Бірінші – жүзеге асыру мерзімі: онда кері қарай үдеріс жүреді, яғни,
Үшінші мерзім – жобаның басталуы мен аяқталуының бірлігі, яғни
жоба идеясы мен оның орындалу бірлігі. Жоба – идеясыз, идея – жобасыз
бола алмайды.
Төртінші мерзім – жобадан тыс оқиғалардың өз ретімен орындалу
мерзімі, тәртібі. Мысалы, сабақ өз ретімен сол уақыт ішінде өтіп жатады,
түрлі өмірдегі оқиғалар өз уақытымен алға қарай жылжып жатуының
көрінісі.
Осы мерзімдер жобалаушылардың уақытын белгілей білуі,
қадағалай білуі және уақытты басқара білуі қажеттігін көрсетеді. Жобалауға
әдетте бір емес, бірнеше адам топ болып қатысатындықтан олар өзара келісе
білу, ортақ әрекеттер жасай білу, уақытты өлшей, есептей білу қажет
болғанда кейбір тұстарын өзгерте білу, уақытқа сыя білу қажеттіктері де
туындап отырады.
Ал, өмірдің заңдылығына сәйкес әрбір әрекет үшін бөлек уақыт
берілмейтіні, барлық әрекеттер, соның ішінде, жобалар да бір уақытта
орындалатын болғандықтан, оқушыларға мектеп қабырғасынан осы
сапаларды қалыптастыру өте маңызды. Оны білім берудегі жобалау әрекеті
барысында жүзеге асыруға әбден болады.
Жобалау барысында кеңістіктегі әрекет, белгілі бір уақыт ішіне
сыятын әрекет жасау дағдылары қалыптастырылады. Бірақ ол әр жастағы
оқушыларда әр түрлі дамытылады. Мысалы, бастауыш сыныпта жобалау
тапсырмаларын келесі сабаққа емес, келесі аптаға орындауға мүмкіндік
берген дұрыс болады. Осындай жұмыстар арқылы оқушының өз жұмысын
осы мерзімге дейін орындауды жоспарлауға үйретіледі. Егер осы аралықта
ата – ана, аға – апалары көмек беретін болса тіпті жақсы, бірақ оны барлық
отбасылардан бірдей күтуге болмайтыны аян.
Жобаны белгілі бір мерзімге созып бере отырып, педагог оның
аяқталу мерзімімен қатар, аралық нәтижелерді анықтайтын уақытты да
белгілеуі тиіс. Осы аралық тексерулер кезінде оқушы жобасындағы
олқылықтар мен қиындықтар анықталады, үлгермей жатқан тұстары
түзетіледі. Бұл сыныптардағы жобалар мен шығармашылық жобалар немесе
микрожобалар түрінде ғана емес, белгілі бір пәнді оқыту барысындағы оқу
материалдарын игеруін бақылау бағалау әрекеттері де жоба түрінде
орындалады. Бастауыш сыныптағы жобалау әрекеттері осындай жеке
тапсырмаларды ретінде басталады.
Жоғары сыныптарда да жобалау арқылы оқушылардың өз
уақыттарын меңгеру және оны басқару әрекеттеріне үйрету мақсаты
қойылады. Соған орай, оқушылардың жобасы түгелдей оқушылар ғана
қатысатын жоба болуы мүмкін емес. Оны үнемі мұғалім басқарып отырады,
бірақ оны оқушылар байқамайтын етіп ұйымдастыра білу де шеберлікті
қажет етеді. Сондай – ақ, кеңес беруге арналған арнайы уақыт та белгіленеді.
Ол оқушыға көмек ретінде ұйымдастырылғанымен, мұғалім үшін
мониторинг, яғни үнемі қадағалап, түзетіп отыру үшін қажет болады.
Жобалау әрекетінің нақты мерзімде орындалуын қадағалау және
талап ету ондағы шығармашылықты дамытуға кері ықпал етеді деушілер де
бар. Әрине, педагог жобаны басқара отырып, қажет болған жағдайда
қосымша уақыт бере алады, ал қажет болса қатаң түрде белгіленген мерзімде
аяқтауды талап ете алады. Бұл жерде қабылданатын шешім түрлі
жағдайларды ескеретіні сөзсіз.
Жобаның орындалу мерзімі бір – екі күннен 1 айға дейін, келесі
тоқсанның аяғына дейін деп те жоспарланады. Бір тоқсан бойына орындау –
бұл оқушылар жобасының ең ұзақ түрі. Бұл жағдайда жобалау бірнеше
кезеңге бөлінеді: жобалау идеясын құрастыру кезеңі; орындау кезеңі;
күтілетін өнімді дайындау кезеңі. Әрбір кезеңнің өзі бір – бір жоба болады,
өйткені оның басталуы, жүзеге асырылуы, нәтижелік беруі. Әрбір кезең өз
алдына бөлек рәсімделіп отырады.
Бірақ жоғарғы сыныпта жобалар жарты жыл көлемінде де созыла
алады. Оның да аралық кезеңдері беріледі: жоба идеясын презентациялау,
кеңес беру, алдын ала қорғау, қорытынды презентация. Қалай болғанда да
жобалау барысында уақыт факторы өте маңызды роль атқарады.
Қорыта келгенде, жобалау әрекеті оқушыларды өз уақытын пайдалана
білу, оны басқару қабілеттерін қалыптастыратын нақты әрі тиімді құрал
болып табылады. Өйткені, жобалау әрекеті барысында оқушылар нақты
уақыт ішінде өмір сүретінін, оны пайдалану қажеттігін түсіне отырып, өз
бойында жаңа сапалардың бірі – проблеманы шеше білу қабілеттерін дамыта
алады.
Достарыңызбен бөлісу: