«Жоспарлау». Ол әрекеттің перспективасын белгілейтіндіктен, бір
жағынан, жобалауға ұқсайды, жоспарда іс әрекеттер уақытқа қатысты
құрылымданады, жауапты орындаушылары, есеп беру түрлері көрсетіледі.
Педагогикалық жүйе ретіндегі білім беру ұйымдарының жоспары жобаның
құрамдас бөлігі де, немесе, басқару қызметінің өз алдына бөлек құралы
ретінде де бола алады. Ал, стратагиялық жоспарлар уақытпен шектеліп
қоймай, онда болашақта қол жеткізілетін нәтижелер мен оның белгілі бір
сипаттамалары беріледі.
«Бағдарлама». Оның негізгі белгілері жобалауға ұқсайды, мысалы,
әрекеттің мақсаты мен принциптерін, нәтижеге жету үшін іс - әрекеттің
белгілі бір алгоритммен орындалуы, ресурстары белгіленуі. Тәжірибе
барысында белгілі болғандай, белгілі бір бағдарлама жобалау барысында
іске асырыла алады, немесе, белгілі бір бағдарлама шағын жобалау қызметін
қамтуы да мүмкін. Бірақ, бағдарламада маңызды болып табылатын
алгоритмдеу жобалау үшін міндетті емес, өйткені онда түрлі тәуекелдердің
болу мүмкіндігі ескеріледі.
Педагогикалық жобалаудың міндеттері:
− жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы проблеманың
пайда болуы мен сипаттамасын жасау;
− проблеманы шешудің түрлі жолдарын қажеті ресурстары және
жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау тұрғысынан іздестіру;
− мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолды таңдау және оны жобалық
рәсімдеу;
− жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері мен оны жүзеге
асырудың материалдық- техникалық, қаржылық, құқықтық-нормативтік
шарттарын белгілеу;
Проблеманы айқындау дегеннің өзі осы мақсатты көздейтін бұрыннан
бар амалдардың белгілі бір себептермен нәтиже бермейтінін белгілеу,
немесе, жаңа ситуация пайда болғанын мойындау. Жаңа ситуацияға сай
өзгерістерді жүзеге асырудың мақсаты мен міндеттерін анықтау арқылы
жобалаушы келесі кезеңге өтеді. Бұл кезеңде төмендегі жұмыстар
орындалады: жағдайды талдау, шектеуліктерін белгілеу; талдау арқылы
қалыптасқан жағдай мен күтілетін жағдай арасындағы қайшылықты
белгілеу;
Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды қарастыру
аясын шектеп алу қажет, ол үшін проблемаға қатысы бар субъектілерді,
қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық тудырып отырғанын белгілеу,
қиындықтың мәнісі неде екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын
алу себептерін анықтау қажет. Талдау пәніне қарастырылатын
педагогикалық жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы, қызметі,
байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты сипаттамалары жатады.
Бұл жұмыстардың барлығы жобалау алды зерттеу кезеңін құрайды.
Жобалау барысында зерттеу әрекеттерінің жүргізілуі міндетті, өйткені,
проблеманы айқындау және оны шешу жолдарын ұсыну үшін педагогикалық
жүйеге қатысты ішкі және сыртқы орта жағдайларын, әлеуметтік
топтар мүддесін, т.б. ескеру, жүйенің болашақ бейнесін тұтастық
тұрғысынан қарастыру қажет.
Жобалауда түпкілікті нәтиженің параметрлері, жаңа сапалық белгілері
әуелі оймен құрастырылып, бастапқы жағдайдағы проблеманы белгілеу,
оны шешу әдістерін айқындау мақсаты қойылады. Проблеманы белгілеу
барысында жоба мазмұнына қатысты оны бөліктерге бөліп те, тұтастық
ретінде жинақтап та қарастыруға болады (Кесте 5). Жобаны құрастырудың
жалпы логикасын төмендегідей көрсетуге болады:
Кесте 5 – Жоба құрастырудың жалпы логикасы
Проблеман
ы анықтау
Мақсат қою
Шешу жолдары мен құралдарын
таңдау
Проблема
Проблема
Мақсаты Міндет
-
тері
Әдістері
(іс–
әрекеттер
мазмұны,
іс–
шаралар)
Ұйымдастыру
түрлері
мен
қатысушылар
Ресурстар
құралдар
Орындалатын іс – әрекеттер жүйесі
Осылайша, педагогикалық жүйені дамытудағы проблеманы анықтау,
мақсат қою, шешу жолдары мен құралдарын таңдау, жобалауды мазмұндық
қамтамасыз ету шараларының жиынтығы жобалау қызметінің құрылымы
мен алгоритмін қалыптастырады. Орындалатын іс - әрекеттер жүйесі
жоғарыда берілген бөлікте жобалау қызметін жүзеге асырудың логикалық
жүйесін көрсетеді. Жобалау және жобаны жүзеге асыру ойлау әрекетінің екі
бағытын көрсетеді, бірақ, оны басқарушы жобалау қызметінің тікелей
орындалатын алгоритмін ғана емес, оны жүзеге асырудың логикасын ойша
түрде «кері қарай» құрастыру арқылы түпкілікті нәтижені модельдеу, ол
үшін жоспарланып отырған әдіс - тәсілдердің тиімділігін, ресурстарының
жеткіліктілігін есептей алуы қажет.
Жобалауға қажетті ресурстардың анықталуы оның орындалу
мүмкіндігін көрсетеді. Ресурс (франц. ressource – қосымша құрал),
қаржылар, құндылықтар, мүмкіндіктер және бюджеттің кіріс бөлігі.
Ресурстар экономикалық (материалдық, қаржылық); әкімшілік (құқықтық,
биліктік); психологиялық (интеллектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық);
табиғат (климаттық) және басқалар болып бөлінеді. Белгілі бір әрекетті
орындауда пайдалануға болатын нәрселердің барлығы да ресурстарға
жатқызылады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалауға қажетті ресурстары
қатарында білімдік, ақпараттық, материалдық-техникалық, қаржылық және
адам ресурстары жатқызылады. Осыған сәйкес кез деңгейдегі
педагогикалық жүйе аталған ресурстардың біріне жауап беретін, басқаратын
белгілі бір бөлімшелер, немесе бөлімдерден құралады.
Қалыптасқан тәжірибеде жоғары оқу орнының проректорлары оқу
және әдістеме жұмыстары, ғылыми - зерттеу жұмыстары, тәрбие беру және
жастар ісі бағыттарындағы салалардың қызметі үшін, кадр бөлімі
профессорлық
-
оқытушылық
құрамдағы,
басқару
-
әкімшілік
қызметкерлерден тұратын адам ресурстары үшін, есеп бөлімі қаржылық-
экономикалық ресурстар үшін, шаруашылық бөлімі материалдық-
техникалық ресурстар үшін жауап береді. Осыған ұқсас тәртіп мектептер
мен орта кәсіби оқу орындарында да қалыптасып, мектеп директордың
орынбасарларының, бөлім басшыларының әрқайсысы жауап беретін
салалары белгіленген. Олардың әрқайсысының құзырлылығы өз саласы үшін
жауапкершілікпен ғана шектеледі, олар өз жоспарларына сәйкес өз
ресурстарын дамыта отырып, бір-бірімен қатар, көлденең түрдегі қарым
қатынаста қызмет етеді.
Бұл жағдайда жүйе басшысының (ректор, директор, т.б.) міндеті –
барлық бөлімдердің өз бағытында қызмет етуіне қолайлы жағдайлар жасау.
Сонымен қатар, ол ортақ мақсатты орындау қажет болғанда барлық
құрылымдық бөлімдердің қызметін бір - бірімен байланыстыру арқылы
ұйымдастырады.
Педагогикалық жүйелерді басқарудың осы классикалық сипатында
берілген ортақ мақсатты орындауға қажетті барлық ресурстарды жүйені
басқарушы тікелей өзі ұйымдастырып, сала басшыларының атқаратын
міндеттерін бөліп береді, ресурстардың жұмсалуын өзі қадағалайды.
Төмендегі 9-суретте осы жағдайдың көрінісі бейнеленген.
Сурет 9 – Педагогикалық жүйелерді басқарудың классикалық
сипаты
Енді осы мәселеге басқарудағы жобалау қызметін ұйымдастыру
тұрғысынан келетін болсақ, бұл құрылым өзінің мәні жағынан дәстүрді
басқарудың құрылымдық–қызметтік иерархиясына қарама– қарсы тұрғанын
көруге болады.
Төменедгі 10-суреттен көрініп тұрғандай, ресурстар легі жүйені
басқарушының айналасына емес, нақты мақсатқа қарай бағытталып, сол
нүктеге шоғырландырылған. Бұдан жобалау қызметінің барлық ресурстар
легі мен олардың қозғалыс бағыты күтілетін нәтиже – мақсатқа қатысты
анықталатын басқарудың ерекше қызметі екенін анықтауға болады.
Осы өзгеріп отыратын мақсаттар нүктесі белгіленген мақсатты
жүзеге асыруға барлық ресурстарды жоспарлы түрде белгілі бір тәртіппен
жұмылдырылады. Жүйені басқаушының міндеті – мақсаттарды ұйым
мүшелерімен бірге нақтылай отырып, оны жүзеге асыруға жүйенің барлық
компоненттерін жұмылдыру, оларды ресурстармен жеткіліктілік және
қажеттілік принциптері негізінде қамтамасыз ету.
Мақсат
Жүйені
басқарушы
Р
Е
С
У
Р
С
Т
А
Р
Сала басшылары,
қызметкерлер
Сала 1
Сала 2
Сала 3
Сурет 10 – Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалау қызметі
Айта кету керек, басқару теориясы туралы еңбектердің көпшілігі
классикалық басқару жағдайында түрлі ресурстармен қызмет ететін
бөлімдердің өзара қатынасы проблемасына арналған, солай бола тұра, бүгінгі
күні осы түрлі міндеттер атқаратын бөлімдердің қызметін, өзара байланысын
тиімді ұйымдастыру проблемасын шешу жолдары көптеген зерттеушілер
үшін өзекті мәселе болып қалуда. Біздің ойымызша, аталған проблеманы
шешу жолдарының бірі – осы жобалау қызметін ұйымдастыру.
Жобалау арқылы педагогикалық жүйелерді дамыту іс -әрекеттері
белгіленгеннен кейінгі мәселе – жобалау ресурстары мен оны
Достарыңызбен бөлісу: |