.б. ұсынады.
Әл-Фараби бойынша, қоғам әр түрлі қалалардан тұрады, олар «Қайырымды қала» және оған қарама-қарсылар, бұлар: «Надан қала», «Өнегесіз қала», «Құбылмалы қала» және «Адасқан қала».
«Надан қаланың» өзі бірнеше қалаларға немесе топтарға бөлінеді, «Қажеттілік қаласы», «Алмасу қаласы», «Аласалық және бақытсыз қала», «Атаққұмар қала». «Қайырымды қала» әл-Фарабиде – болашақтың жобасы.
Әл-Фараби «қала» мағынасында белгілі бір адамдардың әлеуметтік тобын немесе қабаты туралы, кейде мемлекет пен қоғам туралы айтатындығын атап өту керек. Бұл сол кездердегі терминдік сөздік қордың жетілмегендігімен байланысты.
Белгілі бір әлеуметтік индивидуумдарға, топтарға тән қасиеттер мен сипаттардың, қабілеттердің, адамгершілік сапалардың әр түрлі болуына қарамастан, феодалдық қоғамдағы әр түрлі қабаттар мен қоғамдық топтар арасында қарама-қарсы болуына қарамастан, адамдар, әл-Фараби пікірі бойынша еріктері мен тілектеріне тәуелсіз қажеттілік күшімен бірге өмір сүреді және қоғамды құрайды.
Қоғамның қалыптасу үрдісі алғашқы қауым адамдары арасындағы өндірістік қатынастардың қалыптасуы үрдісімен сәйкес келеді, ал өндірістік қатынастар алғашқы қауым адамдары өмірді сақтау мен тағам табу мақсатында бір-біріне көмектің мұқтаждығынан интстинктивті түрде немесе саналы түрде болсын өткір сезілді. Тарихи құбылыс болып есептелетін қоғам тарихи дамудың әр түрлі сатыларынан өте келе, өзінің дамуы барысында: рулық байланыс кейпінен тайпалыққа, одан халықтыққа, одан ұлттыққа дейінгі өзгерістерді бастан өткереді. Осындай қалыппен, мемлекетке қарғанда қоғамның көнелеу тарихы бар. Бұны да Әл-Фараби аңдаған болатын.
Қоғамның әрбір мүшесі оның саны мен алып жатқан аумағына қарамастан, олардың адамгершілік қырларын анықтайтын өздерінің әрекеттеріне сәйкес құрылатын әр түрлі индивидтерден құралады, сол қоғамның өзі әр түрлі әлеміш индивидтер мен топтардың қажеттіліктерімен құрылатындығына, оларға өзара қарым қатынас пен өзара байланысты реттеп отыратын белгілі бір тәртіп пен жүйе талап етілетіндігіне қарамастан қоғам құрылады.
Бір сөзбен айтқанда, оларға әр түрлі мінез-құлық тән екендігіне, олардың әртүрлі әсерлер бойынша толқитындығына байланысты адамдардың бір-бірінен айырмашылықтары болады. Бірақ, кей жағдайда кездесетіндей, адамдар тәуелсіз және бірін-бірі жек көретін жағдайларда олар бірдей өмір сүре алмайды, өйткені, жоғарыда айтқандай, адамдар ұжымдасқан, бірлескен қызметтер арқылы өмір сүреді. Бұдан адамдар өмір сүруге кесел келтіретін әсерлерге тап болғанмен, ақылды басшылыққа алып, сол сәтте өзара көмекке мұқтаж болады, олардың арасындағы келісім болуы қажеттілігі туындайды.
Бұндай келісімдердің нәтижесінде заңмен бекітілген белгілі бір тәртіптер, мінез-құлық нормалары пайда болады, әл-Фарабидің ойы бойынша, сөйтіп, қала басшысы мен оның ізбасарлары тағайындалады.
Адамның, қоғамның, топтардың немесе «қалалардың» пайда болуын қаарстыра келе, «қалаларды» жіктеп көрсетіп, «қалалық бірлестіктің» (біздің терминология бойынша мемлекет) пайда болуы туралы мәселенің мазмұнын ашуға қарай ауысады. Әл-Фараби бойынша, мемлекет қалаларды біріктіру жолындағы тіршілік үшін күрес барысындағы адамдардың бірлестігі нәтижесінде туды. Мемлекет – бұл қоғамды басқару үшін құрылған арнайы құрылғы (белгілі бір қоғам шеңберінде). Мемлекет онда күрес құралы, қорғау, игіліккке жету ретінде көрініс табады.
Мемлекет басшысы өзара көмекті ұйымдастыру жолымен бірлестіктің барлық мүшелерінің жеке бақытқа жетуіне және барлық халықтардың тұтастай жетуіне ұмтылады.
Әлемге танымал болған Абай Құнанбаевтың (1845-1904 жж.) идеялары да философиялық мазмұнда құрылған. Әсіресе, оның «Қара сөздері» дүниенің болмысы, адам болмысының табиғаты, өмір сүру мен халқымыздың тұрмыс-тіршілігі хақында ойтолғамдар жүйесін түзеді. Оның идеяларын шартты түрде былайша топтауға болады: қазақ қоғамының әлеуметтік сыншысы ретіндегі ұлттың өзіндік санасын оятумен бірегейленуі туралы толғаныстар, құдайға махаббат пен сүйіспеншілік барысы, «адам-әлем» қатынасының түйткілді тұстарының бағамдалуы, табиғи жаратылыс пен адам болмысы хақындағы толғаулар, дүниенің әсемдігін пайымдай білу арқылы көркемдік таным ақиқатын сезініп өмір сүру белсенділігі т.б. Абайдың дүниетанымындағы теология бойынша – Алла жаратылыстың куәсі және ақиқат болып табылады; адам жан мен тәннен құралады және жан мәңгі өмір сүреді т.б. Адамзат өзінің ғұмыр кешу сәтінде шынайы ақиқатты іздейді, таным-түсінігін кеңейтеді, кейде адасады, табиғи қалпына бас ұрады, сондықтан ең бастысы ғылыми таным мен білімді негізге алу керек деген идеяны қуаттайды. Оның сыншылдығының мақсаты – халқының қайта түлеуін, заманға лайықталып тіршілік етуін, ішкі дүниесін жаңартуды және әрбір тұлғаның ішкі Менін ояту арқылы ұлттың өзіндік санасын жандандыру. «Қалың елім, қазағым қайран жұртым» деген өлеңінде өз халқына деген сүйіспеншілік сезім мен ұлтжандылық көңіл-күй анық байқалады, қоғамдағы кемшіліктерден арылу ұлттың өркендеуінің мазмұны екендігін байыптайды, тұлғаның бойындағы мінез дүниеге көзқарасқа ықпалды деп түсіндірген Абай осы дүниетанымды өзгертуді қалайды. Ойшыл дүниетанымындағы жиі толғанылатын идея адамның ішкі еркіндігі мен ерік күшін нығайту болатын болса, оған басты кедергі нәпсіні тыю мәселесі жолға қойылады, алдымен жеке адамның өзінің ырық күші болуы тиіс екендігін «ұлттық психоанализ» тұрғысынан талдайды: «Ел бұзылса, табады шайтан өрнек, Періште төменшіктеп, қайғы жемек, Өзімнің иттігімнен болды демей, Жеңді ғой деп шайтанға болар көмек». Бұндағы рәміздік таным-түсінік: «Періште» мен «шайтанның» қатыстырылуы арқылы адамды азғырушы, рухани жолдан тайдырып, нәпсіқұмарлыққа жетелеуші образдардың үстемдігі оның саналы әрекетін тежеуші және ырқын билеуші. Періште – саналылық, парасаттылық, руханилық аймағына сәйкес келетін адамның өзін-өзі арнайы, ырықты түрде билей алуының құралы ретінде бағамдалады.
Абайдың махаббат философиясы да өзіндік айрықша көзқарастар түзілімін құрайды, сезімдік сананың ақиқаттылығы мен махабаттың жалпы әмбебаптығын онтологиялық тұрғыдан дәйектейді. Сонымен қатар тарихи-әдіснамалық үлгілер дәстүршілдік дүниетанымды қамтиды. Рәміздік-архетиптік түсініктер, эпостық-архаикалық дәстүрлер «Жазғытұры» өлеңіндегі: «Күн – Күйеу, жер – қалыңдық сағынысты, Құмары екеуінің сондай күшті»,-деген жолдар байырғы «Көк Тәңрі мен Ұмай ана» жұбының канондық сабақтастығын әйгілейді.
Шәкәрім Құдайбердиев батыстық философиялық ойтолғамдарға бет бұрып, философия тарихын меңгергендігі оның «Үш анық» еңбегінен анық байқалады. Философия тарихындағы әртүрлі ағымдарды, мистика мен оккультизмді тұтас саралай келе, өзіндік қазақи таным бойынша – ұжданды орталық түсінікке шығара отырып, оның түпнегіздік деңгейін саралайды. Ол онтологиялық-космологиялық мәселелерді де ұлттық таным түсінік бойынша еркін саралайды. Мәселен, «Нұр Жарық. Нұр Күннен, не оттан шықса да, жан-жағының бәріне күлтеленіп шығады»,-деп жалпы Нұрдың жаратылыстанулық қырын зерделейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет