және пәндік құзыреттерді кіріктіру арқылы күтілетін нәтижелерді анықтау
қажеттігі» және «түйінді құзыреттер әр білім саласының алатын орнына
сәйкес пәнаралық сипаттағы қабілеттер ретінде алдымен оқу пәндері арқылы
қалыптасып, дамитыны» атап өтіліп, түйінді құзыреттерге: ақпараттық,
коммуникативтік, проблемалардың шешімін табу құзыреттері жатады
делінген.
Коммуникативтік
құзыреттілікті
қалыптастыру.
Жобалау
арқылы қарым – қатынас белсенділігін арттыруға болатыны сөзсіз. Бірақ
жобалаудың мәнін тек қана коммуникативтік қатынастардан құралады деп
есептеу оның шеңберін тарылтып, оны оқушылардың әңгімелесе білу
диалогын ұйымдастыру немесе жазбаша қарым – қатынасын дамытумен
шектейтін болады. Дәстүрлі оқытуда оқушылардың өз ойларын еркін
білдіруге жағдай туғызылуы төмен деңгейде, олардың беретін жауаптары
мен күтілетін жауаптарының мазмұны әдетте белгілі болып келеді. Оқушы
сол өзінен күтілетін жауапқа ғана даярланады. Оның бір жағынан тиімділігі
– оқушының сөйлеу әрекетін құру жүйеленеді, белгілі бір нормаға жауап
береді және оны бақылауға және бағалауға болатыны – болса, екінші
жағынан, кемшілігі – оқушыға өз ойларын жеткізу мүмкіндігі шектеулі,
еркін ойлау мен пікір білдіруге жағдай туғызылмайды.
Жасөспірімдердің бір – бірімен қарым – қатынасы осы жаста
өзгере бастайды, олар үшін қарапайым қатынас жеткіліксіз, өйткені
коммуникация арқылы оларда өздерін көрсетуге, дәлелдеуге қажеттік пайда
болады.
Жобалау әрекеті осы қарым – қатынас мәдениетін сапалы
дамытуда белгілі бір роль атқарады.
Жобалау барысында айырмашылығы көп байқалмайтын
коммуникацияның екі түрлі қыры бар екенін айта кету керек. Олар:
қарым – қатынас барысында ауызша және жазбаша сөйлесу;
топтық қарым – қатынасқа түсу;
Осы екі қыры тәжірибе барысында бір – бірімен бірігіп кететін болса
да, оқушылардың жобалау әрекетін ұйымдастыру және талдау кезінде
оларды ажыратып қарастыру қажет болады.
Оқушылар білім берудің әрбір кезеңінде өз бетімен ауызша және
жазбаша өз ойын білдіре білу дағдыларын меңгеруі қажет және әрбір білім
беру ұйымы оны міндетіне алуы тиіс. Бұл – коммуникативтік құзіреттілік
деп аталады.
Коммуникативтік құзіреттілік – мәтінді, белгілі бір ойды түсінуі
және түсіндіре алу қабілеті – барлық пәндерде де, барлық оқыту
кезеңдерінде де қалыптастырылады.
Коммуникативтік құзіреттілік оқушының мәтінді не белгілі бір
ойды түсіну, игеру барысында төмендегі әрекеттер жасай білуін білдіреді:
- мәтіннің, ойдың, немесе ақпараттың мазмұнын түсінеді, игереді,
меңгереді;
- оны басқаша құрастыра алады, немесе берілген мазмұнды
жаңаша түрге ендіре алады;
- мәтіннің, ойдың, ақпараттың мақсатын құрастыра алады;
- мақсатты жүзеге асыру үшін қандай амалдар мен құралдар
қолданылып тұрғанын анықтай алады;
- мәтіннің, ойдың, ақпараттың кімге арналып тұрғанын анықтай
алады;
Мәтінмен, ақпаратпен жұмыс жасауда оның үш негізгі сипаттамасын
ескеру қажет. Олар:
мәтіннің мазмұны;
хабарлау түрі;
адресаты (кімге арналғаны);
Коммуникативтік қатынас 2 түрде – ауызша және жазбаша түрде
қалыптасады, олардың өз алдына ерекшеліктері бар және оны дұрыс
қалыптастырудың өзіндік назары мен әдістері сақталуын қажет етеді.
Коммуникативтік қатынасты қалыптастыру және дамытуда
белгілі бір сабақтастық ұстанымы болады. Атап айтқанда, бастауыш
сыныпта негізгі салынған коммуникативтік компоненттер негізгі мектепте
бекітіледі және ол компонентті күрделендіре дамыту одан арғы жоғары
сыныптарда жүзеге асырылады. Коммуникативтік қатынасты жобалау
арқылы дамытудың тиімділігін көрсете отырып, бұл тек осы әрекеттің
негізінде ғана жүзеге асырылады деп түсіну де қате пікір екені ескеру керек.
Сондай – ақ, коммуникативтік қатынасты дәстүрлі оқытуда қалыптастыруға
болады. Бұл белгілі бір ақпарат форматындағы жұмысты қамтиды. Мысалы,
зертханалық жұмыстың қорытындысын жазу, шығарма, мазмұндама, т.б.
жұмыстар.
Түрлі форматтағы ақпарат немесе мәтінмен жұмыс жасай
отырып (мыс, ғылыми мақала, эссе, интервьюге жауап беру, т.б.) оқушы
оның талап ететін үлгісін сақтап үйренеді. Өйткені, еркін жазу форматын
қажет етпейтін жұмыс түрлерін игеру де маңызды үрдіс. Оны игеру өзі үшін
тәжірибеде пайдағы асатын болады, атап айтқанда, түрлі конкурстарға
қатысу үшін қажетті үлгіні сақтау, рецензия жаза білу т.б.
Мәтіннің мазмұны мен түрін еркін таңдау негізінен жобалау
әрекетіне қатысты. Жоба жасау жеңістігі еркін қатынасты да,
регламенттелген қарым – қатынасты да орындауға мүмкіндік береді.
Мысалы, жоба идеясын талдау барысында өз ойларын жеткізу үшін
оқушылар еркін, эмоционалдық, шығармашылық, тіпті слэнг түрінде де
қарым – қатынаста бола алды. Бұл жерде регламенттеу тәртібі тақырып
аясын шектеу үшін ғана қажет бола алады.
Жобалаудың аталған идеяны талдау кезеңіне қарама – қарсы –
жоба аяқталған соң, оны презентациялау кезеңі тұр. Оның талаптары
регламенттерді – презентациялаудың (ауызша, не жазбаша), уақыт
шектеуінің, аудиториялардағы түрлі топтар (оқушылар, мұғалімдер, ата –
аналар т.б) мүдделеріне жауап берудің, т.б. – сан талаптардың ескерілуін
міндеттейді.
Жасөспірімдер үшін ақпараттық құзіреттіліктері (жалпы білімдік
Достарыңызбен бөлісу: |