14-семинар.
Педагогикалық
жобалауға
қатысушыларға
қойылатын талаптар. Жобалау мәдениеті.
Білім беру ұйымдарында қоғам мен әлеумет сұраныстарына жауап
беру үшін жүйелі инновациялық өзгерістер қажеттігі дәстүрлі басқару
мазмұны мен басқару әрекеттерін өзгертуді талап етеді. Соған орай
басқарушылардың іс – әрекет мазмұны мен бағыттарын, басқару тетіктері
мен ресурстарды пайдалану жолдарын, әдістерін өзгерту қажеттігі
туындауда. Дәстүрлі қызметтік басқаруда ұйымның дамуын қамтамасыз
ететін негізгі ресурстар ретінде қызметтік –жоспарлау, материалдық –
техникалық, қаржылық және әкімшілік ресурстарға басымдылық беріліп,
адам ресурстарының ұжымды дамытудағы ролін тиісінше бағаланбай
келгені белгілі. Бұл жерде адам ресурстары ретінде басқару субъектілері
(басқарушылар мен басқарылушылар) де, білім беру субъектілері
(педагогтар мен білім алушылар) алынып отыр.
Бүл үрдіс білім беруді басқаруда ғана емес, жалпы бизнесті басқаруда
ғасырлар бойы қалыптасып келді, өйткені, өндірісті тиімді басқару
өнеркәсіпті жетілдіруге, сапалы өнім шығару жолдарын жақсартуға
бағытталып, басқарушылардың құзыреттіліктері осыған байланысты
бағаланып келгені белгілі. Ол туралы Гарвард университеті ғалымдары «осы
күнге дейін ең жоғары деңгейдегі басқарушының бейнесі мықты стратег
ретінде қалыптасты, өйткені, олар бизнестің синергетикасы мен
стратегиялық инвестицияларды байланыстыруға күш салуда. Ал қазіргі
қоғам талабы бойынша олар өз ұйымдарының даму перспективасын
анықтауға ерекше күш салуы тиіс» деген.
Бұл басқаруда стратегияның қажеті жоқ деу емес, тек стратегияның
ғана болуы жеткіліксіз деген сөз. Стратегия қаншалықты дәл құрылып,
орындалуы нақты қадағаланса да, ол ұжымдағы адамдарды өз жұмысының
тиімділігін арттыруға жұмылдыра алмайды. Өйткені стратегия «не істеу
керек?» басқарушылар үшін маңызды деген сұраққа жауап бергенімен, «оны
неліктен істеу керек?» орындаушылар үшін маңызды сұраққа жауап бере
алмайды. Сондықтан, бүгінгі басқарушылар алдында қарауындағы
адамдардың күнделікті қызметтік міндеттерін орындауын қадағалау ғана
емес, өзінің ұйымына шын берілгендікпен қарай білуін, ұйым алдындағы
мақсатты орындауға деген жауапкершілігін жоғарылату жолдарын
ұйымдастыру міндеті тұр. Көптеген шетелдік басқару теориясында, соның
ішінде, білім беру ұйымдарының болашақ өзгерістерін анықтау және оны
жүзеге асыру үшін педагогикалық ұжымдағы адам ресурстарын дамытудың
қажеттігі, ол басқарушылардың белгілі бір құзыреттілігін талап ететіні
туралы жаңа көзқарастар қалыптасуда. Жаңа құзыреттілік сапаларын білім
беру құндылықтары өзгеруімен, өркениеттің дамуымен, ғылымдағы
парадигмалық өзгерістермен байланыстыра қарастыратын зерттеулер пайда
болуда.
Білім берудегі «құзыреттіліктер», «түйінді құзыреттіліктер» деген
ұғымдар халықаралық деңгейде жаңа нәтижелер ретінде қарастырылып,
көптеген елдерде стандарттары мен білім беру бағдарламаларына енгізілуде.
Білім берудің сапасын дамыту туралы ЮНЕСКО құжаттарында
күтілетін нәтиже ретінде жалпы қарастырылатын құзыреттіліктер
белгіленген. XXI ғасырдағы білім беру туралы «Білім беру: әлі ашылмаған
қазына» атты Халықаралық комиссияда жасалған Жак Делордың
баяндамасында қазіргі білім берудің сүйенетін төрт тұғыры бар, олар:
танып үйрену; жасап үйрену; бірлесіп өмір сүруді үйрену; өмір сүруді
үйрену» деп белгіленген.
Бұлар халықаралық білім беру құзыреттіліктері ретінде анықталып
отыр. Жак Делордың айтуынша, олардың бірі – «жасап үйрену деген тек
кәсіби біліктілік алу үшін емес, одан әлдеқайда кең мағынадағы, өмірдегі
түрлі жағдайлардан жол табатын, басқа адамдармен бірлесе жұмыс жасауға
мүмкіндік беретін құзыреттіліктерге ие болу».
Джон Равеннің зерттеулерінде 30 –дан астам құзіреттіліктер талданған,
олардың ішінде құзыреттіліктердің өзі де, оларды құрастыратын
компоненттер
де
қарастырылған.
Құзыреттіліктердің
төмендегідей
сипаттамалары бар:
– өз құзыреттіліктерін көрсетуге даярлық (мотивациялық жағы);
– құзыреттіліктердің мазмұнын меңгеру (когнитивтік жағы);
– түрлі стандарттық және стандартқа сыймайтын жағдайларда
құзыреттіліктерді көрсету тәжірибесі (іс әрекеттік жағы);
– құзыреттіліктердің мазмұнына және оны қолдану объектісіне
қатынасы (құндылықтық-мәндік жағы);
– құзыреттіліктерді көрсету нәтижесі және үрдісті эмоциялық –
еріктік реттеу жағы.
Сонымен қатар, Джон Равеннің құзыреттіліктердің өзін және олардың
компоненттерін талдаған зерттеулерінде әрбір компоненттің ерекше жақтары
(аспектілері) көрсетілген. Олардың негізгілері ретінде мотивациялық,
Достарыңызбен бөлісу: |