Ғылыми танымға сүйенетін модельдеу талдауға құрылса,
көркемдік модельдеу – жаңадан жасауға, қайта құруға негізделеді. Ғылыми
модельдеуде құбылысты бір қырынан сипаттауға болатын болса, көркемдік
модельдеу құбылыста тұтас қамтиды. Сондай – ақ көркем модельдеуде
жобалық өнім ғана емес, оның авторы да маңызды рольге ие болады.
Ю.И.Лотманның айтуынша «автор модель жасағанда өзінің ой – санасының
жетегімен әрекет етеді және модель оның дүниетанымы мен өмірге
көзқарасы негізінде құрылады. Сондықтан, көркемдік модель де екі
обьектінің – құбылыстың және автор тұлғасының моделі» бола алады.
Көркемдік модельдеу барысында құбылыстың сұлбасы немесе
формуласы арқылы ғана сипаттауға кейбір құбылыстардың күрделігі
мүмкіндік бермейді. Соған орай, оқушылардың жобалауында сол құбылысқа
олардың көзқарасын білдіретін модель жасау ыңғайлы және шығармашылық
еркіндік береді. Осындай әрекеттер арқылы оқушыны қарастырылып
отырған белгілі бір пәндер шеңберінен шығып, жобаны кеңінен қарастыруға
да жағдай туғызылады. Бұлар оқушылардан нақты пәндер талап ететін қатаң
шешімді ғана емес, өз бетіндік әрекеттерін дамыту арқылы өзінің
құралдарын, әдістерін құрастыруға да еркіндік алады.
Оқушылар жобасының мәнісі, сипаттамасы неде, яғни
жобалаудың ерекше қызметі ретінде сипаттайтын белгілері:
- идеясы, түпкі ойы болуы:
- жүзеге асыру жолы болуы;
- нәтижесі белгіленуі, орындалуы;
Жоба – белгілі бір уақыт аралығында орындалатын, нақты мақсатты
орындауға бағытталған әрекет. Жобалау өнімі міндетті түрде қалыптасқан
жағдайды өзгертуге ықпал етеді деп күтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: