адамдардың шағын тобы. Олар өздері жауап беретін жұмыстарының мақсаты
мен стратегияларын өздері бірлесіп құрастырады» деп анықтаған.
Командалардың өзге адамдар тобынан айырмашылығын төмендегідей
көрсетуге болады:
− олар келісіп істеуді және басқаруды қажет ететін нақты мақсатты
шешу үшін құрылады;
− олар қажет жағдайда жеңіске жету үшін құрылады;
− команда мүшелерінің қызметі өзара алдын ала бөлінеді;
− шағын топтар құрамы негізінен уақытша сипатта болады;
− қандай басқару стилі болса да шағын топтар иерархиялық
құрылымда болады.
Осылайша, бір жағынан, жобалау қызметі басқарудың құралы
болады, келесі жағынан, жобалаудың өзі басқаруды қажет етеді. Осы
тұрғыда жобалаудағы ұйымдастырушылар, немесе басқарушылардың
құзыреттілігі туралы проблема пайда болады.
Білім берудің жаңа нәтижелерін қамтамасыз ететін педагогикалық
жүйелерді басқарудың аталған проблемаларын шешу оның құрылымдары
мен компоненттерін қамтитын ұйымдастырушылық өзгерістер жүргізуді
қажет етеді. Бұл өзгерістер мәні белгілі бір жүйені күтілетін жүйеге
сәйкестендіру үшін: 1) іс жүзіндегі жүйенің белгілі бір қызметін өзгерту;
2) оны күтілетін жүйе деңгейіне жеткізетін жаңа сипатты жүйе құрастыру;
3) іс жүзіндегі жүйеден күтілетін жүйеге өту процесін жоспарлау; 4) шешімді
жүзеге асыру - логикасында жүзеге асырылады.
Жаңа қоғамда адамның өз әрекетін ұйымдастыра алуы оның табысты
өмір сүруіне қажетті өзіндік ресурсы болып саналады, ол дамыған сайын
адамның тәжірибесіне еніп, өзін - өзі сарқылмас капиталға айналдыратын
өмірдің басты мазмұнына айналады. Сондықтан, субъектінің өзіндік әрекетін
ұйымдастыра білу, оның өздігінен білім алуына мүмкіндік туғыз
жобалаушылық құзыреттіліктерді дамытуды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: